• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Жер үшін алаңға шыққандар түрмеде, ал біржыныстылардың құқығы үшін "шырылдағандарды" ешкім ұстамайды да

09 Март, 201719940


Қазақ алаңға шығып, конституцияда белгіленген құқығын пайдалана отырып, билікке деген өз наразылығын білдірер болса, сол жерде соғыс басталғандай қарулы жасақ жинала қалады. Кеше Алматы қаласында 8 наурыз мерекесін  сылтау қылған бір топ феминист алаңға шықты. Біз қарулы жасақты былай қойып, жай форма киген полицейлердің өзі төбе көрсетпегеніне таң қалдық.

Құдайға шүкір! Бірақ жылда әркім өз ойын ашық айтатын, дамыған елдер секілді митинг өткізетін жағдайға жетіппіз.

21 мамырдағы жерді жалға беруге қарсы митингтердің болғанына бір жыл бола қойған жоқ. Әр адамға 5 құқыққорғаушы жабылатын күн келмеске кеткен сыңайлы.

Кешегі митингте соны феминистер дәлелдеді. Бұл шеруде не айтылды? Қысқаша баяндай кетейік.

«Я не хочу бояться мужчин», «Соблюдение прав и безопасность в женских колониях», «Женщина никому ничего не должна» ұранын көтерген қыз-келіншектер елдегі зорлық-зомбылықты және бір жыныстыларды кемсітуді тоқтатуды талап етті.

Алаңға шыққан белсенділердің айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанда отбасылық зорлық-зомбылықтың үлес салмағы артып кеткен. 

«Соңғы жылдары 8 наурыз гүлдер мен нәзіктіктің мерекесіне айналды. Жұрт әйел адамдар үнемі нәзік әрі сұлу болуы керек дейді. Біз бұл дәстүрді бұзып, 8 наурыздың шынайы мәнін қалпына келтіргіміз келеді. Яғни әйелдер еркектермен тең болуы керек. Әйелдер жұмыста, көшеде, қоғамда ерлермен бірдей таңдай жасай алуы тиіс. Ер мен әйел деп бөлінуге қарсымыз. Біздің елде бұл үдеріс кенжелеп қалды, – дейді шерушілер.

Олардың айтуынша, әйел адам бала тууға міндетті емес. Бұл әркімнің өз таңдауы. 

Енді, саралап көрейік. Бізге қай митинг қауіпті? 21 мамырдағы ма, кешегі ме?

Егер де құқық қорғаушылар ақылға салса, жер үшін шырылдаған қазақтың үніне өздері де қосылып кетуі керек еді. Өйткені, ол жерде ұлттың ұлттық мүддесі бар болатын. Болашақ қазақ мемлекетінің жатқа есесі кетпеу үшін шырылдаған әр азамат құрметке лайықты еді. 

Ал, мына митинг... Ұлты былай қойып, адамзатқа қауіп төндіретін біржыныстылардың құқығы үшін жанталасқандардың "дәудір-дайы". Біздің құқыққорғаушылар бүгін ләм демеді, ертең олардың саны өсе түспесіне кім кепіл? 

Жалпы, кім дос, кім қас екенін ажырата алмайтын, ажыратса да шетке қарап қорқақтайтын "жарты-бас" шенділерді аяймын, кейде... 

Мына феминистер секілді арқа сүйері жоқ қазақ қайда барып күн көрер екен?

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>