• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Мұрагер туралы әңгімені кім шығарып жүр?

13 Март, 201730030


Алдымен, Досым Сәтбаевтың сөзін мысалға келтірейік. Мұрагерлер туралы айтқан. Бір емес, бірнешеуін тілге тиек еткен.

Қайдан шыққан әңгіме?

«Мұрагерлер туралы айтсам, олардың тізімі баяғыша. Бұған президент отбасын, оның ішінде, Дариға Назарбаева мен Тимур Құлыбаевты, ҰҚК басшысының орынбасары, Елбасының немере інісі Самат Әбішті және ескі гвардия қатарындағы тағы бірнеше танымал тұлғаларды қосар едім. Тасмағамбетов? Ол Кіші жүздің баласы. Ұлы жүз бен Орта жүздің өкілдері бұл шешімді қолдай қоюы неғайбыл», — деген Сәтбаев.


Досым Сәтбаев

Сәтбаевтың деңгейіндегі саясаттанушы осылай десе, өзгесіне не жорық?

Жалғыз Сәтбаев емес, осыған ұқсас пікірді талай сарапшының аузынан естігенбіз. Бірін-бірі қайталайды. Бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай сөйлейді. Дәл осылай болатындай көсіледі. Көрегенділік белгісі осы шығар, Құдай біледі. 

Сонда дейміз де, мұрагер туралы әңгімені кім шығарып жүр? Үкімет пе? Билік пе?.. Бәлкім, тақтан үмітті мұрагердің біреуі болар? Елбасының өзі бұл туралы ләм деп, ауызын ашқан емес қой.

Жоқ, өзіміз.  Мұрагер туралы әңгімені де ойлап тапқан өзіміз. Енді оны өзіміз жыр қылып, айтып жүрміз. Осы арқылы билікке ой салып отырғанымызды аңғармаймыз, анығында. Жүйенің ығына жығылып жатқанымызды көргіміз келмейді.   

«Е, бұқараның өзі осыған ықыласты екен. Халықтың сөзінен асып қайда барамыз?» деп, ойлауы мүмкін ғой, біздің биліктің. Солай ойлайды да…

 Қазақстанның демократиялық мемлекет екені өтірік болғаны ма? Ата Заңнан аттап кетуге бола ма?   

Сонда Президенттің демократиялық жолмен сайланатыны қайда?

Жоқ, біз аңғал да, аңқау да емеспіз. «Қазақстанда демократия бар ма?» — деген сауалға өз жауабымыз бар. Белгілері бар, нышандары бар. Бірақ, соның өзін құртып, тұқыртып тынбақпыз.

Мұрагер емес, үміткер

«Тақты тапсыру, билікті аманаттау» деген түсініктерді өз санамызға өзіміз сіңдіріп, оны қалыпты құбылыс ретінде қабылдайтын жағдайға жеткен сияқтымыз. 

Бізді қойшы. Ел әлгі Сәтбаевтардың сөзін тыңдайды, негізінде. Әлбетте, оның деңгейіндегі сарапшылар халықты тәрбиелей алмаса да, пікіріне құлақ түргізе алатын беделге ие.

Ендеше, дәл осы Сәтбаевтар: «Президент демократиялық жолмен сайлануы тиіс қой. Үміткерлердің арасынан бәленбайды, түгенбайды атап айтар едім. Әділ аламанда анау бір үміткердың бағы жанады-ау» десе, болмай ма?  

Болсын, болмасын дәл осылай айтса, бәлкім, билік те ойланар еді ғой. Бұл арада көрші Өзбекстан бізге үлгі болмауы тиіс. Өзбекстанның жағдайында не өзгерді, айтыңызшы? Ештеңе де…

Анығы, мұрагерді халық таңдамайды. Жүйе таңдайды.

Сосын мұрагер туралы әңгіме Ресейге тиімді. Собянин деген бар. Саясаттанушы. Соның сұхбатын оқыдық.

«Назарбаев билікті тапсыруға болатын бірнеше сценарийді ойластырып жүргені анық.  Мұның бірі – билікті туысқанына өткізу және, ең бастысы, өзінің саяси бағдарын сақтай алатын айналасындағы сенімді жақтасына тапсыру», — депті.

Бұл арадағы саяси бағдардың астарына Собянин Кремльді де кіргізіп отыр. Демек, мұрагер туралы әңгіме теріскей көршіміздің тапсырмасымен айтылып жатуы әбден мүмкін. Солай. 

Мұрагер емес, үміткер. Тақты тапсыру емес, әділ сайлау. Бұлардың қаншалықты жүзеге асатыны маңызды емес, бірақ біздің аузымыздан осындай сөз шығуға тиісті. 

дерек: kaz.365info.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>