• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Әзімбай Ғали: Есеп комитетіне келген Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Н. Әбдібеков ешкімді аямайды

15 Март, 201710110


Есеп комитетіне келген Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков ешкімді аямайды. Ол мемлекеттік бағдарламаларды дұрыс орындамағандарды бірінен соң бірін әшкерелейтін болады.

Бұл туралы kaz.365info.kz медиа порталына өңірдегі ауыс-түйістерге қатысты білдірген пікірінде саясаттанушы Әзімбай Ғали мәлім етті. Оның пікірінше, Қарағанды облысы әкімінің басына бұлт үйіріліп тұрғанда оның ісіне Елбасының өзі араласқан. Сондықтан ол Елбасы берген мүмкіндікті ақтап, жаңа қызметіне бар ынта-шынтасымен кіріседі.


Қарағанды облысының экс-әкімі Нұрмұхамед Әбдібеков

— Нұрмұхамбет Әбдібеков Есеп комитеті басшысы болып кетті. Ол марқұм Қозы-Көрпеш Жаңбыршинның қызметтік орнын басты.

Дегенмен Әбдібековтің мойнына бірталай „күнә„ бар. Соңғы кездері ол баспасөзден қашып жүрді.

Әбдібеков облыстың басшысы болып тұрғанда 2014 жылы жазда және 2015 жылдың көктемінде кісі өлімі мен ірі көлемде материалдық шығын әкелген екі су тасқыны болды. Атап айтқанда, 2014 жылы Қарағанды облысы Көкпекті ауылында су қоймасының дамбасы жарылды, одан соң 2015 жылы Мұстафин атындағы ауылды су басты. Әрине, бұл арада барлық кінә табиғаттың мінезінен көре салдық. Сол секілді Теміртаудың тұрғындары екі қыс бойына суық пәтерде қыстап шықты, өйткені жылу стансасында қайта-қайта апат орын ала берді. Сонда жөндеу жұмыстарына бөлінген ақша мақсатына сай жұмсалмағаны ма? Бұл ретте Бас прокуратураның Әбдібековтан әлі алатын сұрауы бар. Қалай дегенмен де бұл іс әлі аяқталған жоқ, сондықтан Әбдібековты сытылып кетті деп айту әлі ерте.

Жуырда оны Елбасы қабылдап, қайта мақтады. Сөйтіп Әбдібековтың жаны қалған секілді. Сондықтан Есеп комитетіне келген ол бұл іске ынта-шынтасымен беріліп кіріседі.

Оған қоса, мұнай арзандап жатыр, ал мемлекеттік бағдарламалар соңына дейін жүзеге асырылмай, бөлінген қаражат ырың-жырың болуда. Мұндайда қаржылық қадағалау күшейе түседі, сондықтан сыбайлас жемқорлықпен ұсталатындар биыл да көп болады деп ойлаймын, — дейді саясаттанушы.

Сергей Кулагиннің кетуі заңды

Әзімбай Ғали Ақмола облысының әкімі Кулагиннің кетуін оң бағалап, енді мұнда көші-қон процесі жаңа серпіліспен жанданатынын бажайлайды.

— Сергей Кулагин зейнет жасына жеткен адам, сондықтан оның қызметінен кетуі заңды. Ал бұл өңірге Мәлік Мұрзалиннің келуімен оңтүстіктен, батыстан алған көш процесі жандана түседі, сол секілді оралмандар мәселесі де оңтайландырылады деп үміттенемін.

Сондай-ақ саясаттанушы елорданың батыс өңірге ерекше мән беретінін баса айтады.


Маңғыстау облысының әкімдігі

— Солтүстік Қазақстан облысына Құмар Ақсақалов келді. Ал алдындағы әкім Ерік Сұлтанов өзін бұл қызметте жақсы қырынан көрсете алмаған секілді.  Ал Алик Айдарбаев енді мұнайшылармен тіл табыса алмаған соң орнынан еріксіз кетті.

Бірақ Астана батыс өңірдің элитасымен аса байыпты болуға тырысады.

Сондықтан да ол жаққа дипломатия тілін жақсы меңгерген Ералы Тоғжановты жіберіп отыр деп ойлаймын. Ал Тоғжанов, өз кезегінде, ең бірінші болып, Маңғыстаудағы қымбатшылықты, баспана жетіспеушілігі, еңбек дауы мәселелерін сынға алып, оны әділ реттеудің жолын қарастыратын болады.

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>