• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Амангелді Айталы: Зиялы қауымда бедел жоқ. Қазіргі авторитет — байлық

16 Май, 201720270


Философ-ғалым Амангелді Айталы Қазақстанда экстремист деп танылған салафиттерге қысым жасауға болмайды дейді.

Ғалымның пікірінше, қазақтар үшін, ең алдымен, ұлттық құндылығы, мәдениеті маңызды, содан соң діни сенім үлкен рөл атқарады. Сондықтан салафит болса да, егер ол қазақ болса, оның экстремистік әрекетке бара қоюы екіталай. Ал салафизм жолын таңдаған адамды қысымға алатын болсақ, шынымен де ол әріге кетіп, ұлттық құндылығынан бас тартып, радикализмге беріліп кетуі мүмкін. Бұл туралы Амангелді Айталы Abai.kz сайтына берген сұқбатында мәлім етті.

Айталы ағамыз оның орнына себеп емес, салдармен күресуге шақырады. „Ызалы адам ғана мейірімсіз емес, ызалы еткен адам да мейірімсіз„ деген ғалым еліміздің саяси және экономикалық саясатта жіберіліп жатқан олқылықтарды салдар деп атайды.

Салафизмге ел азаматтары жұмыссыздықтан барып жатыр деген бос сөз

— Мысалы, қазақ ауылы жаппай кедей, жұмыссыз деу шындыққа сай емес. Ауылда кіші бизнес, кейде көлеңкелі сипат алса да, дамып келеді.

Ауылда дәулетті, орта және кедейлер бар, бірақ қайыршылар, қаңғыбастар жоқтың қасы. Ауылда қазір қисайып құлап тұрғын үйлер де азайған.

Мәселе, мемлекеттік идеологияда. Қазір еңбек адамдары, интеллигенция өкілдері, мәдениет, өнер, ғылым қайраткерлері бұрыңғы рухани беделдерінен айырылды. Қалай табылғанына қарамастан, қазір беделдің көзі байлық болып тұр.

Байлық қуған жастар өсу жолында көп қиындыққа тап болуда. Осыдан келіп жастар арасында абыржу, күйзелістен шығу жолдарын іздеу басталды. Негізгі, ақиқат осы

, — дейді Амангелді Айталы.

Жастар жарқын болашақ барына сенбейді

Сондай-ақ ол болашаққа деген сенімсіздік те жастардың басын қатыруда дейді.

— Баққан малды ұрлап кетеді, ауырсаң дұрыстап, тегін медициналық көмек ала алмайсың, барлығы ақша тұрады, жылда орын алатын табиғи апаттар, дипломмен жұмысқа орналасудың қиындығы, ал жұмыс тапса, қызметінде карьералық өсу мүмкіндігінің жоқтығы (аға-көкесіз), міне, осының барлығы жастың бойына сенімсіздік ұялатады. Оның үстіне, діни уағыздарда мәңгілік өмір мәселесі көп айтылады. Мысалы, мүмкін ертең өлерсің, 10 жылдығыңды ойлаудың не қажет бар деген секілді. Айналып келгенде, бұл психология осы өмірдегі белсенді іс-амалдың құндылығын кемітеді. Ал ұрпақтар сабақтастығының үзілуі дін жағынан сауатсыз әке-ана, ата-әженің беделін түсіріп, олардың орнын жалған «әулиелерді» дәріптетеді.

Осылайша таза су болмағандықтан жастар лай суға тап болып, дәстүрлі емес ислам идеологтарының ықпалына түсіп қалуда.

Дегенмен Амангелді Айталы осылай өмірдің түрлі ағынымен дәстүрлі емес дін жолына түскендерге қысымдық жасау артық деп санайды. Өйткені ғалымның пікірінше, қазақтар үшін дәстүрлі ислам деген ұғым бұлдыр, нақты емес. Қазақтардың басым көпшілігі суниттер мен шиитерді, мазхабтарды айыра бермейді.

Тек өзінің қарсылығын, наразылығын білдіретін, негізінен, іштей өзін сабырға шақыратын жерді іздеп барған ол жерге. Басқа қайда барады, айтыңыздаршы? Ондай бізде саяси алаң жоқ қой…

Билік азаматтардың діни сенімін сыйлауды қашан үйренеді?

— Сондықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дәстүрлі емес діндегілердің барлығына бәсекелестер деп қарамай, ұстанымдарын аңықтаса, біз елімізде дінішілік келісімге келеміз, болмаса қақтығыстар жалғаса беріп тұйыққа тірелеміз. Бұл оңай жол емес екені белгілі. Дегенмен ұлы Абай айтап па еді: «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» деп.

Негізінен, күштілік құрылымдарда өз лауазымын асыра сілтейтіндер жазалануы тиіс.

Колонияларда сотталғандардан экстремизмнен бас тарттым деп қолхат алу үшін ұрып-соғуды айтпағанда, қорқыту, «сақтық» мақсатында қысым жасау жағдайлары жиі кездеседі.

Күштік құрылымдар қызметкерлері заңды сақтауға, әдептілікке мүдделі болуға тиісті, себебі заңсыз зорлық-зомбылықтан, ең алдымен, өздері жапа шегуде.

Бизнеспен айналысатын салафиттерге қысым жасауға болмайды, олар радикализмге аса бейімді емес.

Ал күнкөрісінен айырылса, аянатын ешнәрсе қалмайды, көз жұмып радикализмге кетуі мүмкін.

kaz.365info.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>