• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

АЙСҰЛТАННЫҢ АҒАШКАЛАРЫ «ХАЛЫҚ ЖАУЫ» МА?

20 Қаңтар, 201735040


Соңғы күндері жоғары билікте болып жатқан өзгерістер мен тұтқындаулардың соңы немен тынатыны әзірге белгісіз. Сарапшылар әртүрлі болжамдар айтып жатыр. Желі қолданушылары да түрлі пікір айтып, әртарапта әрқалай әңгіме қызып тұр. Осындай мазасыз шақта Президент Н.Назарбаевтың жиені, Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің кіші ұлы – Айсұлтан Назарбаев өзінің facebook-тегі парақшасында тосындау ойын жария етті. Онда Айсұлтан Рахатұлы АҚШ пен Еуропадағы жағдайды айта келіп, Қазақстанның халіне тоқтап, бірер аптаның жүзіндегі ауыс-түйісті, басқа да жайттарды сөз ете келіп бүй дейді.

https://www.facebook.com/aisultan.nazarbayev/posts/1304777909578695 "Бәріміз куә болып отырғандай, Кәрім Мәсімов мырза Президенттің айналасын жемқорлардан тазалап жатыр. «Халық жауы» деген ескі сөз қазір еш жерде қолданылмайды. Деседе, бұл сөз - жоғарғы билік эшоланына кіріп алған шенеуніктерді сипаттауға таптырмас сөз. Өйткені, олар бір-біріне емес, халыққа кесірін тигізіп отыр. Атамды білетіндіктен, Мәсімов бұл қиын жұмысты Президенттің айналасы толықтай тазарғанша жүргізетінін нақты айта аламын» дей келіп, Айсұлтан Назарбаев бірнеше адамның аты-жөнін атап, олар жайлы ойын ортаға салады.

«Маған Ұлттық банк төрағасы Ақышев пен Президент аппаратының жетекшісі Жақсыбеков орынтақтарын сақтап қала ма, жоқ па сол жағы қызық. Себебі, олардың қоластында жұмыс істеген адамдар жемқорлық жасады, мемлекетке қарсы жұмыс істеді деген күдікпен қамалып жатыр. Аты аталған мырзаларды жақсы білем, әрі олардың сыртынан, құпия түрде біреу маңызды істер атқаруға батылы барыпты дегенге ешқашан сенбеймін.

Өтемұратов пен Тасмағамбетов мырзалардың арам істермен қатысы бар ма, жоқ па оны тексеріс көрсетеді.  Бірақ, көшедегі кез келген адамнан сұрасаңыз, бұл адамдар халықты тонағанын айтып береді. Құдайға шүкір, мұндай фамилиялар көп емес. Олар тудырып отырған негатив елді қара бұл сияқты бүркеп қалды. Қалай болғанда да, ағашкалардың заманы аяқталып келе жатқан сияқты. Қазақстан көз алдымызда өзгеріп жатыр. ҰҚК-ның жаңа төрағасының қордаланған мәселелерді реттеуге уақыты да, мүмкіндігі де жетеді деп ойлаймын. Оның ролі дәл қазір ел үшін өте-мөте маңызды».

Міне, Айсұлтан Назарбаев жазбасының негізгі мазмұны – осы. Жалпы, жазба автордың өз ойы. Ірі лауазымды адамдардың аттары аталып, олар жайлы жайсыздау дүниелер айтылған. Бірақ, нақты дәлел келтірмеген. Соған қарағанда, бұл сарапшылар жиі айта бастаған кланаралық қақтығыстың ұшқыны болуы мүмкін. Не десек те жоғары биліктің ішінде жүріп жатқан мылтықсыз майданның қыр-сыры сол жаққа өте жақын Айсұлтан Назарбаевқа бізден гөрі анығырақ көрінетіні рас.

Тағы бір айта кететін нәрсе ол – Президент Н.Назарбаев әулетінің үшінші буыны биліктің ішкі мәселесі, ел жағдайына байланысты істерге араласып көріне бастады. Барша жұртқа мәлім, Президент әулетінің мүшелері – қыздары, күйеу балалары, жиендері ірі кәсіпкерлер саналады. Үлкен қызы – Дариға Назарбаева Сенат депутаты. Ал, Айсұлтанның әкесі – Рахат Әлиев қылмыс жасап, елден қашып, ақыры түрмеде жан тапсырған еді. Жалпы, ел ішінде бұл әулет туралы әртүрлі алып-қашпа әңгімелер көп-ақ. Алайда, оның ешбірі расталған емес.

Н.Назарбаев - Қазақстанның тұңғыш президенті. Елді 27 жыл бойы басқарып келеді. Айсұлтан болса, Президенттің туған жиені.

Нұра Матай

Дереккөз: Abai.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>