• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Голландия елшісі: Сіздер үшін болашақ Ресейде емес, Батыс Еуропа мен АҚШ-та екені айқын

17 Ноябрь, 201621570


11 қараша күні Атырауға Нидерланд корольдігінің Қазақстандағы, Тәжікстандағы және Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі Дирк Ян КОП жұмыс сапарымен келді. Ол голландық қатысы бар кәсіпорын қызметкерлерімен кездесіп, Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ қабылдауында болды. «АЖ» сауалдарына жауап беру үшін де уақытын бөлді.

«СІЗ БЕН БІЗДЕ САУДА АЙНАЛЫМЫ ЖОҒАРЫ»

– Елші мырза, біздің өңірімізге келу мақсатыңыз қандай?

– Нидерланд Қазақстандағы ірі инвестор болып табылады. Бүгінде Қазақстанда голландық жабдықтар мен өнімдердің жергілікті дистрибьютер компанияларын қосқанда 74 голландық компания бар. Қазақстан экономикасына голландық инвестиция көлемі 2015 жылы 6 млрд АҚШ долларын құрады. Біздің мемлекеттер арасындағы сауда айналымы – 4,5 млрд-тан кем емес. Біздің коммерциялық мүдделеріміздің басым бөлігі Атырау облысы мен Алматыда шоғырланған. Сіздің өңірде бүгінгі күні голландық капиталдың қатысы бар кәсіпорындар аз емес. Голландық қатысы бар ірі инвесторлардың бірі – Shell компаниясы. Көптеген голландық компаниялардың қызметі Каспий теңізіндегі мұнай жұмыстарымен байланысты. Атап айтқанда, Van Oord тереңдету жұмыстарымен, Witteveen+Boss – жасанды аралдар салумен, Wagenborg – теңіз кемелері мен жүзбелі қонақ үйлерге сервистік қызмет көрсетумен айналысады. Сондықтан менің келуім әбден заңды. Ең алдымен өз отандастарыммен кездестім. Қазір Атырауда біздің 60 азаматымыз тұрады және жұмыс істейді. Атырауда тіпті шағын голландық мектеп бар екендігіне сүйсіндім. Өйткені, көпшілігі бұл жерде отбасыларымен және балаларымен бірге тұрады ғой.

– Осы жерде жұмыс істейтін голландық бизнесмендермен кездесу кезінде не туралы айтылды? Оларда қиындықтар бар ма екен?

– Біздің кәсіпорындар үшін негізгі қиындықтар сіздің елдегі бірқатар заңнама актілерінің жетілмегендігі болып табылады. Жақында 19 жыл келіссөз жүргізілгеннен кейін Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүше болды. Бұл біздің қарым-қатынасымызды дамыту үшін өте жақсы тұғырнама. Бастысы - Қазақстан сөзбен емес, іс жүзінде ДСҰ мүшелігінен туындайтын бүкіл, соның ішінде құқықтық мәселелерге қатысты міндеттемелерін орындауы керек. Ал бұл өкінішке орай, үнемі жүзеге аса бермейді. Әрине, оңай емес, бірақ, бұл өзара тиімді ынтымақтастық үшін қажет. Осы мәселелер бойынша біз Астанадағы сіздің үкіметпен үздіксіз диалог жүргізудеміз.

СУ БОЙЫНША №1 САРАПШЫ

– Голландия үшін Қазақстанда мұнай-газ секторы мен энергетикадан басқа экономиканың қай саласы тартымды?

– Өзіңіз де білетін шығарсыз, Голландияда тиімділігі жоғары ауыл шаруашылығымен айналысады, ол азық-түліктерді экспорттау бойынша дүние жүзінде екінші орын алады. Әрине, бұл тұрғыда біз үшін ауқымды Қазақстан өте тартымды. Мәселен, біздің технология бойынша көкөніс және гүл өсіру жылыжайларын, құс фабрикаларын, сүт фермаларын салу туралы айтып отырмын. Біз қызығушылық танытып отырған тағы бір сектор – су қорларын басқару. Бұл бағытта біздің 1000 жылдық тәжірибеміз бар. Бізде су көп, сізде аз. Дегенмен, сіз бен бізге кейде одан қорғануға тура келеді. Жалпы, бұл әлеуетті сала ынтымақтастық үшін өте ауқымды – су қорларын тиімді пайдалану, кәріздік жүйелер, ауыз су... Голландия бұл мәселеде №1 сарапшы болып табылады.

