• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Әзімбай Ғали: Бізде тек орыс мүддесін ойлайтындар бөлек, өзге идеологияның лоббилері бар

02 Ноябрь, 20166811


Үкімет пен бұқараны  алыс-жақын аралықта қандай маңызды дүниелер күтіп тұр? Саяси рингтегі Батыс пен Ресей айқасы немен аяқталады? Келешегі күңгірттене бастаған ЕАЭО және Назарбаев пен Путин достығы. Соңғы айларда орын алған ауыс-түйіс пен саяси дағдарыстың ақыры немен аяқталады?  Осы сұрақтардың жауабын білгіміз келіп саясаттанушы, тарихшы Әзімбай Ғалимен сұхбаттасқан едік.

-Әзімбай аға, Мәжілістің Алматыдағы отырысына өзіңіз қатыстыңыз (Кеше Мәжілістің көшпелі отырысы Алматы қалсында өткен болатын). Жасыратыны жоқ, ойыңызды ашық айттыңыз, ащы айттыңыз. Дегенмен, көңіліңіз толмаған секілді...

-Менің Парламентте жүрген азаматтарға қарап қарным ашатын. Осы жолы өзіміз қатысып, істің барысын көзбен  көрген соң, ойымды 2-3 пайызға өзгертемін-ау (күлді). Шындығында, Заң шығарушы орган өкілдерінің Астанадағы ақ тамның ішінде тығылып отырғанынан гөрі, осы форматта жұмыс істеуі құптарлық іс деп ойлаймын. Қандай да бір Заң жобасын қабылдар алдында сол саланың мамандарымен, тәуелсіз сарапшылармен келісе отырып талқылау өнімді болмақ. Бұл және аз да болса демократиялылықтың көрінісі ғой. Не десек те сең қозғалды.

-Сіз бір сөзіңізде айтқан едіңіз, біздің билікті лоббилер басып алған деп. Бүгінгі топтың да ішінде лоббилер болды ғой?

-Мен осыған дейін айтып келгенімдей, біздің билікте лоббилер көп. Орыс тілінің, орыс ұлтының мүддесіне жығылған, соның сойылын соғатын, соған жан-тәнімен берілген азаматтар көп. Ал бүгінгі жиыннан соң, мынаған көзім жетті. Бізде тек орыс мүддесінің лоббилері емес, өзге идеологияның лоббилері бар екен. Мысалы, осы жолғы жиын тек қазақ тілінде өтті. Оған жаңағы Бекболат пен Майралардың ықпалы болғаны сөзсіз. Әйтпесе, өзге ұлт өкілдері де болды ғой. Ал жиын қазақ тілінде өтті. Астанадағы жиналыстардың ешбірінен кем түскен жоқ, қызу дискуссия болды. Альтернативті пікірлер де айттық. Аузымызды ешкім жапқан жоқ.

-Расында, Мәжілістің қазақ тілінде отырыс өткізгеніне таңырқасып, таңдай қағатын  жағдайға жеттік...

-Мысалы ретінде айтайын, Францияда арнайы «Француз тілі академиясы» бар. Онда қанша жерден өзге ұлт өкілі болсаң да, француз тілін білмесең, мемлекеттік қызметке орналаса алмайсың. Француз тілін білмейтін шенеунік жоқ. Расы, ағылшын немесе басқа тілдерді параллельді білу еркіңе байланысты. Жаңағы «Француз тілі» академиясы шенеуніктердің мемлекеттік тілді білуін, француз тілінде сөйлеуін бақылап отырады. Германияда да дәл солай.  Бізде ше?

