• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Банктер кімге қарсы «біріккелі» жүр?

27 Қаңтар, 20177210


«Қазкоммерцбанк» пен «Халық банк» бірігуі мүмкін деседі. Бұл бірігудің астарында не жатыр? Одан қара қазаққа пайда бар ма?

Қазақстанда банктер қаптап кетіпті

Бауыржан Исабеков

Сарапшылар бұл бірігуді Еуразия экономикалық одағы мен Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуымызбен байланыстырады. Өйткені біздің елдің екінші деңгейлі банктер тым әлсіз. Бұл – экономика ғылымдарының докторы Бауыржан Исабековтың пікірі. Маман екі банктің бірігуінің бірнеше себебін байқап отыр:

– Біріншіден, Еуразиялық экономикалық одағына мүше Ресей мен Беларуссияның банктеріне қарағанда, біздің қаржы ұйымдарымыз әлсіздеу. Ал екі банк біріккеннен кейін, бәсекелестігі артады. Егер екеуі біріксе, олардың әлеуеті ресейлік «Сбербанктен» асып түспек.

Екіншіден,

бұрын біздің банктер шетелден аз пайызбен қарыз алып, оны халыққа қымбат пайызбен несие қылып беретін. Қазір ондай қулығын жасау мүмкін болмай қалды.

Үшіншіден, 17 миллион халық үшін еліміздегі 35-ке жуық банк – тым көп.

Төртіншіден, Ұлттық банк екінші деңгейлі коммерциялық банктерге талабын күшейтті.

Бесіншіден, Еуразиялық экономикалық одақтың аясында қаржы нарығы құрылғалы жатыр. Бәсекеге төтеп беру үшін біздің банктерге міндетті түрде бірігу керек. Оның үстіне, Ұлттық банк талапқа сай емес банктерге қатаң талап қойып отыр.

Менің ойымша, еліміздегі 35-ке жуық банктің 10-шақтысы ғана қалады,

– дейді Бауыржан Исабеков.

Жангелді Шымшықов

Экономист Жангелді Шымшықов та қос банктің бірігіп, үлкен күшке айналғысы келіп отырғанын айтады. Ол да бұл қадамды оң бастама деп бағайды:

– Жалпы, қазір саяси теке-тірестер салдарынан қаржылық-экономикалық жағдай да шиеленісіп кетті. Мәселен, жуырда бір банк банкрот болды. Ал «Халық банк» пен «Қазкоммерцбанк» біріксе, капиталдары ұлғайып, бір-бірін қорғайтын болады. Ал ұсақ банктер әркімге жем болып, ақыр аяғында жабылып қалуы мүмкін. Өйткені бәсекеге қабілетті болу үшін банктер амалсыздан бірігеді, – дейді ол.

Арзан несиені әлі көрмейміз бе?

Кей сарапшылардың айтуынша, биыл Қазақстанға ДСҰ-на қарасты банктер келіп, жұмысын бастайды. Олар біздің халыққа арзан пайызбен несие беруі мүмкін деген әңгімелер де айтылуда.

Бірақ бұл пікірмен Бауыржан Исабеков келіспеді.

– Қалай болғанда да, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргеннен кейін либералдық құндылықтар жүзеге асырыла бастайды. Яғни, экономикада ашықтық пен жариялылық принциптері жүзеге асады. Егер шетелдік банктер келіп жұмыс істейміз десе, оған ешкім кедергі жасай алмас,

бірақ қазір шетелдік банктер Қазақстанға келгенімен, ешқандай пайда таппайды. Себебі мұнай-газ, тау-кен, ауыл шаруашылығы сынды базалық салалардағы компаниялар онсыз да шетелден несие алады.

Сондықтан да шетелдік банктер елге келіп, төмен пайызбен несие береді дегенге сенбеймін,

– дейді экономист.

Айта кетсек, соңғы 2-3 жылдың ішінде еліміздегі бірнеше қаржы ұйымдары бірігіп алған. «Альянс банк», «Темірбанк» пен «АТФ» бірігіп, ««ForteBank» атанды. Бұған дейін БТА мен «Қазкоммерцбанк» қосылған болатын. Сондай-ақ, «Қазинвестбанк» пен «Дельта банк» сияқты ұсақ қаржы ұйымдары жабылған.

Ұзын сөздің қысқасы, алдағы уақытта банктер бірікпесе, бастарына қара бұлт үйірілетін тәрізді.

ДЕРЕККӨЗ: kaz.365info.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>