• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Димаш тойға шықпайды

10 Март, 201710150


«Димаштың тойдан алатын гонорары 15 мың долларға өсіпті», «Қытайдағы байқауға сол жақтағы қандастар ат салысыпты», «Димаш қатты ауырып қалыпты» деген секілді түрлі алып-қашпа әңгіме бар. Міне, осының барлығының анық-қанығы белгілі болды.

 «Айқын» басылымына сұқбат берген Димаштың әкесі Қанат Айтбаев ұлы қатысып жатқан Қытайдағы телебайқауға қатысты барлық мәліметті ашып айтты.

Димаш Қытайға Ертай Нүсіпжановтың шақыртуымен барып қалды

– Өткен жылы Ертай Нүсіпжанов атты азамат хабарласып, Қытай елінде өтетін осынау сайыстың ғаламтордағы сілтемесін жіберіп: «Бірнеше әншілердің әндерін конкурстың ұйымдастырушыларына жолдамақ едім, Димаштың орын­дауындағы әндерді де жіберсем, қалай қарайсыз?» деп сұрады.

Сайысты интернет арқылы саралап көріп, ұсынысқа қарсы болмадым.

Кейінірек Димаш Қытай еліне барып, ұйымдастырушылар тарапынан өткізілген іріктеу кезеңіне қатысып келді. Ол жақтағы мамандар әншілердің музыка саласындағы деңгейін тексеріп, қатысқан өнер додаларымен танысып, дауыс­та­рының мүмкіндігін зерттеп, жалпы ин­теллектуалдық деңгейіне дейін зер­делеп көреді екен. Жан-жақты сұрып­таудан өткеннен кейін, Димаш қаңтар айында басталатын осы байқауға жолдама алды…

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

— Конкурстың күрделілігі сол, сайысқа өнер әлемінде талай асулардан өтіп, әбден шыныққан, тыңдармандарының қошеметіне бөленген кәсіби әншілер қатысады. Өнерпаздарға қойылатын талаптар да қатаң. Конкурс қатысушылары бекітілген әнді нақышына келтіре орындай алуы өз алдына, шығарманың табиғатын жан-жақты ашып, түрлі қырынан таныта алуы керек.

Әр кезеңнің арасы – бес-алты күн. Осы мерзім ішінде жаңаша аранжировка жасап, оркестрге лайықтап партитураға түсіріп, өзіңе бейтаныс, бөгде тілдегі әуеннің мәтінін жаттап, жан дүниеңе сіңіре білу қажет. Бұл – аса қиын процесс.

Димашқа ел азаматтары, өнерде жүрген ағалары, достары көмегін көрсетуде.

Қасында жүрген досы Алпамыс Шаримов, Оралда Ерлан Бекчурин, Ақтөбеде Бақытбек Зейнелов, Атырауда Бауыржан Ақтаев, Алматыда Ұлықпан Жолдасов, Астанада Дмитрий Валерьевич сынды азаматтар бірлесіп, Димаштың белгілеп берген ән құрылымына сәйкес, әр кезеңнің шығармаларының аран­жировкасына атсалысып, нотасын қағазға түсіріп, өңдеп, Қытайдың оркестріне уақытылы беріп жіберуде.

Нәтижелерін өздеріңіз тыңдап жүрсіздер. Мәдениет және спорт министрлігі, Димаш оқитын Қазақ ұлттық өнер университетінің ұжымы, Ақтөбе облысының басшылығы үлкен қолдау көрсетіп отыр. Осынау сын сағатта Димашқа тілекші болып отырған қалың көпшіліктің бәріне алғысым шексіз.

 

Витас тікелей өзімізге шығып, шағымданған жоқ

– Байқаудың екінші кезеңінде Димаш ұйымдастырушылардың ұсынысымен Витастың ең күрделі саналатын «Опера 2» әнін шырқады. Бұл енді байқаудың ұйымдастырушылары мен шағымданушы арасында болған түсінбестік болса керек.

