• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

МОЛДАВИЯ ПРЕЗИДЕНТІ: БІЗГЕ АҚШ-ТЫҢ АҚЫЛЫНЫҢ КЕРЕГІ ЖОҚ

28 Ақпан, 201715710


Жақында ғана  билікке келген Молдова президенті  Игорь Додон «бұдан былай біз өз позициямызбен өмір сүретін боламыз» деп мәлімдеді. Бұл пікірді  ол АҚШ пен Румыния елінің президенттері мен дипломаттарына жауап ретінде айтты.

Айта кететін болсақ,  ресми Кишинев НАТО-ның әскери жиынына қатысудан бас тартты. Ал бұл мәлімдемеге  қатысты АҚШ пен Румыния елінің дипломатиялық өкілдері  алаңдайтынын білдірді. 20 қаңтардан бері Румыния елінде НАТО ұйымының әскери оқу-жаттығу жиындары өтіп жатқаны белгілі.

–Біз  өз тәуелсіздігімізді жариялаған мемлекетпіз. Кіммен одақтас болатынымызды өзіміз шешеміз. Сондықтан президенті оқытудың қажеті жоқ. Қандай да бір елдің елшісінің президентке келіп, ақыл айтып, оны өз жағына шығарудың қажеті шамалы. Біз не істейтінімізді өзіміз білеміз, -деп мәлімдеді Молдова президенті.

Бұл Молдова президентінің айтып отырған бірінші пікірі емес. Бұған дейін де ол баспасөз мәслихатын өткізіп, Ресеймен арадағы қарым-қатынасты жақсарту туралы мәселе көтергені белгілі. Сонымен қатар, ол «молдовандықтар НАТО  ұйымының майшелпегі бола алмайды» деп қатқыл жауап берген. Енді міне «Президентке ақыл айтудың қажеті жоқ, біздің ұлт қай жолмен жүрерін өзі шешеді» деп отыр.

Дұрыс та шығар…

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

 

Айқын газеті

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>