• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Сарапшылар: Президент болатын адам белгілі, сценарийді іске асыру үшін төрт адам таңдалып отыр

03 Ақпан, 201746780


Саяси ортада болып жатқан оқиғаларға қарай отырып, сарапшылар «биліктің транзиті механизмі іске қосылды» деп топшылауда. Елбасының өз құзыреттілігінің біразын Парламентке өткізуі, сонымен қатар биылғы Жолдауды әдеттегідей емес, тек баспасөзге мәтінін жариялаумен шектелуі билік басындағы үлкен өзгерістің алғашқы белгілері ретінде қабылданды. Базбір саясаттанушылар елдегі билікті мұрагерге тапсыру сценарийінің әзірленгенін айтуда. Оған сәйкес Президенттік кресло қазіргі таңда Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып отырған  Самат Әбішке өтуі мүмкін екенін алға тартады.  Бұл жорамал қаншалықты  қисынды?

Инсайдерлік ақпаратқа сүйенсек, сценарийді іске асырудың кепілі ретінде төрт адам таңдалып отыр екен. Олар: Мемлекет басшысының үлкен қызы Дариға Назарбаева, ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов, ҚР вице-премьері Иманғали Тасмағамбетов және ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков. Үлкен саяси ойынға неге дәл осы фигуралардың таңдалғаны айтпаса да түсінікті. Бұл шешімді қабылдарда ең әуелі адалдық пен сенімділік, олардың саяси және бизнес мүдделері мен әлсіз тұстары таразыға тартылған.  

Дариға Назарбаева президенттің отбасының өкілі ретінде рөл атқармақ.   Сарапшылардың пікірінше, сын сағатта Дариға Нұрсұлтанқызы Сенатты өз жетекшілігіне алуы мүмкін.   Елбасының қызын сарапшылар амбициясы жоғары болғанымен, ұйымдастырушы мен басқарушы ретінде әлсіз фигура ретінде бағалайды. Үкіметтегі вице-премьерлік қызметті аз ғана мерзім атқаруының себебі де осы болса керек. Әйткенмен, сіңлілеріне ықпал жүргізіп, миллиардтаған долларға бағаланатын капиталды басқара алатынын, сонымен бірге отандық медиа-нарықтағы алар орнын ескерсек, Дариға Нұрсұлтанқызының  бұл күрделі конструкциядағы маңызы зор екенін түсінеміз.

 Кәрім Мәсімов Елбасының ең сенімді кадрларының бірі ретінде көптен бері айтылып жүр. Оның Ресей және Қытаймен арадағы байланыстары, бизнес әлеміндегі ықпалымен қатар амбицияларының шектеулігі (яғни, президенттік орынтақтан дәмесінің жоқтығы) артықшылығы ретінде бағаланады. Дәл қазір ҰҚК басқарып тұрған Кәрім Қажымқанұлы билік транзитінде шешуші рөлдердің бірін атқармақ.

  Көп жылдан бері түрлі рейтингтерде еліміздің ең ықпалды саясаткері (әрине, Елбасыдан кейін) ретінде мойындалып келе жатқан Иманғали Тасмағамбетовтің де осы «таңдаулы төрттікке» енуі өзіндік себептермен ерекшеленеді. Тасмағамбетовтің Батыс Қазақстанның амбициясы мол жергілікті элиталарына, ұлттық зиялы қауым өкілдеріне, сондай-ақ әскери күштерге орасан зор ықпалы бар. Іскерлік, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Саяси элита тарапынан да мойындалған. Күйеу баласы Кеңес Рақышев арқылы  отандық қаржы және банк саласын бақылай алады. Сарапшылардың пікірінше, Иманғали Нұрғалиұлының билік транзиті үшін жауапты топтың құрамына кіруі оның өзінің саяси амбициясын шектеуді  көздейтін қадам. Берген уәдесінен тайқып шыққан жағдайда саяси элитадағы өзге топтарды өзіне қарсы қойып алуы ықтимал.

«Таңдаулы төрттіктің» соңғы мүшесі Әділбек Жақсыбеков қазір Президент әкімшілігінің жетекшісі ретінде биліктегі қатынастарды реттеп отыр. Постназарбаевтік кезеңде президенттік құрылымның беріктігін қадағалау дәл осы Жақсыбековке жүктеліп отырған секілді.

Сарапшылар мына жайтқа да назар аударады. Неге президенттік орынтақты мұрагерге өткізу ісінде жауапты төрт адам таңдалды? Саясаттанушылардың пайымдауынша, мұндай аса маңызды істе екі адам тым аздық етеді. Олар өзара келісіп, басқа бағытта әрекет етуі мүмкін. Үш адамның болуы да жеткіліксіз. Екі фигура өзара сөз байласып, үшіншісін жойып жіберуі де ықтимал. Кезінде Кеңес Одағының саяси басшылығында орын алған жағдайлар (Маленков, Берия, Хрущев арасындағы талас-тартыс) бұған дәлел. Сондықтан, төрттікте «сценарийден тыс» іс-қимылға бару қаупі төмендеу болады. 

 Енді мұрагерлікке бірден-бір үміткер азаматқа келейік. Неге Самат Әбіш? Ол – Елбасының немере інісі. Келесі жылы ол 40 жасқа толады. Конституция бойынша президенттікке Қазақстанда туылған, жасы 40-қа толған азамат сайлана алады. Самат Әбіштің мұрагерлікке таңдалуына әсер етететін бірнеше фактор бар.  Рас, ол көпшілікке танылып үлгермеген. Ел-жұрт тіпті оның түрін де танымайды. Әйткенмен, Самат Әбішке қатысты қандай-да компроматтың жоқтығы, оның Ұлттық қауіпсіздік саласында қызмет атқарып, әбден шыңдалуы басты көзірлер ретінде сипатталуда.  

Бұл тұрғыда Самат Әбішті қазірден-ақ Путинмен салыстыратындар табыла кетті. Ресей президенті де – ФСБ-ның кадрлық қызметкері болған. Самат Әбіштің карьерасы былайша өрбуі мүмкін: әуелі ол ҰҚК төрағасы қызметіне жайғасады. Кейін халыққа таныту үшін премьер-министр қызметіне тағайындалуы ықтимал. Сценарий бойынша Назарбаева Парламент Сенатының төрайымы болып бекітілсе, Самат Әбіштің президент атануына ешкім кедергі бола алмайды.  Бірақ, алдын-ала тон пішудің қажеті жоқ. Дайындық тым жақсы болғанның өзінде бұл сценарийдің іске аспай қоюы мүмкін екенін ұмытпайық. Себебі, президенттік билікті мұрагерге тапсыру – тым күрделі саяси процесс.  Әлбетте, бұл ретте көрші елдер – Ресей, Өзбекстан, Түркіменстан, Әзірбайжанның тәжірибесі ескерілмек. Қандай сценарий іске асса да, біз үшін ауыс-түйістің талас-тартыссыз, қарулы қақтығыссыз іске асуы маңызды. Ал екінші президент елдің ықыласына бөлене алады ма, жоқ па? Оны төреші уақыт көрсетер.

Бекбол ҚАЛДЫБЕК,

«Рейтинг» газеті.

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>