• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Төрт әйелі бар қарағандылық азамат 8 наурыз мерекесінде әйелдеріне қандай сый жасайды?

08 Март, 201715190


Некелі төрт әйелі бар қарағандылық азамат Қуаныш Хантөре 8 наурыз мерекесінде әйелдеріне қандай сый жасайтынын айтты, деп хабарлайдыBaq.kz агенттігінің Қарағандыдағы тілшісі.

4-2qtk
Қарағанды облысының Шет ауданында тұратын Қуаныш Хантөре шариғат жолымен төрт әйелге үйленген. Елудің бел ортасына келіп қалған Қуаныш Хамитұлы бүгінде үлкен шаңырақтың отағасы болып отырған жайы бар.

Қуаныш Хантөре бәйбішесімен 1986 жылы 22 жасында отау құрып, алты баланың әкесі атанады. Осыдан кейін 2001 жылы екінші рет үйленуге бел буған отағасы туған-туыстарының қарсылығына қарамастан өзінен 17 жас кіші қызбен некелеседі.

Екінші әйелінен алты бала сүйген отағасы Шет ауданының орталығынан еңселі үй тұрғызып, екі әйелімен сол үйде қоныстанады.
2006 жылы төрт баламен жесір қалған әйелмен некелесіп, балаларын бауырына басқан. Сол жылдары шаруа қожалығын ашып, мал шаруашылығымен айналысқан Қуаныш Хантөре үшінші әйелінің отауын осы қыстаққа тігеді.

2014 жылы Қуаныш Хамитұлы екі баламен жесір қалған досының әйеліне төртінші рет үйленеді. Төртінші әйелін Қуаныш екінші қыстаққа орналастырады.
Ынтымағы жарасқан, өнегелі отбасының асыраушысы, отағасы Қуаныш Хантөре бүгінде ауыл-аймаққа, туған-туысқа сыйлы азамат. Халықаралық әйелдер мерекесінің қарсаңында Қуаныш ағаға хабарласып, әйелдеріне қандай сый жасайтынын сұрап білген едік.

«Бұл мерекенің мақсаты әйелдердің, аналардың көңілін көтеру, оларға ықылас білдіру деп ойлаймын. Ал, өзіме келетін болсам әйелдеріме ең бірінші жылулық сыйлаймын. Оларды балаларымның анасы, жалпы қазақтың, елдің анасы деп құрметтеп, мерекеде өзгеше көңіл білдіремін», – дейді Қуаныш Хантөре.

Төрт әйелінен 16 бала, жиырмаға тарта немере сүйген Қуаныш Хамитұлы бойындағы жылулықтың әйелдеріне, балалары мен бауырларына да жететінін айтады.

«Алла «өзіме ұқсатып жараттым адамзатты» деген екен. Адамның бойында үлкен рухани қуат бар екен. Менің де бойымдағы жылулық әйелдеріме, балаларыма, бауырларыма жетеді. Қазақ жесірін жылатпаған, жетімін жәутеңдетпеген – халық. Менің екі әйелім жесір, олардың төрт баласына қамқорлық көрсетемін. Шамам келгенше пана болуға тырысамын», – дейді төрт әйел алған қазақ.

«Әйелдерімді алаламаймын, олардың мінез-құлқын, ахуалын, рухани жағдайын, көңілін білемін, соған қарай сыйлық жасаймын. Біреуге жылулық, біреуге махаббат керек, енді біреуіне жылы сөздер айтамын. Материалдық тұрғыда да сыйлықтар жасаймын. Оларға ерім бар, азаматым бар деп марқайып, еңсесі көтерілетіндей сыйлық жасауға тырысамын. Осылайша әрбір әйелімді қуантамын», – дейді Қуаныш Хамитұлы.

Осындай үлкен отбасының отағасы әйелдермен қатар аналарды да мерекемен құттықтайтынын айтады.

«Қазақтың қасиеті, дана аналары көп болған. Бүгінгі ұрпақ, қыздарымыз, әйелдеріміз сол аналардай ел анасы болсын деген тілегімді айтқым келеді. Аналарымыз аман болсын!», – деген тілегін жеткізді Қуаныш Хантөре.

Қуаныш Хантөренің 89 жастағы анасы өзімен бірге тұрады. Төрт әйелдің бір отбасында тату-тәтті тұрып, шаңырағының шайқалмай, түтінінің түзу шығуына осы асыл ананың да септігі тиетін болар.

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>