• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Халықтың көңілінен шыққан шенеуніктер кім?

23 Ноябрь, 201612140


Биліктің адамы ретінде жалпы жұртқа жағу қиынның қиыны екені көпке мәлім. Алайда бұл сыннан сүрінбей келе жатқан шенеуніктер бар. Халық бұл шенділерді ерекше сыйлайды. Олар кімдер?

 

NUR.KZ елдің ықыласына ие болған шенеуніктерді назарларыңызға ұсынады.

Иманғали Тасмағамбетов  - Қазақстан премьер-министрінің орынбасары  

Еліміздегі халықтың көңілінен шыққан шенеуніктер кім?

ИМАНҒАЛИ ТАСМАҒАМБЕТОВ. ФОТО: QAMSHY.KZ

Еліміздің ірі облыс, қалаларын басқарып, мемлекеттік хатшы, министр, президент әкімшілігінің басшысы, үкімет басшысы сынды жоғары лауазымды қызметтерді атқарған Иманғали Тасмағамбетов халықтың зор ықыласына ие. Жақында вице-премьер болып үкіметке қайта оралған шенеунік жұртшылықты қуантып тастады. Оны әлеуметтік желідегі көптеген пікірлерден байқауға болады.

Вице-премьер Алматы халқына іскер басшы ретінде есте қалды. Ол мегаполистің басты мəселесі экологияға, қала тазалығына баса назар аударды.

Иманғали Тасмағамбетов тарих, археология және этнографияға қызығушылық танытып жүреді. Иманғали Нұрғалиұлының атсалысуымен ЮНЕСКО көлемінде қазақ әдебиеті, мәдениеті мен ғылымына еңбегі сіңген қайраткерлердің мерейтойлары өткізілді. Жақында ғана вице-премьер ЮНЕСКО тізіміне енген ежелгі Талхиз қаласының аумағына автокөлік жолын салу туралы жобаны тоқтатуды талап етті. Сөйтіп үкімет басшысының орынбасары Қазақстаннның халықаралық ұйыммен арадағы қатынасын реттеуге үлес қоса білді.

Бердібек Сапарбаев – Ақтөбе облысының әкімі

Еліміздегі халықтың көңілінен шыққан шенеуніктер кім?

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ. ФОТО: NUR.KZ

Қызылорда өңірінің тумасы қазіргі таңда Ақтөбе облысының әкімі қызметінде. Бердібек Сапарбаев туралы желі қолданушылары оң пікірде. Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметін абыроймен атқарған ол журналистерге ашықтығымен есте  қалыпты. «Тілшілермен сұхбат кезінде ол мысалға келтірген сандарды ешбір қағазға қарамай айтып, өңірдің жағдайына қанық екенін білдірген», - деп еске алады жергілікті журналистер.

Бір сөзінде әкім: «Мен өз қоластымдағы  қызметкерлерге мәселенің анық-қанығын өз көзіңмен барып көру керектігін айтып отырамын. Есеп-қисаптың астына жасырынып, креслода шалқайып отырудың қажеті жоқ. Барыңдар, халықпен тілдесіңдер, қандай мәселе бар екенін көзбен көріп қайтыңдар», - деген еді.

Ақтөбе жұртшылығы да Бердібек Сапарбаевты даттағаннан жақтағанды құп көреді. Облыс әкімі барған жерінде жергілікті басшылыққа сын айтып, ескерту жасап жүреді. Ақтөбе халқында әкімге деген сенім пайда болды деп айтса болады. Басшылық қызметіне келе сала, әкім мырза азық-түлік пен дәрілердің бағасын реттеуге кірісті.

Оның қазақ тілін білмейтін қытай тілінің аудармашысына айтқан ескертпесі Қазнетте көпке дейін айтылып жүрді. Сондай-ақ, Сапарбаев 800 тұрғыны бар ауылға электр тоғын тарта алмай жүрген аудан әкімінің үйіндегі электр жарығын сөндіріп тастағаны туралы хабар желіде қызу талқыға түскен еді.

Амандық Баталов – Алматы облысының әкімі

Еліміздегі халықтың көңілінен шыққан шенеуніктер кім?

АМАНДЫҚ БАТАЛОВ. ФОТО: BILIMDINEWS.KZ

Алматы облысын 2014 жылдан басқарып келе жатқан әкім жергілікті халықтың көңілінен шығуда. Мамандығы инженер болғандықтан, бәлкім, бұл шенеунік тыныш отырғанды ұнатпайды. Екі жылдың ішінде облыстағы орын алған оң өзгерістерге осы күзде жұмыс сапарымен келген елбасы да ризашылығын білдіріп кеткен болатын. Талдықорған әуежайы қайта жаңғыртудан өтіп, жаңа демалыс орындары пайдалануға берілді. Өңірде қант қызылшасын егу қайта қолға алынып отыр. Жақында ғана Амандық Ғаббасұлы «Тәуелсіз Қазақстанның үздік инженері» дипломы мен төсбелгісіне ие болды. Жетісулық жұрт әлеуметтік желіде өңір басшысын шын көңілмен құттықтап, бұл марапаттың өзіне лайықты екенін айтып жарысты.

Бауыржан Байбек – Алматы қаласының әкімі

Еліміздегі халықтың көңілінен шыққан шенеуніктер кім?

БАУЫРЖАН БАЙБЕК. ФОТО: ЖЕЛІДЕН АЛЫНДЫ

Жас болса да еліміздің ең  ірі қаласына бас болған Бауыржан Байбектің әкімдік қызметі туралы халық оң көзқараста. Ол президент әкімшілігінде жүріп бірталай тәжірибе жинақтап үлгерді. Алматы қаласы әкімі лауазымына тағайындалған бетте ол өзіне қатысты мынадай мәселенің басын ашып айтып берді: «Менің әкем елбасымен бір сыныпта оқыған. Айта кету керек, біздің жанұя ешкімге бұл туралы әдейі ашық айтып мақтанбады, және оны жасырып та қалмады. Біз тек іштей мақтан тұттық», - деп  айтқан еді.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті әкімдік қызметке тағайындап тұрып оған зор сенім білдірді.

«Жанымда бірге жұмыс істеп жүріп, ол менің қызметімді көрді, республиканың түкпір-түкіпірінде болып қайтты. Сайлауалды кампанияларға қатысты. Бұл оған оңай сынақ болған жоқ. Сіздермен бірге ол қаланың мәселелерін шеше алады деген сенімдемін», - деді елбасы.

Бауыржан Байбекті қала, республика жұртшылығы қазақ мәдениетіне қолдау білдіріп жүрген азамат ретінде таниды.

Қырымбек Көшербаев – Қызылорда облысының әкімі

Еліміздегі халықтың көңілінен шыққан шенеуніктер кім?

ҚЫРЫМБЕК КӨШЕРБАЕВ. ФОТО: АҚЖАЙЫҚ

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев өңірдің көктемдегі жер мәселесі бойынша өз пікірлерімен бөлісікісі келген азаматтық қоғам өкілдерімен кездесіп, халықпен байланысқа әрдайым ашық екенін көрсетті.  Облыс әкімі сол кезде сөз болып жатқан жер туралы заңның жай-жапсарын түсіндірген болатын. Осыны естіген желі қолданушылары Қырымбек Елеуұлын халықпен әрдайым ашық алаңда сөйлесіп, шешімін таба алатын басшы ретінде бағалайтындарын жеткізді. Оның «Байқоңырды жалға бергенімізбен халық біздікі, оның болашағына, халықтың әлеуметтік жағдайына бей-жайқарай алмаймыз», - деген сөздері көңілге үміт ұялатқандай болды.

 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>