• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Айсұлтан Назарбаев саяси элитаға қарсы шықты

02 Желтоқсан, 201645050


Соңғы кездері Айсұлтан Назарбаевтың Фейсбуктегі парақшасы көпшіліктің назарын жиі аударуда. Оны оқи отырып, автор Президенттің немересі емес, әділетсіз билікке қарсы күресіп жатқан оппозиция өкілі ма деп қаласың. Айсұлтан Назарбаев өз ой-пікірін бүкпесіз жазуымен оқырманның қызығушылығын туғыза білгені сөзсіз. Тіпті оның жазуындағы көрермен керемет стилистикасына қарай отырып, базбіреулер «мынаны шынымен Айсұлтан жазған ба?» деп  таңданысын жасырмайды.  Бұған дейін әкесінен еш уақытта бас тартпайтынын, оны мәңгі құрметтеп өтетінін жазған Айсұлтан бұл жолы миллиардер Болат Өтемұратов пен Әділбек Жақсыбектовтей дөкейлерге шүйлікті.

Айсұлтанның жазбасын толық келтіргенді жөн санадық:

 

«Иә, мен қазақстандық футболды басқармаймын. Неге екені белгісіз, Өтемұратовқа тиесілі informburo.kz Назарбевтің жеңілісі жайында жазуын тоқтатар емес. Ал шын мәнінде менің бұл циркке түк те қатысым жоқ. 

Қожағапанов кеткенге дейін футболда бірқатар реформа жүргізіліп үлгерді: құрылтайшылардың жаңа тізімі, сайлау регламентінің жаңа ережелері. Соның нәтижесінде Жақсыбеков біздің футболды толық өз бақылауына алды: бүгінде оның ықпалындағы адамдар мен компаниялар кез-келген сайлауда көпшілікті қамтамасыз етіп отыр. Мұндай жағдайда демократиялық сайлаудың иісі де шықпайды.

 Әлбетте, Жақсыбековке келіп «Аға, футболды өз қолыма алуыма рұқсат беріңізші. Сіздің даналыққа толы ақыл-кеңестеріңізге құлақ асып отырамын» деп жалынатынымды барлығы күтті. Мұндайда мен ҚФФ президенті креслосына отыратыныма 99% кепілдік беремін. Алайда, мұндай әңгімемен мен өзгеге түгілі  өз атама да жақындамағанмын! Олар мәселе  тәкаппарлық, билікке құмарлық пен көз бояушылық табыста еместігін сол күйі түсіне алмады. Мен олар сияқты емеспін. Мен үшін намыс пен ар-ұят  - басты құндылықтар болып табылады. Бұл оқиға біздің «элиталардың» ортағасырлық ойлау қабілетін тағы да көрсетіп берді.

 Президентті осындай адамдар қоршап, елді толықтай билеп-төстегісі келетінін түсінгенімде жиіркенемін. Осындай деңгейдегі лауазымды азаматтардың  бүкіл елді шексіз билік орнатып, барлығын бақылауда ұстағысы келетіні – біздің болашағымызға төнген ең үлкен қатер. Олар коалициялар мен кландарға бірігіп,  ықпал үшін таласқа түседі, барлық нәрсеге өздерінің қаржылық мүдделері тұрғысынан қарайды. Бұдан Қазақстанның  дамуы тежеліп, тіпті ондаған жыл артқа қарай шегінеді.    

Интернетте «Кім күштірек: Өтемұратов пен Жақсыбековтің одағы ма әлде Тасмағамбетов пен оның адамдары ма? Биліктің транзитін қай клан іске асырады? Мұрагер кім?» деген сауалдар ашықтан-ашық талқылануда.  Жақсыбеков футболдағы таңбаланған картасын ойнатқан соң осы сұрақтарға берілетін кез-келген жауаптың дұрыс болмайтыны түсінікті болды. Олардың «уланған» санасы жеке мүддесінен жоғары тұрып, ел жайында неғұрлым кең мағынада ойлауға мұрша бермейтініне кәміл сенемін. Олар сарай ішіндегі шытырмандарды өрбітіп, халықтың жаңа жауларын белгілеп отыратын болады, өзара келісіп, кезекті рет ықпал ету салаларын бөлісе бермек. Ал болашақ тек соларға ғана тиесілі екеніне сену тек аңғалдық.  

 Айтпақшы,  informburo.kz не үшін «Назарбаев жеңілді» деп не үшін қайталай береді екен? Бәлкім, осы сөйлемнің өзі сайттың иесіне ұнап отырған шығар? Ендігі қадамыңыз – Айсұлтан Назарбаевты «халық жауының ұлы» деп атау ма? Мейлі, әкеге қатысты құрмет жайындағы позициямды білесіздер және сендердей конъюнктурщиктерге қарағанда, мен өз пікірімді еш уақытта өзгертпеймін.  Өзімді сендердің «достықтарың мен қолдауларыңа» да айрбастамаймын.  Менің күшім осында».

Айсұлтан Назарбаевтың реніш пен ашу-ызаға толы бұл жазбасы Қазақстан футбол  федерациясындағы кезектен тыс сайлауынан кейін пайда болды. Федерацияның бұрнығы басшысы Ерлан Қожағапановқа қарсы шыққан Айсұлтан өзінің осы ұйымды басқаруға дәмесі барын да білдірген болатын. Бірақ, Қожағапановтың орнына Сейілда Байшақовтың келуі, сонымен қатар федерацияның атқарушы комитетінің мүшелігінен оның туған қайын атасы, «Қайрат» клубының қожайыны Қайрат Боранбаевтың шығарылуы Айсұлтанның жеңілісі ретінде қабылданды. Президенттің немересі осыған жауап жазып, Жақсыбеков пен Өтемұратовқа қарсы ашық түрде сынай бастады. Мұның арты немен тынары әзірше белгісіз. Көп нәрсе Айсұлтанның атасына, оның позициясына байланысты болатыны  айтпаса да түсінікті.

Дереккөз: oinet.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>