• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Cағадиев: "Назарбаев айтса, отставкаға кетемін"

03 Март, 20176480


 

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев президент шешсе, отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгін парламентте өткен отырыстан кейін журналистер министр Ерлан Сағадиевке әлеуметтік желідегі жұрттың оның отставкаға кетуін сұрап жатқанын айтты.

“Мұндай провокациялық сұрақтар қоймаңыздар. Оны шешетін президент. Президент айтса кетемін”, — деп жауап берді тілшілердің сұрағына министр.

Айта кетейік, қоғам белсенділері министр Ерлан Сағадиевтің отставкаға кетуін талап етіп, әлеуметтік желілерде жарыса жазып жатыр. Осыған дейін үштілділік, жоғары оқу орындарында ежелгі қазақ тарихының алынып тасталғаны аздай, енді Білім және ғылым министрінің бұйрығымен жоғары және одан кейінгі оқу орындарындағы мамандықтар тізімінен “Қазақ тілі”, “Қазақ əдебиеті”, “Қазақ тарихы”, “Лингвистика”, “Шығыстану” сияқты мамандықтар алынып тасталынды деген ақпарат тарады.

Сағадиев жетекшілік еткен министрлік қазақ ұлтын, тілін жоюға бағытталған бастамасына наразылық білдірген еліміздің бір топ ғалымы Марат Тәжин, Гүлшара Әбдіқалықова мен Бақытжан Сағынтаевтың атына ашық хат жолдаған. Бірақ министрдің өзі мұны бүгін жоққа шығарды. Ол бұл туралы естімегенін айтып, алыпқашпа әңгімелерге сенбеуді сұрады.

 

Дереккөз: dalanews.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>