• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Б. Сағынтаевтың қарамағындағы 15 министр қандай істерімен есте қалды?

19 Октябрь, 20167870


1. Асқар Мырзахметов, Ауыл шаруашылығы министрi - Үкімет басшысының орынбасары:

1962 жылы 1 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында туған. Ал кейбір деректерде оның туған жері ОҚО, Бәйдібек ауданы деп көрсетілген.

Қызметтік жолында түрлі лауазымды орындарда отырған Мырзахметов Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі болған. 2009-2015 жылдары ОҚО әкімі қызметін атқарып, облыс тарихында ең ұзақ отырған әкімдердің бірі ретінде жұртшылықтың есінде қалды.

Кейін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметіне кірісіп, 2016 жылдың мамырында АШМ болып тағайындалып, екінші рет еліміздің бас агрономы атанды. Маусымнан бастап үкімет басшысының орынбасары міндеті қоса жүктелді.

2. Ерлан Ыдырысов, Сыртқы істер министрі

1959 жылдың 28 сәуірінде Қарағанды облысында дүниеге келген. Ыдырысов мырза бұл қызметке 2012 жылдың 28 қыркүйегінен бастап кірісті. Оған дейін Қазақстанның Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландиядағы, Швеция мен Норвегиядағы, Ирландиядағы, АҚШ пен Бразилиядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін атқарды. Айтпақшы, Сыртқы істер министрі Ыдырысов ағылшын, хинди, урду және француз тілдерін меңгерген «әмбебап» шенеунік.

3. Сәкен Жасұзақов, Қорғаныс министрі

Сәкен Жасұзақов Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген үкіметтегі екінші министр. 1957 жылғы шенеунік ОҚО-да өмірге келгені болмаса, еліміздің бұл аймағына айтарлықтай еңбегі сіңбеген. Еңбек жолын саралай келе, осындай ой түйдік. Дегенмен, Жасұзақов мырза Қазақстан үшін тынбай еңбек етіп келетін шенеуніктердің бірі. Елді қорғау жүгін арқалаған министр бұл қызметке 2016 жылғы 13 қыркүйегінде тағайындалды.

4. Бейбіт Атамқұлов, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Атамқұлов 1964 жылдың 19 мамырында Алматы облысында дүниеге келген. Еңбек жолында еліміздің Малайзия, Бруней-Даруссалам, Филиппин мен Индонезияда Төтенше және өкілетті елшісі болып үлгерген Атамқұлов бір жылдан астам уақыт Оңтүстік Қазақстан облысының басшылық тізгінін ұстаған. Ағымдағы жылдың қазан айының басында ол еліміздің Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды. Бұл министрліктің құрылғанына әлі бір ай да тола қоймады. Айта кетерлігі, Атамқұлов жұртшылыққа «Малайзиямен құда болған шенеунік» ретінде жақсы таныс.

5. Қалмұханбет Қасымов, Iшкi iстер министрi

1957 жылы Алматы облысында туған. 1979 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын аға тергеуші болып бастаған министр қызметіне 2011 жылы отырды. Негізі еңбек өтілінің басым көпшілігін өзінің туған өңірі Алматыда атқарған.

6. Марат Бекетаев, Әділет министрі

Еліміздің Әділет министрі Марат Бекетаев та Оңтүтік Қазақстан облысының тумасы. 1977 жылы 29 тамызда дүниеге келген ол Қазақ мемлекеттік заң университетін, 2000 жылы Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін бітірген. Бекетаевтың министр қызметіне кіріскеніне бір айдан асты.

7. Бақыт Сұлтанов, Қаржы министрі

1971 жылы Алматы қаласында туған. Мамандығы бойынша инженер-электрик, экономист. Сұлтановтың өзге әріптестерінен ерекшелігі – еңбек жолын бүгінде өзі басшылық ететін министрліктен жетекші экономист болып бастаған. Арада 19 жыл өткен соң, яғни, 2013 жылы еңбек жолын бастаған ведомствоға министр болып тағайындалды.

8. Ерлан Сағадиев, Білім және ғылым министрі

Еліміздің бас педагогы Сағадиев 1966 жылы дүниеге келген. Тек оның туып-өскен өлкесі туралы ақпаратты таппадық. Белгілісі - әкесі, экономика ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері Кенжеғали Сағадиев Қостанай облысының тумасы.

