• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Қытайдағы қазақ тілі

04 Қаңтар, 20121378724


Үрімшіде жергілікті қазақ журналистерінің бірі Қазақстан басшылары қатысқан жиында өзінің қазақ тілінің жарамсыз екендігін түсініпті. Ал бір жарым миллион ғана қазақ тұратын Қытайда істі болған жерлесіміз қазақ тілін білмегеніне алғаш рет қатты өкінгенін айтты.

Қытайдағы қазақ әріптесімді қытай компаниясы өткен айдың бас кезінде Үрімшіде өткен «Қытай Еуразия» халықаралық көрмесіне қазақ тілінен тілмәш ретінде шақырады. Оның айтуынша, бұл жиынға вице- премьер Әсет Исекешев бастаған Қазақстаннан бір топ жоғары лауазым иелері қатысады. Алайда, көрменің салтанатты жиынында олардың барлығы тек қана орыс тілінде сөйлейді. Сондықтан қазақ әріптесімнің аудармашылық қызметінің де қажеті болмай қалыпты. «Бір жарым миллион қазақ тұратын осы өңірде олар бір ауыз қазақша лебіз білдіреді деп күткен едік. Олар неге қазақша сөйлемейді?! Қытайда «Қазақстаннан ресми делегация келеді» десе, орысша аудармашыны іздей бастайды. Бұл қазақ тілінің беделін көтермейді!» - деп намыстанды Қытайдың қазақ тілді журналисі.

Сыртқы істер министрінің қатысуымен Бейжіңде қытай тарапы өткізген халықаралық жиындарда төрде ілінген сөздердің бәрі тек екі тілде: қытай және орыс тілдерінде ғана жазылған. Көрші ел Қазақстанды орыс тілді ел ретінде қабылдайтыны анық. Тіпті қалта телефонына Қазақстаннан келіп түскен қоңыраулар да «Russia» деген жазумен шығады.

Бәлкім, қазақ тілі шынымен халықаралық саяси, экономикалық кеңістікте қолдануға келмейтін шығар?! Бірақ былтыр Палермоға Қазақстанның парламенттік делегациясын бастап барған Қуаныш Сұлтанов ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблея президентімен қазақ тілінде келіссөз өткізгеніне куә болдық. Сонда Италияда қабілетті қазақ тілін Қытайда жарамсыз еткен не?

Қытайға анда‑санда келіп кететін қазақстандық шенеуніктерге мемлекеттік тілдің шетелдегі қолданысы маңызды болмаса да, жергілікті қазақтар үшін ана тілі – қажеттілік. Үрімшіде автокөлік жүргізушісі болып істейтін Зиядан қазақтар өзара тек қазақ тілінде сөйлесетіндерін айтады. «Біздің арамызда да мектепте қытай тілінде білім алғандар көп. Бірақ өз ішімізде қытай тілінде сөйлеп қалса, дүрсе қоя береміз. Сондықтан, олар қазақ тілінде сөйлеуге мәжбүр», - деп күледі Зияда. Қазір Үрімшіде толықтай қазақ мектебі жоқ, бірақ үйде қазақша сөйлеу – бұлжымас дәстүр. Ұлы Абайдың суретін Үрімшідегі қарапайым қазақ дәмханаларынан да көруге болады (суретте – ред.).   

Дегенмен, қазақ тілін білмегеніне қатты өкінген қазақстандықты өз жерімізден емес, Аспан асты елінен кездестірдік. Қытайда қамауға алынып, кейін босатылған Владимир Шусттың жұбайы Виктория Осадца: «Қазақ тілін білмеу - Қазақстандағы орыс тілділер үшін үлкен осалдық! Мен қазақ тілін 40 пайызға білсем де, оның жеткіліксіз екендігін осында түсіндім. Егер қазақ тілін білсем ғой, бұл маған соншалықты, қатты көмектесер еді!» деп бармағын тістеді (суретте – ред.).

«Араша-ақпарат»

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>