• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

10 жыл бойы үнемдеп ақша жинаған оралдық тұрғын зәулім үйге қол жеткізді

08 Желтоқсан, 20166710


Ақшасын үнемдеп жинай алған Есенаман Жарылғасов, аз уақыттың ішінде-ақ Оралдың қақ ортасынан екі қабатты баспанаға қол жеткізген. Қазір ол жайлы баспанасында жұбайы және төрт баласымен бірге тату-тәтті тұрып жатыр. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Есенаман-Жарылгасов-1

“Мен ақша жинау туралы ең алғаш он жыл бұрын ойлана бастадым. Сол кезде университет қабырғасында оқып жүрген кезім, үшінші курста өзімнің болашақ жарымды жолықтырдым және үйлендім де. Өз баспанам болмағандықтан, қорқыныш болды. Өйткені, мен – студентпін, өзімді өзім әрең асырап жүрген едім. Бірақ, қазақта айтады ғой, бойдақ еркек – ескексіз қайықпен тең деп. Үйленген соң, өмірдегі тұрмыс қалпымды түзеуге тура келді”, – дейді Есенаман.

Ол оқуын тәмамдаған соң мал дәрігерлік инспекторы, Төтенше жағдайлар министрлігінде құтқарушы болып қызмет атқарғанына қарамастан тым мардымсыз жалақыға өмір сүруге мәжбүр болады.

Есенаман-Жарылгасов-3

“Табысым күн көрісімізге ғана жетіп отырды. Жұбайым екеуіміз пәтер жалдап тұрдық, осылайша, тұңғышымыз дүниеге келді. Бізге сол кезде-ақ өз баспанамыз қажет болды, 2006 жыл ғой. Содан мен үміттеніп Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы пәтер алуға болатынын естіп, банкке келдім. Өз депозитімді ашып, ақша жинай бастадым. Ай сайынғы төлемім аз болғандықтан, пәтерді ұзақ күтіп алатындай болып көрінді. Тіпті, шартты бұзып, жиналған ақшамды алып кетем деп, үміт үзген кездерім де болды, бірақ менеджерлер мені райымнан қайтарып отырды, сол үшін де мен оларға рахметімді айтамын. Адамға шыдамдылық керек екен, мен де асықпай ақша жинаймын деп шештім”, – дейді Жарылғасов.

Бірнеше жыл өткен соң Есенаман мемлекеттік қызметінен жұмыстан кетіп, пластикалық терезелер, есіктер жасаумен, газ қазандары мен пештерін қайнатумен айналыса бастайды. Табысы да көбейгендіктен, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде ашқан депозитіндегі сомасы да арта түседі. Сол кезде, яғни 2013 жылы Оралда пулға қатысуға өтініштер қабылдайтынын хабарлайды. Банк салымшысы ретінде Есенаман да құжаттарын өткізіп, бағасы 5.4 млн. теңгені құрайтын екі бөлмелі пәтер алады.

“Тұрғын үй құрылыс жнақ банкінің кредиті бойынша мен ай сайын 32 000 теңгеден құйып отырдым. Оған дейін, 60 000 теңгеге пәтер жалдап келдік. Айырмашылығын көріп тұрсыз ба! Еңбегім ақталып, арманыма қол жеткіздім. Оның үстіне, шағын отбасым үлкен отбасыға айналды, енді 4 балам болды, кеңейту керек деп ойладым”,- дейді клиент.

Осыдан соң ол отбасы мүшелерінің әрқайсысына арнап депозит ашып, солай ақша жинаудың тиімді болатынын түсінеді. Жыл сайын салымшының шотына мемлекеттік сыйақы аударылады. Ал депозит неғұрлым көп болса, соғұрлым сыйақы да мол түсетіні белгілі.

Есенаман-Жарылгасов-2

Сөйтіп, Есенаман банктегі тұрғын үй заемын мерзімінен бұрын жауып тастады. Өз ойындағы үйді тауып, пәтерін екі қабатты жекежайға ауыстырды. Келісім бойынша үстіне 11 млн. теңге төлеу керек болды, бұл соманы Есенаман Тұрғын үй құрылыс жнақ банкінен алды.

“Жалпы, менің үйім 17 млн. теңгеге бағаланды. Мен кәсіпкер болғандықтан, үйді сатып алмас бұрын, алдын ала бәрін қайта-қайта есептеп отырдым. Қазір, банкке жылдық 5%-дық мөлшерлемемен кредит төлеп отырмын және 6 жыл төлеймін, оны үстіне артық төлемі де ең төменгі бағамен берілді. Мен кредитті басқа банктен алғым келген, бірақ олар маған жылдық 25% -бен ұсынды. Қазір менің үйімнің нарықтағы құны – 35-40 млн. теңге. Сол себепті мен барлығын дұрыс істегеніме тағы да көзім жетті”, – деді Есенаман.

Қазіргі таңда ол – 200 шаршы метрлік аумағы бар тұрғын үй мен 11 соттық жер телімнің иесі.

“Достарым маған әлі күнге дейін сенбейді, ал 10 жыл бұрын мен депозит ашқан кезде, олар бұл бос сөз, бұдан ештеңе шықпайды деген болатын. Бірақ, мен тек жақсы нәрсені ғана ойлап, өзіме сене білдім. Жинай білу керек екен, ысырапшыл болмау керек. Мен тіпті мейрамдарда да үлкен отырыстар жасап шығындалмадым, үнемдей білдім. Ал қазір, мен достарыма, туысқандарыма, таныстарыма банктен шот ашып, ақша жинауларына кеңес берер едім”,- деп сөзін түйіндеді үлкен отбасы отағасы.

Источник: Stan.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>