Сағадиев экономист және оқытушы мамандығының иесі. Инвестициялар және даму вице-министрі болған ол 2016 жылдың 10 ақпанында Білім және ғылым министрі болып тағайындалды. Ерекше айта кетерлігі, жуырда өткен үкімет отырысында Сағадиев баяндамасын тек қазақ тілінде жасап, өзге әріптестерінен ерекшеленді.

9. Жеңіс Қасымбек, Инвестициялар және даму министрі

1975 жылы 7 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келді. Мамандығы бойынша сәулетші-дизайнер және экономист-менеджер. Ол Қазақстан президенті кеңсесінің басшысы Махмұд Қасымбековтің ұлы. Жеңіс Қасымбек 2016 жылдың маусымынан бастап Инвестициялар және даму министрі қызметін атқарып келеді.

10. Тамара Дүйсенова, Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрi

Үкіметтегі жалғыз ғана нәзік жанды министр Дүйсенова да ОҚО тумасы. Ол 1965 жылдың 11 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Ташкент халық шаруашылығы институтын инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген Дүйсенова ханым еңбек жолын информатика пәні мұғалімі болып бастаған.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі қызметіне 2014 жылдың тамызында тағайындалды.

11. Арыстанбек Мұхамедиұлы, Мәдениет және спорт министрі

Басы даудан арылмайтын министр Мұхамедиұлы 1963 жылдың 11 ақпанында Алматы облысы, Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын виолончель сыныбы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында оркестр әртісі болып бастаған. Еліміздің Мәдениет және спорт министрі қызметіне 2014 жылдың 6 тамызында отырды. Естеріңізге салсақ, министр Мұхамедиұлы мамыр айында халықпен кездесіп, қырғыз қыздары Мәскеу дәретханаларының еденін жуып жүргенін айтып, қырғыз жұртшылығының ашуын келтірді.

Артынша ол көршілес елден кешірім сұрады. Сонымен қатар, Мұхамедиұлы жақында өзін «қырындады» деп айыптаған Өнер Академиясының түлегі Еңлік Сыдықовамен сотта жолығатынын мәлімдеді.

12. Қуандық Бишімбаев, Ұлттық экономика министрі

Үкіметтегі ең жас министр Бишімбаев 1980 жылдың 11 сәуірінде Қызылорда қаласында өмірге келген. «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Еңбек жолын елдегі банктердің бірінде бас менеджер болып бастаған ол министр болғанға дейін үш жылдай «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы қызметін атқарды. Министр қызметіне үстіміздегі жылдың мамырында тағайындалды.

Айта кетерлігі, министр Бишімбаевтің әкесі Уәлихан Бишімбаев талай жыл Шымкенттегі Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры болған. Кейін мәжіліске депутат болып сайланып кетті.

13. Қанат Бозымбаев, Энергетика министрі

Еліміздің бас энергетигі Бозымбаев 1969 жылы Алматы облысында туған. Павлодар мен Жамбыл облыстарын басқарған ол 2016 жылдың 25 наурызынан бастап Энергетика министрі қызметін абыроймен атқарып келеді.

Бозымбаев анау-мынау емес, ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі атанып үлгерген. Айтпақшы, министр тамыз айында үкімет басшысы (сол кездегі) Мәсімовтің Түркістан қаласында өткізген жиынында іші пысқаны соншалық, қолына смартфонын алып, әлеуметтік желіде отыруға мәжбүр болды.

14. Дәурен Абаев, Ақпарат және коммуникациялар министрі

1979 жылы Алматы облысында туған Абаев Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін үздік бітірген, мұнан соң Еуразия гуманитарлық институтын тәмамдаған.

Бүгінгі министр Абаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы кезінде елге етене таныс болды. Ол министр қызметіне ағымдағы жылдың мамыр айында тағайындалды.

15. Нұрлан Ермекбаев, Дін істері және азаматтық қоғам министрі:

1963 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында туған. Демек Ермекбаев бүгінгі үкіметтегі ОҚО-дан шыққан бесінші министр. 2016 жылдың қыркүйегінде Дін істері және азаматтық қоғам министрі болып тағайындалды. Министр Ермекбаевтың еңбек жолына көз жүгіртсек, Қытай елімен байланысты бірқатар қызметтерді атқарғанын байқауға болады. Ол орыс, қытай, ағылшын және португал тілдерін меңгерген.

дереккөз: NUR.KZ 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>