• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Қанат Ислам: Нокаутқа құлатпа деп бапкерім айтқан еді

31 Октябрь, 201637460


Бұл кәсіби рингтегі ең ауыр жекпе-жегім болды

"Жасырары жоқ, бұл кәсіби рингтегі ең ауыр жекпе-жегім болды. Осыған дейінгі айқастарымда да соңғы раундтарға дейін жұдырықтасқан кездерім болған. Алайда, дәл осындай күш жұмсап көрген жоқпын. Мүмкін, тұңғыш рет өз елімізде, өз жерімізде өткеннен болар деп ойлаймын. Себебі, бұл айқастың жауапкершілігі өте ауыр болды. Өзге елде өткен жарыс пен өз еліңдегі дода кезінде спортшыға түсетін қысым мүлде өзгеше болады екен.

 Жанкүйерлерім менен нокаут күткенін жақсы сезіндім

Мен бокс кешіне осындай жанкүйер жиналады деп мүлде ойлаған жоқпын. Елбасының арқасында елімізге зәулім-зәулім спорт нысандары көптеп салынуда. Солардың бірі осы 12 мың орындық «Алматы Арена» стадионы. Рингке шыға қалғанда залда ине шаншар жер қалмағанын бірден байқадым. «Қанат, Қанат, Қанат алға!» деген дауыстан зал қабырғаларының өзі шытынап кететіндей сезілді маған. Осындай қолдауды сезінбегелі, осындай айғайды естімегелі де біраз болып қалған. Жанкүйерлеріме шексіз риза болдым. Көрермендер Алматыдан ғана емес, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған. Тіпті, өзге елден де келген жанкүйерлерім бар екенін естідім. Маған халықтың осындай қошеметінен артық қымбат ештеңе жоқ. Жанкүйерлерім менен нокаут күтті. Мен оны шаршы алаңда жұдырықтасып жүріп, жақсы сезіндім...

 Патрик Аллотейді құлата алмаған себебім...

Патрик Аллотейді құлата алмағанымның бірнеше себебі бар. Біріншіден бапкерлерімнің кеңесі солай болды. Жанкүйерлерге оның тез құлап қалғанын қызық болмайтынын ескертті. Бірақ, Патрик те бір-екі ауыр соққыға құлай салатын жігіт емес екенін көрдіңіздер. Өте әккі боксшы. Тәжірибесі де менен жоғары. Бір ғана мысал. Оның нокауттар санының өзі менің барлық жекпе-жектерімнің санынан жоғары. Осыдан-ақ, қарсыласымның қандай деңгейдегі боксшы екенін аңғаруға болады. Екіншіден, жарыстың алдында тауда жаттығып жүріп, кішкене суық тидіріп алдым. Аздап қолымды да жарақаттап алған едім. Жаттыға жүріп, ем-дом қабылдадым. Бұл да жекпе-жек барысында кері әсерін тигізді. Жарыс барысында да қолымды ауыртып алдым. Содан кейін ауыр соққылар жасауға қиындықтар болды. Үшіншіден, жарыс өз елімізде өткелі жатқандықтан жекпе-жек жақындаған сайын ұйымдастырушылар тарапынан роликке түсіру, БАҚ өкілдеріне сұхбат беру және осы сияқты басқа да жұмыстары көбейіп кетті. Осындай себептерге байланысты кішкене шаршағаным жасырын емес. Бірақ ұйымдастырушылармен бірге, менің жекпе-жегім туралы жазып, ақпараттық қолдау білдірген барлық БАҚ өкілдеріне алғыстан басқа айтарым жоқ.

Ең бастысы жанкүйерлерімнің үмітін ақтадым

Бұл жекпе-жек маған үлкен тәжірибе сыйлады. Мен осы жолы жұдырықтаса жүріп, өзімнің кейбір осал тұстарымды байқадым. Қай жерде қандай қателіктерге бой алдырғанымды жақсы түсіндім. Қарсыласымның менен артық тұстарын да көре білдім. Еш уақытта қарсыластың оңайы болмайтынын жақсы сезіндім. Алдағы уақытта бапкерлерім мен спорт мамандары қателіктерімді көрсетіп, артықшылықтарымды айта жатар. Ең бастысы, жанкүйерлерімнің үмітін ақтадым.

Шетелден келген төрешілер қазақ жанкүйерлеріне таңдай қақты

Осыған дейін «қазақ спортқа жанкүйер бола алмайды» деп айтатындар кездесіп жататын. Олай емес, керісінше екенін кешегі бокс кеші дәлелдеп берді. Маған жарыстан кейін, шетелден келген төрешілер қазақ жанкүйерлерінің боксқа деген ықыласын көріп, таңдай қаққандарын айтты. Шынымен, көрермендер санында шек болған жоқ. Өз қандастарының жекпе-жектеріне жанкүйерлеріміз тікесінен тік тұрып қолдау көрсетті. Өнерімізді бағалай білетін халқымыз аман болсын деп тілеймін.

Жеңісім Алматының 1000 жылдығы мен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына тамаша тарту болды

Менің бұл жеңісім Алматының 1000 жылдығы мен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына тамаша тарту болды. Жеңісімді осы қос мерекеге арнаймын. Осының барлығы тәуелсіздіктің арқасы. Тәуелсіздігіміз ұзағынан бола берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болса, бізде де жеңісті күндер көп болады деп ойлаймын. Осы орайда, бізге жекпе-жек өткізуге мүмкіндік жасап берген Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мырзаға, өз ағамдай болып кеткен, қазақ спортының жанашыры, белгілі кәсіпкер Бауыржан Оспанов мырзаға, сондай-ақ, кештің ойдағыдай өтуіне бар күштерін салған басқа да белгілі азаматтарға, ұйымдастырушыларға алғыс айтқым келеді".

дерек: ҚазАқпарат

Оян, НАМЫС

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>