• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ҚЫРЫМБЕК КӨШЕРБАЕВ БАЙҚОҢЫР ТУРАЛЫ НЕ ОЙЛАЙДЫ?

20 Ақпан, 201713390


17 ақпанда Орталық коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевпен бейресми кездесу болды. Кездесуге сарапшылар, журналисттер, блогерлер қатысты.

Кездесу барысында Қ.Көшербаев «Байқоңыр» ғарыш айлағы жайлы да ойын айтты.

«Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағы дамуының екінші кезеңін Үкімет дәрежесінде анықтау қажет. Отандық өнеркәсіп пен ғарыш саласының негізіне айналатын қала және ғарыш айлағының базасында ғылыми- иновациялық кластер құру керек. Бәлкім жаңадан құрылған қорғаныс және аэроғарыш министрлігінің кейбір құрылымдарын Бақйқоңыр қаласының аумағына орналастыру мәселесінде ойласу керек шығар», - деді облыс әкімі.

«Байқоңырда жасалған, бар дүниені сақтап, қажетімізге жаратпасақ, бұл біз үшін кешірілмес нәрсе болады» деп сөзін сабақтаған Көшербаев қазірдің өзінде технологиясы дамыған бірқатар елдермен Байқоңырда бірлесе жұмыс істеу жөнінде жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Ал, Ресей тарапы бірлескен ғылым және технология комитетін құру туралы ұсыныс беріп үлгергенін де мәлімдеді.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Байқоңырдағы біраз обьектілердің Ресейдің заңды қолданысынан шығарылғаннан кейін туындауы мүмкін әлеуметтік мәселелердің алдын алу үшін осы бастан бірқатар проблемаларды шешу керектігін де айтты.

«Байқоңыр» ғарыш айлағын Ресей Қазақстаннан жалға алып отырғаны мәлім. Кезінде Байқоңыр қаласына іргелес ауылдардың қалаға кіріп-шығу, мектептердің Ресей оқу бағдарламасымен оқытылатыны, ауруханалардың біздің елдің азаматтарын қабылдамауы сияқты көптеген қиындықтар болған. Ол өз уақытында баспасөзде кеңінен жазылған.

Қырымбек Көшербаев Қызылорда облысына әкім болып барғаннан кейін Байқоңыр мәселесімен нақты әрі кешенді түрде айналысты. Нәтижесінде, қаладағы мектептер Қазақстанның оқу жүйесіне көшірілді. Және Байқоңыр қаласынан Қызылорда облыстық ауруханасының филиалы ашылып, облыс орталығынан шалғай жатқан, Байқоңырға жақын елді-мекендер тұрғыны алысқа сабылмай, дер кезінде ем алатын болды. Бұған қоса, жылына екі рет ұйымдастырылып келе жатқан «Байқоңыр» инвестициялық форумы да аймақтың дамуына серпін беріп отыр.

arasha.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>