• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Матаевтар үкімі

04 Октябрь, 201674910


Қазанның 3-і күні Астананың Есіл ауданындағы №2 сотында Қазақстан журналистер одағының жетекшісі, Ұлттық баспасөз клубының президенті Сейітқазы Матаев пен оның ұлы ҚазТАГ ақпарат агенттігі бас директоры Әсет Матаевтың ісі бойынша сот үкімі оқылды, деп хабарлайды azattyq.org.

Азаттықтың жазуынша, сот үкімін тыңдауға 15-20 БАҚ өкілдері, саясаткерлер, азаматтық белсенділер, жиыны ондаған адам келген. Залға судья Ақболат Құрмантаев кіргенше журналистер Сейітқазы Матаевқа сұрақтарын қойып жатты. Матаев бұл соттың "спектакль" екенін айтқан.

Сейітқазы Матаевқа қылмыстық кодекстің 245-бабы 3-тармағы және 190-бабы 4-тармағы бойынша алты жыл бас бостандығынан айыру үкімі шықты. Үкімде Сейітқазы Матаев жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтіні айтылды.

Сейітқазы Матаевтың ұлы, ҚазТАГ ақпарат агенттігі бас директоры Әсет Матаевқа сот қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-тармағы бойынша бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Үкімде Әсет Матаевтың жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтіні айтылды.

Үкім бойынша Матаевтар ақпарат және коммуникация министрлігіне - 169 миллион теңге, "Қазақтелеком" компаниясына 140 миллион теңге қайтаруы тиіс болды. Бұдан өзге, үкімде Матаевтардың жылжымайтын мүліктері (бірнеше пәтер мен жер телімдері), бірнеше көліктері тәркіленетіні айтылды.

Дереккөз: azattyq.org

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>