Тағы бір келешегі бар мәселе – спутниктік мәліметтерді пайдалануды дамыту. Оларды, мәселен, мұнай мен газды іздеу кезінде геологиялық барлау жұмыстарына, Каспий теңізінің деңгейіне мониторинг жасағанда, ауыл шаруашылығында ойдағыдай пайдалануға болады.

– Нидерланд – баламалы энергия көздерін енгізу жөніндегі көшбасшылардың бірі болып табылады. Осы салада Қазақстанмен ынтымақтастық жоспары бар ма?

– ЭКСПО-2017-де голландық павильон ұсынылатын болады. Ол жерде біз энергетиканың жаңа мүмкіндіктерін міндетті түрде көрсетеміз. Сонымен қатар, бізде осы салада голландық және қазақстандық студенттер арасында ынтымақтастық жобасы бар. Ол да ЭКСПО-да таныстырылатын болады.

ҚАШАҒАН, ҚЫЗҒАЛДАҚТАР, АМСТЕРДАМ РЕЙСТЕРІ ТУРАЛЫ

– Сіздің ойыңызша, бүгінгі мұнай бағаларын ескерсек, Қашағанда мұнай өндіру қаншалықты тиімді?

– Егер мұнай бағаларының қалай өзгеретінін білсек қой! Акциялар сатып алып, табысты бизнесмен болар едім. Ал шындығын айтсам, қазір мұнай нарығының қалай боларын ешкім де дөп басып айта алмайды. Қалай дегенмен де, NCOC-тағы кездесу кезінде бүгінде Қашағандағы мұнай өндіруге қатысты проблема жоқ екендігіне сендірді. Қашағанға 60 млрд доллардан астам қаржы салынды, бұл көп ақша. Әрине, сіздің үкімет те, Shell компаниясы да осынау алып жобаның пайдалы болатындығына үміттенеді.

– Сізге Қашаған мұнайының өзіндік құны мәлім бе?

– Иә.

– Оны айта аласыз ба?

- NCOC-тан сұрағаныңыз жөн болар, ондағылар сізге нақты айтады.

– Бізде сатылып жатқан қызғалдақтардың Голландиядан әкелінетіні рас па?

– Иә, қызғалдақтардың барлығы голландық. Күн сайын таңертең Амстердамда гүл аукционы өтеді, ұшақтармен гүлдер дүние жүзіне таралады. Қазір Колумбия, Эквадор, Кения секілді елдер гүл өсіру шаруашылығын ойдағыдай дамытуда. Алайда, голландық қызғалдақтар – бұл бренд. Қазақстанда Голландиядан өсірілген раушан гүлдері көп көлемде сатылады. Бірақ, раушан гүлі сіздерде де – біздің технология бойынша салынған жылыжайларда өсіріледі.

– Тұрақты Алматы – Атырау – Амстердам әуе рейсінің арқасында Амстердам Атырау тұрғындары үшін Еуропаға ашылған терезеге айналды. Мұны Нидерланд елшілігі қолдады ма?

– Жоқ, мұны нарық қажет етті. Бұл жерде түрлі елдерден келген көптеген мамандар жұмыс істейді. Нидерланд 17 миллион халқы бар кішкентай мемлекет, алайда Амстердам Еуропада маңызды транзиттік орталық болып табылады. Сондықтан осы рейстің 80 пайыз жолаушысы – транзиттік жолаушылар.

