• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

БАС САЛЫҚШЫЛАР АЛМАТЫДА НЕ ТАЛҚЫЛАДЫ?

07 Октябрь, 20168091


Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің ұйымдастыруымен Алматыда ТМД елдерінің бас салықшылары бас қосты. Яғни, ТМД қатысушы-елдердің салық органдары басшыларының үйлестіруші кеңесінің (ТМД СОБҮК) XXIII отырысы өтті.

Отырысқа салық органдары басшыларының бастауымен Әзірбайжан, Армения, Белорусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Молдова делегациялары, ТМД Атқарушы комитеті мен ТМД СОБҮК Базалық ұйымы – «Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржылық университет» өкілдері қатысты.

Іс-шараға құрметті қонақ ретінде Грузия Қаржы министрлігі Кірістер қызметінің делегациясы шақырылды.

Жиынның жұмысына қатысушылардың алдында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Бәйбек сәлемдеме сөз сөйледі. Ол салықтық әкімшілдендіру саласындағы құзыретті мемлекеттік органдардың тиімді өзара қарым-қатынасына бағытталған Орталық Азияның аймақтық қаржы орталығы – Алматы қаласында өтіп жатқан бұл форумның маңыздылығына назар аударды.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин отырысқа төрағалық етуші ретінде жұмысты ашып, қатысушыларына нәтижелі отырыс болуын айта келіп, жыл сайын салықтық әкімшілдендіру механизмінің жетілетіндігін, жаңа ақпараттық технологиялардың енгізілетіндігін, көрсетілетін қызметтің кеңейетіндігін және салық төлеушілерге жағымды жағдай жасалатындығын атап өтті.

XXIII отырыстың күн тәртібіне ТМД қатысушы мемлекеттердің өзара қарым-қатынасының өзекті мәселелері енгізілді. Талқылаудың бас тақырыбы тауарларға электрондық шот-фактуралар және ілеспе жүкқұжаттарды енгізу мен кедендік және салық жүйелерін біріктіру бойынша ТМД қатысушы мемлекеттер салық органдарының тәжірибесі болды.

Қазақстандық жағы «Еуразиялық экономикалық одақ аумағына тауарларды әкелу және айналымға салудың кейбір сұрақтары» атты хаттаманы іске асыру мақсатында енгізілген «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі туралы айтып берді.

ТМД салық органдарының өкілдері Мемлекеттік кірістер комитетінің салықтық саясатты және салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру, оның ішінде электрондық шот-фактураларды енгізу бойынша жағымды тәжірибесі мен жоғары көрсеткіштерін атап өтті.

Ал, кеше 6 қазанда сарапшылардың отырысы болды. Онда көлеңкелі табысты, оның ішінде «көлеңкелі жалақыны» салықтық айналымға тарту тәжірибесі, заңи шешімдер, салықтық әкімшілендірудің құралдары, салықтық резиденттікті растау үшін электрондық сертификаттарды қолдану, сондай-ақ салық төлеушілердің салық органдарымен қарым-қатынасының заманауи әдістері талқыланған еді.

Сарапшылар келесі жылдың жұмыс жоспарына қосуға ұсыныстарын да айтты.

Бүгінгі өткен жиынның қортындысында Қазақстан Кеңестегі төрағалықты Қырғыз Республикасынан келген әріптестеріне тапсырды. Сонымен бірге, Кеңесте келесі жылғы жұмыстың басты бағыттары анықталды, тиісті шешімдерге қол қойылды және СОБҮК 2016-2017 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Алматыда өткен XXIII отырыстың ерекшелігі Кеңестің құрылғанына биыл 15 жыл толды.

Осыған орай ТМД Атқарушы комитетінің шешімімен Кеңестің жұмысы мен оның құрылған күнінен енгізілген жобаларды іске асырылуына зор үлес қосқан ТМД салық органдарының қызметкерлері гармоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Жиынға қатысушылар Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитеті ұйымдастырған бұл жолғы отырыстың жоғары деңгейде өтіп, ТМД аумағындағы көптеген салық мәселелері кеңінен талқыланып, жақсы ұсыныстар мен нәтижелі жұмыстардың есебі көрсетілгені үшін Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитеті төрағасы Дәулет Ерғожинге алғыстарын білдірді.

arasha.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>