• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Т.ӘСЕМҚҰЛОВ ШЫҒАРМАЛАРЫ ҚЫТАЙДА ЗАҢСЫЗ БАСЫЛДЫ

07 Сентябрь, 20167490


Суретте: Қытайдың "Шыңжаң халық" баспасынан заңсыз, рұқсатсыз басылып шыққан Т.Әсемқұловтың "Талтүс" романының мұқабасы

Өзін бес мың жылдық шұғылалы мәдениеті бар байырғы ел ретінде көрсететін көрші Қытай елінің кітап шығару, баспа мәдениеті қалыптаспаған секілді. Әдебиеті мен мәдениеті дамыған ел саналатын көршіміздің мәдениетсіздігі қазақ оқырмандарының ашуын тудырып отыр. Себебі, Үрімші қаласындағы «Шинжияң халық баспасы» атты мемлекеттік баспа қазақ жазушысы Таласбек Әсемқұловтың «Талтүс» романын ешқандай заңды рұқсат алмастан басып шығарған.

Таласбек Әсемқұлов – еліміз оқырмандарына аса танымал жазушы, кинодрамматург, күйші және мәдениеттанушы. Оның шығармалары еліміз ғана емес, күллі әлем қазақтары іздеп жүріп оқитын шығармалар қатарында. Көрші елдің мемлекеттік баспасы осыны ескеріп, пайдаға қарық болуды көздесе керек. Және коммунистік жүйедегі қытай мемлекетінде авторлардың мұндай кітаптар үшін қомақты қаламақы алатынын да білеміз.

Біз бұл мәселе туралы Таласбек Әсемқұловтың жары, мәдениеттанушы, жазушы Зира Наурызбаевеға хабарласып пікірін сұраған болатынбыз.

Зира Наурзбаева, мәдениеттанушы:

- Шығыс Түркістанда "Шыңжаң халық баспасында" "Талтүс" шыққан екен! Әрине қуанышты. Бірақ баспаның басшылығына авторлық құқықтар туралы еске салатын адам бар ма?  Таласбектің авторлық құқықтарға мұрагерлік туралы ресми қағаз қолымда, кез келген сәтте іс қозғай аламын. Бірақ адамгершіліктен кетпей, бұл істі жөнімен шешкім келеді. Және қазір қолымда дап-дайын Таласбектің 10 том қолжазбасы бар, оның 2-3 томы орыс тілінде жазғандары, қалғаны қазақша. Таласбектің жазғанын Шыңжандағы бауырлары оқығысы келеді екен, ынтасы бар екен. Ендеше, баспа оны сайттан, аннан-мұннан көшіргенше, тексерілген, редакцияланған, жүйеленген нұсқасын өз қолымнан неге алмайды?

Қытайдағы газет-журнал, сайттар біздің өз ақшамызға жасатып, жүргізіп отырған Otuken.kz сайтымыздан көп көшіреді, сілтеме де жасамайды. Оны білеміз. Жастар шағын тиражбен өздеріне кітап қылып шығарып алғанын да көрдік. Оған да мақұл. Бірақ «Шыңжаң халық баспасы» Шыңжаңдағы ең ірі мемлекеттік баспа емес пе? Таласбекке тиесілі қаламақы артында қалған балаларының несібесі емес пе?

Қазір Таласбектің алғашқы 5-томдығы (Құдай қаласа, келесі жылы тағы 5 томын шығарамыз) мемлекеттік тапсырспен шықты. Одан алған қаламақыға өз жиғанымды қосып, қосымша азғантай тираж шығарттым. Таластың достары берген ақшаға өз ақшамды қосып, күйлерден CD-альбом шығардым. Сөйте тұра, "осы тірлігімді Талас көрсе, риза болмайтын еді" деген ой жылт етеді. "Балалардың қамын ойла, мен жаздым, шерттім, енді соны сен өз ақшамызға шығаратын болсаң, бұл қазаққа керек болмағаны ма", - деп мені ұрсып тастайтын еді.

Мен бір бизнесмен болсам, оның жөні бөлек. Олай емес. Талас айтпақшы «Көзіміздің майын тауысып», сол жазумен балаларды асырап отырғам жайым бар. Кей кезде, шіркін, балаларға ананы алсам, мынаны алсам деп отырам да, сосын «қой, ол кейін болар, казір Таласбектің мынау жұмысын, анау жұмысын жасай салайын» деймін.

Таласбек Әсемқұловтың шығармалары күллі қазақтың рухани байлығы саналғанымен, ол Әсемқұлов әулетінің мүлкі болып есептеледі. Және барлық авторлық құқықтары қорғалған. Мұны біздің тиісті мекемелер қаперінде ұстап, жазушы отбасына тиеселі дүниенің заңсыз басылымын жасаған «Шыңжаң халық баспасымен» арнайы айналысуы керек деп есептейміз.  

Өміржан Әбдіхалықұлы

Abai.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>