«ӨЗ КӨЗІҢМЕН КӨРГЕН ЖӨН»

– Қазір Атырауда азаматтық белсенділер Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВТЫҢ ісі бойынша сот процесі өтуде. Бірнеше отырысқа сіздің елшіліктің өкілі де қатысты. Бұған қатысты не айта аласыз?

– Бұдан бұрын айтып өткенімдей, біз үшін Қазақстанның дамыған ел атану тұрғысындағы амбициясы іс жүзінде дәлелденгені өте маңызды. Осы жерде салмақты коммерциялық мүддеміз бар болғандықтан, сіздің елде тек үкімет деңгейінде ғана емес, қоғамдық өмірде не болып жатқанын, қандай проблемалар бар екендігін білгіміз келеді. Мұнда бізге Қазақстан билігі, ҰЕҰ және БАҚ-тар ұсынған ақпараттарға тәуелді болып қана қоймай, не болып жатқанын өз көзімізбен бақылау да маңызды. Сіздің елшілік те басқа елдерде, соның ішінде, менің елімде де осылай жасайды.

– Сіз АҚШ-тағы сайлауда Дональд Трамп жеңіске жетеді деп күттіңіз бе? Сіздің пікіріңізше, ол келген соң Штаттардың Ресеймен, Еуроодақ, Орта Азия елдерімен қарым-қатынасы өзгере ме?

– Бұл АҚШ елшісіне қойылатын сұраққа келіңкірейді. Өз атымнан айтарым, сол Америкадағы, Батыс Еуропадағы, Жапониядағы саяси жүйе – жекелеген адамның көзқарастарына қарағанда салмақтырақ, тіпті, мемлекетте басты лауазымда отырған адам үшін де. Әрине, кімнің президент болғандығы маңызды. Бірақ, Трамп қанша қаласа да, әлдебір негіз болатын принциптерді бұзып, бәрін күрт өзгерте алмайды. Не болатынын көреміз. Әрине, өзгерістер болады – халықаралық сауда қатынастарында, көші-қон процестерінде және т.б. Содан соң төрт жылдан кейін тағы да сайлау болады ғой...

ҰШАҚПЕН ҚАЗАҚСТАНДЫ ШАРЛАУ

– Ресейге қатысты және Ресей тарапынан жауапты санкциялар жөнінде не айта аласыз? Ол ЕО елдерінің экономикасына әсерін тигізе ме?

– Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін әлемде белгілі бір тәртіп орнады. Мұнда басты элементтердің бірі – мемлекеттік шекараның беріктік принципі болып табылады. Батыс мұны заңды алаңда және Кеңес Одағымен бірге жасады. Соңғы 70 жыл ішінде алғаш рет бір мемлекет екінші мемлекеттің шекарасын күшпен ауыстырды. Мен өзіңіз түсініп отырғандай, Қырым аннексиясын айтып отырмын. Бұл біз үшін түсініксіз және қабылданбайтын әрекеттер. Сондықтан да санкциялар енгізілді. ЕО санкциясы мен экономикасына келер болсақ, Ресей экономика тұрғысында, айталық, Испаниямен салыстырмалы түрде өте үлкен ел емес. Шығыс-еуропалық және Орта Азия елдері үшін болашақ Ресейде емес, бізде, Батыс Еуропа мен АҚШ-та екені айқын.

– Өзіңіз бос уақытыңызды қалай өткізесіз? Хоббиіңіз, әуестігіңіз бар ма?

– Менің хоббиім – бұл театр. Және менің көптен бері келе жатқан арманым бар. Егер адамдары аз, жері көп елде, мәселен, Австралияда, Канадада жұмыс істеп, мекендеуге тура келсе, онда сөзсіз әуесқой ұшқыш боламын деп үнемі айтатынмын. Енді, міне, осындай елде өмір сүріп жатырмын. Қыстан кейін ұшақты басқару сабақтарын бастауды жоспарлап қойдым.

Сұхбаттасқан Тамара СУХОМЛИНОВА

дереккөз: azh.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>