• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Дариға Назарбаева президенттікке біртабан жақындады

14 Сентябрь, 201662941


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Дариға Назарбаева Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша Елбасыдан кейінгі "екінші адам" ол - сенат төрағасы. Яғни, президенттің орын жоқтатпайтын, міндетін атқарушы  (президент қызметінен кетсе) болып есептеледі. Сондықтан Д. Нұрсұлтанқызы алда-жалда сенаттың төралығына сайланса, автоматты түрде ел басшылығына біртабан жақындайды. 

Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева - 1963 жылы 7 мамырда Қарағанды облысының Теміртау қаласында туған.

1980-1983 жж. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетінде оқыған.

1983-1985 жж. – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетінің студенті.

1985-1987 жж. – М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті тарих факультетінің тағылымдамадан өтуші-зерттеушісі.

1987-1990 жж. – М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспиранты.

Саяси ғылымдарының докторы, тарих ғылымдарының кандидаты.

1992-1994 жж. – «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының вице- президенті.

1994-1995 жж. – «Қазақстанның телевидение және радио» республикалық корпорациясының вице-президенті, «Хабар» Ұлттық телевизия ақпараттық агенттігінің директоры.

1995-1998 жж. – Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің «Хабар» Агенттігі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры.

1998-2001 жж. – «Хабар» агенттігі» ЖАҚ-ның президенті.

2001-2004 жж. – «Хабар» агенттігі» ЖАҚ-ның директорлар кеңесінің төрайымы.

2004-2007 жж. – ІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Республикалық «Асар» партиясының тізімі бойынша сайланған депутаты, «Аймақ» депутаттық тобының жетекшісі.

2007-2012 жж. – «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры» Қоғамдық қорының директоры.

2012 - 2015 жж. - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы.

 2015 – 2016 жж. - Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары

«Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің мүшесі.

2001 жылдан бастап Еуразиялық Медиафорумының ұйымдастырушысы және ұйымдастыру комитетінің төрайымы.

«Парасат» орденімен және Француз Республикасының Әдебиет және өнер орденімен марапатталған.

Ағылшын, итальян, неміс тілдерін меңгерген.

Үш баласы, екі немересі бар.

arasha.kz

  

 

 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>