Негізі, тікелей өзімізге келіп, шағым айтқан ешкім жоқ.

Лара Фабианның кездесуге шақырғаны рас, тек оған уақыт таппай жатырмыз

– … Әйгілі Джеки Чанмен кездесуден кейін Димаш үйге ерекше шаттанып келді. «Қандай жақсы адам. Осынша атағына қарамай, өте қарапайым, кіші­пейіл жан екен» деп, қатты әсерленгенін айтып тауыса алмады. Джеки Чан секілді жақсы азаматтың жайсаң мінезі Димаштың болашақта дәл сондай жүрегі кең, мықты азамат болуға деген талпы­нысын күшейте түсті деп ойлаймын.

Ал Лара Фабианмен кездесудің мерзімі әлі нақтыланған жоқ.

Қазіргі конкурс ол туралы ойлауға да мұрша берер емес. Егер сайыстан кейін ондай мүмкіндік болып жатса, Фабианға міндетті түрде қазақы нақыштағы дүние сыйлайтынымыз анық.

Гонорар туралы дабыраны сарыжағал басылымдар шығарып жүр

– Димашты өнер жолына бағыттағанда оған тойдан табыс тапқыза қояйық деген ниетіміз әу бастан болған емес.

Кейбір сарыжағал ақпарат құралдары айтып жүргендей, „Димаштың қаламақысы пәлендей болыпты„ деген сөздер шын­дыққа еш жанаспайды.

Біз ондай ақпарат берген жоқпыз, тап қазіргі сәтте біздің басты мұратымыз сайысты нәтижелі аяқтау, басқаны ойлайтын мүмкіндік те жоқ.

Ата-ана ретіндегі басты арманымыз – ұлымыздың азамат болғанын көру. Егер ол үйге жүлделі оралып жатса, онда еңбегіміздің еш кетпегені. Бұл өзі үшін – үлкен қуаныш, ал біз үшін – мақтаныш.

Баламыздың ден­саулығы үшін көбірек қобалжимыз

– Әрбір өнер додасы – үлкен стресс. Әсіресе, өзіңді мүлде танымайтын бөгде елде, сырын білмейтін сан мыңдаған көрерменнің алдында өнер көрсету – оңай емес. Әрі халықаралық сайыстарға өзің үшін ғана емес, туған еліңнің атынан да бәсекеге түсіп, намысын қорғайсың. Бұл – үлкен жауапкершілік. Байқауларда бағымызды сынаған сайын біз осыны сезінеміз.

Бауыр етің – балаң сайысқа түсіп жатқанда қобалжымай отыра алмайсың, әрине.

Димаштан бұрын өзіміз көбірек қиналатын сияқтымыз кейде. Басқа елдерге барған кезде ауа райының әртүрлілігіне байланысты Димашқа салқын тиіп, сырқаттанып қалған кездері де болды.

Ауырып тұрған баланың сахнада күрделі әндерді орындап тұрғанын көру қандай ауыр екенін де жүрегімізден өткіздік. Негізінен, баламыздың ден­саулығы үшін көбірек қобалжимыз.

Қызметімнен кеткенім, енді рас…

– Ол рас. Димаш түрлі өнер додаларына қатысып жүргеннен кейін оның көптеген концерттік шаралары бар. Әрі халық­аралық жарыс болғаннан кейін ұлымның қасында жүріп, оған демеу көрсеткім келді.

Одан бөлек, осыдан біраз жыл бұрын «Димаш Әли» атты шығармашылық орталық құрған едік. Бұл орталық жас өнерпаздарға бейнебаян түсіруге, аудиожазбаларын жазуға қол ұшын береді. Келешекте осы орталығымыздың жұ­мысын да жандандыру мақсатында отбасыммен ақылдаса отырып, осындай шешімге келдім.

Дереккөз: kaz.365info.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>