Статистикаға қарасаңыз, Қазақстан халқының 91 пайызы өз балаларын қазақ мектебіне береді екен. 91 пайыз дегеніңіз өте үлкен көрсеткіш. Қалған 9 пайызы өзге мектептерге балаларын беретін көрінеді. Бұл тоғыз пайыз орыс мектептерінің үлесі дей алмаймыз. Себебі, өзге ұлт дегенде орыстан бөлек, ұйғыр, өзбек, кәрісі бар ғой. Сонда пропорциялық басымдық қазақ тілінде. Бұл дегеніңіз халықтың қазақ тіліне деген сұранысы жоғары деген сөз. Ал билік тізгінін ұстап отырған кей лоббилер мұны біле тұра өзге идеология жүргізіп, әлектеніп жатыр. Мысалы, Шымкент жақта бір өзбек кәсіпкері ауылға қазақ мектебін ашып беріпті. Бұған қоса, өзбек, ұйғыр, қарақалпақ секілді бірнеше этникалық топтар өкілдері қазір жаппай құжаттарына дейін өзгертіп, қазақ болып жатыр. Мынау Алматы облысындағы Ұйғыр ауданында осыдан 10 бұрын қазақ-ұйғыр қақтығыстары жиі болып тұрушы еді. Соңғы 7-10 жылда тоқтады. Себебі, ұйғыр диаспорасының ақсақалдары да түсінді. Тіпті, шетелдегі қандастардың көптеп келуі көңіл қуантады. Дерек ретінде айтар бослам, сонау 34 жылы-ақ, дүрбелең басылғанда қазақтар елге қайтып келе бастаған. Содан жалғасқан көш күні бүгінге дейін тоқтаған жоқ. Ол тоқтамауы тиіс. Бізге 1 миллиондай қандас келді дейді. Негізі одан әлдеқайда көп. Келешекте Мемлекет халқының кемінде 90 пайызы қазақтар болады.

-Байқайсыз ба, бізде Үкімет пен халықтың параллельді билік жүйесі жұмыс жасап жатқан секілді...

-Әрине солай. Бізде билік элитасы бір позицияны, истеблишмент  бөлек ұстанымды, ал халық мүлде басқа позицияны ұстанады. Параллельді билік құру деген осы. Халықтың қалауымен санаспау, құқығын жаншып таптау арқылы өзге идеологияны жүргізу билік пен халық арасын алшақтататыны заңдылық.

Мен сізге айтайын, 1916 жылғы көтеріліс кезінде де Алашордашылар халыққа «көтеріліске шықпайық» деп айтқан. Бірақ, халық шықты. Қашанғы тарихты алып қарасаңыз да солай. Халық ешқашан билікке бағынып, оның дегенімен жүрмейді. Билік тізгінін ұстағандар соны түсінуі керек.

-Оған геосаяси жағдайлар мүмкіндік бермейтін сияқты ғой...Себебі, жаңағы өзіңіз айтқан билік лоббилері Ресей мүддесіне қызмет етеді. Қазіргі билік жүйесі ЕАЭО пен Кедендік одаққа кірді. Соның ықпалы тағы бар...

-Қазақстан енді 3,5-4 жылда Ресей ықпалынан толық шығып кету мүмкіндігі бар. Себебі, Ресейдің қазіргі экономикалық жағдайы 2007 жылғымен салыстырғанда айтарлықтай құлдыраған. Батыс пен АҚШ санкциялары алынған жоқ. Соның салдарынан Ресей өнімдері ЕАЭО аумағына ғана шығарылады. Содан кейін, мұнай мен газ қоры азайған. Егер ол қор таусылатын болса, Ресейдің экономикасы күйреп, халқының тоз-тозы шағады.

Есесіне Путин әскери техника өндірісін күшпен ұстап тұрды. Танк жасау, қару-жарақ өндіру саласына ақшаны аямай құйды. Осылайша Ресей экономикасының өзге секторлары қолдаусыз қалды. Зауыттар мен өндіріс ошақтары жабылды. Экономиканы сақтап қалудың жолы – әскери техника өндірісі емес екенін тек 2015 жылы ғана ұқты. Ұқты да, әскери саланы қаржыландыруды азайтты. Соның салдарынан РФ Жалпы ішкі өнім көрсеткіші 2007 жылмен салыстырғанда 9 сатыға төмендеп, 12 орынға түсті.

