• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Мәжіліс сайлауы – 2012: Ең бір шиеленісті сайлау өтпек

13 Қаңтар, 20124511161


15 қаңтарда Қазақстан азаматтары сайлау учаскелеріне барады. Алдағы парламент сайлауының тәуелсіз ресупбликаның жиырма жылдық кезеңіндегі ең бір шиеліністі болатындығы сөзсіз.

Президент Нұрсұлтаном Назарбаев жетекшілік ететін «Нұр Отан» билеуші партиясы қазіргі таңда парламенттегі жалғыз партия саналады, енді келесі шақырылымда да басым дауысқа ие болады деп топшылануда.  Алайда, оңайға соқпаған 2011 жылдың нәтижесі бойынша дауыс берілмек, ал өткен жылы Қазақстан бірнеше лаңкестік актілерді  өткеріп, жылдың соңы республиканың батысындағы Жаңаөзендегі мұнайшылардың қанды қақтығысымен жабылған.

Жаңаөзеннің тұрғындары төтенше жағдайда дауыс бермек, себебі президент Назарбаев азаматтардың конституциялық құқығын қорғау мақсатында қалада дауыс беруді шегеру жөніндегі Орталық сайлау комиссиясы шешіміне вето қойған.

Мұндай қадамды Астана үшін қауіпті санайды британдық Economist (Economist Intelligence Unit) журналының лондондық сараптама бөлімшесінің сарапшысы Эллис Маммери: "Бұл Назарбаевтың имиджін жақсартады, бірақ, менің ойымша, олар үлкен тәуекелге барып отыр. Бұл ауданда наразылық акцияларын ұйымдастыру қаупі жоғары, ал дауыс беру нәтижелерін манипуляциялау «майға от құя» түспек. Ал адамдар желтоқсанның ортасындағы оқиғадан кейін қайтадан көшеге шығуға дайын ба  бұл келесі сұрақ".

Жаңаөзендегі дауыс беру барысын ЕҚЫҰ бақылаушылары бақылайтын болады. «Бізді Жаңаөзендегі жағдай алаңдатады, біз онда болып жатқан оқиғаларды жіті қадағалайтын боламыз», - деп мәлімдеген ЕҚЫҰ бақылаушыларының қысқа мерзімді миссиясы өкілі Нил Саймон. Ресми мәліметтер бойынша, Жаңаөзен қаласындағы бейберекетсіздіктер кезінде 17 адам қаза болған. Бірақ ресми емес ақпарат көздері құрбандар одан да көп болуы мүмкін деп есептейді.

Қазақстанда өткен бірде-бір сайлауды халықаралық бақылаушылар еркін және әділетті деп санамаған. Назарбаев осы жолы дәл сондай сайлаулар өткізуге уәде еткен. «Елдің тұрақтылығы мен тыныштығы, осы жолы біздің қандай парламент сайлайтындығымызға байланысты», - деді мемлекет басшысы.

Сарапшылар Қазақстанда еркін және әділ сайлаулар өткізу мүмкіндігіне күмәнмен қарайды.  "Сайлаулар толықтай әділ және таза болмайды, біз ешқашан да сайлаушылардың дауысы шынымен қалай берілгенін біле алмаймыз",  деді британдық Оксфорд университетіндегі қазақстан саясаты бойынша сарапшы Рико Айзекс.

...Сарапшылардың ойынша шиелініскен жағдайда сайлаудан кейінгі наразылықтар байқалғанымен, оның кең ауқым алып кетуі күмәнді. «Жаңаөзендегі қарсылық іздерімен қолға алынған шаралардан кейін адамдар билікке қарсы ашық қарсы шықпас бұрын «аттың басын тартыңқырайды»», - деп есептейді Эллис Маммери. Дегенмен, Рико Айзекс Назарбаев әкімшілігінің өкілдері Ресейдегі сайлаудан кейінгі наразалық акцияларын ескере отырып, сақтықта болады. Оның пікірінше, «Единая Россия» жеңісіне қатысты реакция мен Ресей сайлауын бұрмалауға қатысты күдіктілер Қазақстанда сайлауден кейін не болатындығы туралы ойға жетелейді».

Джоанна Лиллис, тәуелсіз журналист, EurasiaNet.org

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>