• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Орыс тілінің орнына ағылшын тілін екінші тіл ретінде орнықтыру керек

20 Желтоқсан, 201631281


Қазақ репатрианттары негізінен Өзбекстаннан (61%) келіп жатыр, қалғаны - Ресей,Монғолия және Қытайдан келуде. Қазақстада қазір қазақтың табиғи өсімі мен иммиграциялық өсім жақсы. Айталық, 1999-2009 жылдары қазақтың Қазақстандағы өсімі 26,3% болса, орыс, украин, белорус, неміс және татардың саны азайып барады: табиғи өсім тым аз, ал табиғи өлім туғандар санынан асып тұр. Орыстар мен  немістер, татарлар атамекендеріне – Ресей мен Германияға көшіп жатыр. Ал Қытай қазақтары Атажұртқа келгісі келмесе, балаларын оқыта берсін. Оқыған қазақтар кейін келер, қытай фирмаларына кіріп,  технологияларды игере берсін, олардың білігі мен білімі көшіп келсе,  кәделі қызметке жарап қалар. Бүгін Қытай да, Ресей де қазаққа жау емес. Біз – Тәуелсіз мемлекетпіз. Енді қазаққа тең дәрежелі арақатынас қана керек. 21ғасырдың басында күшті мемлекеттер осал мемлекеттердің жеріне жармаса алмайды. Әскери жолмен жерді жаулап алу мүмкін болмай қалады. Ресей Украина жерін тартып алып еді, енді жаулаған жердің мәселесі пайдасынан зияны көбірек болып шықты.

Бұдан былай  «жұмсақ күш» - демографияның –   «экономикалық қуаттың» маңызы өседі. Жұмсақ күш дегеніміз – тіл, рухани  құндылықтар (нақтырақ айтсақ, ұлттық сана, тіл, дін, идеологиялық құндылықтар, идеология). Сондықтан Қазақстандағы 12 млн қазаққа қазақ тілі керек. Қазақтардың  төрттен бірі негізінен орыс тілді, олар орыстың «жұмсақ күші», санда бар,  санатта қазақ емес. Бүгінгі күні біз Ресей баспасөзін, театрын, кинемотографиясын , теледидарын, солардың жарнамалары арқылы Ресей тауар өндірушілерін қаржыландырып келеміз. Қазақ неғұрлым көп болса, олар қазақ тілді болса, біздің инфрақұрылым қазақ тілді болса, біз ұтамыз. Басқа жағдайда біз бәсекеде ұтыламыз. Сондықтан біз тілдік диверсификацияға баруымыз керек. Орыс тілінің орнына ағылшын тілін екінші тіл ретінде орнықтыру керек. Қытайдан келген  оралмандардың қытай тілін Қазақстанда көбірек пайдалану керек. Сондықтан бізге «үштұғырлы» емес, екі тұғырлы тіл керек. Қазақ тілі – бас тіл, екінші тіл - ағылшын тілі болғаны жөн.

Әзімбай Ғали

Abai.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>