-Санкциялардың салқыны бізге де тиіп отыр ғой. Тіпті,  ЕАЭО нарығына жөнелтіп отырған қазақстандық өнімдер де РФ аумағына кіргізілмей жатыр. Былтыр 80 мәшине жеміс-жидек шекарада тұрып шіріп кетті. Қазақстаннан жеткізілген көкөністер трактордың астында тапталды. Тізе берсең көп қой...

-Рас, Ресейдің Батыс елдеріне жасаған қарсы санкциясына Қазақстан тауарлары да кірді. Күні бүгін де біз алкогольдік өнімдер мен ет өнімдерін жөнелте алмай отырмыз. Бұл бір ғана ойыншының алаңы. Оған дауласу мүмкін емес. ЕАЭО экономикалық одақ емес – саяси одақ. ЕО-ға альтернатива ретінде құрылған одақ. Ал Ресейдің жағдайына келер болсақ, қазірдің өзінде Ресей халқының 21 миллионға жуығы өмір сүру деңгейінен төмен өмір сүріп жатыр. Ақша жоқ. Оның кіріс көзі жабылған. ЕО, АҚШ, Қытай қарызға ақша бермейді. Демек, ертең 2 мұнай қоры таусылғанда тоқсаныншы жылдар қайта орнайды. КСРО-ны күйреткен Горбачев немесе Ельцин емес - орыс халқы. Путин жүйесі де дәл солай күйреудің аз-ақ алдында тұр.

 

-Оның үстіне Назарбаев пен Путин арасы салқындай бастаған секілді. Назарбаевтың өзі инициаторы саналатын ЕАЭО жиынына бармай қалуы, орына жаңа тағайындалған Бақытжан Сағынтаевты жіберуі де көп нәрсені аңғартатын секілді.

-Рас, Нұрекең де жағдайды жақсы біліп отыр. Сондықтан да саяси рокировка жасады. Ал Үкімет басына Сағынтаевтың тағайындалуының да өз себебі бар. Сағынтаев мемлекетшіл саясаткер. Сағынтаев қиқар мінезді адам.  Ол өз идеологиясы үшін аянбай таласа алады. Ереванға барғанда да дәл солай болды. Позициясын қайткен күнде де қорғап шығады.  

-Ресей мен Қазақстанның экономикалық әм Мемлекеттік құрылымдары өте ұқсас қой. Қос одақтың кісені тағы бар. Ертеңгі күн Ресей экономикасы дағдарысқа ұшырайтын болса, Қазақстанның дағдарысты айналып өтуі неғайбыл?

-Ресей қазір екі жерде соғысып жатыр. Құрамында 28 мемлекет бар Еуропалық одақ теріс айналды. АҚШ пен оның ықпалындағы Австрия, Жапония секілді елдер де Ресейден іргелерін аулақтады. Қытай нейтралды позициядан айнымайды. Тіпті, Қытайдың да өз мүддесі бар. Олардың кезінде Ресей алған жерлерінің аумағы едәуір үлкен аумақты қамтиды. Бірнеше Еуропа мемлекеттері сыйып кетеді десек те болады. Сайып келгенде, Қытай да Ресейдің құлдырауына, тіпті ыдырауына да пейілді секілді. Оның үстіне 2018 жылы Ресейде Президент сайлауы болады. Халықтың Путинге сенімі азайған.

Ал Қазақстанның жоғарыдағы аталған елдермен қарым-қатынасы жақсы. Еш жерде соғысып жатқан жоқ. Қазақстан көпвекторлы саясат ұстануға тырысып бағуда. Әйткенмен, Ресейдің әлсіреген тұсын ұтымды пайдалану керек. Және дағдарыс болады. Қазақстан оны айналып өтпейді, рас. Ол дағдарыстан шығудың жалғыз жолы – реформа. Қазақстанда билік құрылымында ең соғы рет реформаны Қажыгелдин жасады.

(жалғасы бар)

Сұхбаттасқан Нұргелді Әбдіғаниұлы

дерек: Abai.kz

Оян, НАМЫС

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>