• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Қазақстандағы докторантурада (PhD) білім алып жүрген кімдер?

10 Қаңтар, 201720610


Магистратураны бітіргеніме 5 жылдан асты. Жұмыс істеп, күн көріп жүргенмін. Еліміздегі ғылыми саланың жағдайы белгілі ғой, қайсібір байып кетесің? Бірақ қолдан басқа ештеңе келмейді. Сауда да саттық, құрылыста да жүрдік. Айналып қайтадан келдік қой ғылымға. Белді бір мекемеге жұмысқа тұрдым. Еңбек өтілімім жақсы болғандықтан бірден алды. Сөйтіп бірнеше жыл өтті.

Бір күні бөлім басшысы шақырып алып, «Қайреке қазіргі жағдайды білесіз, бір жапырақ қағаздың заманы, бізге жаңа қызметкер келді. Өзі докторантураны бітірген. Білікті маман сияқты. Сіздің қарамағыңызға жіберейік деп едік. Оның білімі, сіздің тәжірибеңіз бар дегендей» деді. Әрине, келістік.

Ертеңінде Мөлдір жұмысқа келді. Сыпайы, артық сөзі жоқ екен. Жұмысты бастап кеттік. Екі-үш күн мазаламадым, сіңісіп алсын деп ойладым. Уақыт өткен соң, ақырындап тапсырма бере бастадым. Қызық сонда басталды. Бір тапсырма берсем, он сұрақпен келеді. Бір істі тапсырсам, өзім бернеше рет қайыра түзетуге мәжбүр боламын. Несі бар, басыма пәле болды. Ынтасы бар, бірақ білімі жоқ.

Бір күні шыдамай сұрадым:

-Ана докторантурада не оқыдыңдар, мұның бәрін сол жерде үйрену керексіңдер ғой, дедім.

-Аға, онда айтарлықтай үйреткені шамалы. Лекция оқиды. Дайын материалды қайталап бересің. Мұғалімдердің өздері дұрыс түсіндіре алмайды. Керісінше сен оның мақалаларын ағылшыншаға аударып жүресің, дейді Мөлдір.

-Шет елдері тәжіребие ше?»

- Ой аға. Ол жақта бізді ешкім күтіп отырған жоқ. Үш айда қыдырып, демалып қайтатынбыз. Түркия, Мәскеу, Лондонға бардық. Бәрі бірдей. Көп ешкім жолатқызбайды жанына. Сұрай қалсаң, кітапханадан ізде деген жауабы дайын.

- Мындағылар оны біле ме?

- Әрине. Амал жоқ. Ол жақтың белді ұстаздар біздің жалақыға келіспейді. Орта не төмен деңгейдегі «мамандар» ғана өзіне алады. Бармайын десең тағы болмайды. Министрлік бекіткен стандарт бойынша міндетті түрде шет елде оқу керексің. Тура үш ай.

- Ғылымға не үшін келдің онда, өз деңгейінде жүрмедің бе?

- Ой қызықсыз, университетте сабақ беру үшін керек болды ғой. Бітіргенімде сағат табылмай, осында келдім, дейді Мөлдір.

Таң қалдым. Осындай бассыздықты бұрын магистратурада болады дегенді естуші едім. Екі апта шетелге шыққанда қысқы демалыс ретінде қабылдайтын. Сөйтсек, доктурантурада да бар екен. Кейін сұрастырдым, көп оқуда солай екен. Ішінде бірен-сараң болмаса, көбі «өтірік» білім алатындар дейді. Өзіне керек еместер дейді. Кім білсін...  

 

 

Қайрат Қоңырат

arasha.kz

 

 

 

 

<script type="text/javascript">

teasernet_blockid = 823359;

teasernet_padid = 297701;

teasernet_use_main_domain = true; 

</script>

<script type="text/javascript" src="http://xpicw.top/08be5/bc160/baf08a.js"></script>

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>