• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Асылхан Мамашұлы. «Даусымды Нұр Отанға бердім, нан ұрсын!»

15 Қаңтар, 201215221292


Жексенбі күні кезектен тыс парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауына дауыс беру барысында сайлау заңының өрескел бұзылғаны туралы түрлі ақпараттар интернеттегі әлеуметтік желілер арқылы тарап жатыр.

Сайлауға қатысқан шетелдік кейбір бақылаушылар бір сайлаушының бірнеше адамға дауыс беру үрдісін көптеп байқағандарын айтады. Ал бас прокуратура қаңтардың 15-і күні сайлау заңнамасына қатысты түскен 18 арыз-өтініштің ешқайсысы расталған жоқ деп хабарлады.

«ДАУЫСЫМДЫ НҰР ОТАНҒА БЕРДІМ, НАН ҰРСЫН!»

Алматы облысы Қарасай ауданы Жаңа тұрмыс ауылындағы №374 сайлау учаскесінде бюллетеньді жәшікке топтап салып жатқан оқиғаның үстінен түскен Азаттық тілшісі болған жайтты видеоға түсіріп алды.

Мектептегі сайлау учаскесіндегі дауыс беретін жәшікке сайлау бюлеттеньдерін топтап салып жатқан қыз «Сіз не істеп жатырсыз?» деп сұраған Азаттық тілшісінің сұрағына «қарт адамдардың орнына бюллетень салып жатырмын» деп жауап берді.

Сәлден соң осы жерге келген тағы бір ер адам да әлгі қыздың ісін қайталады. Журналисттің қойған сауалына бұл адам «отбасындағы тоғыз адам үшін» дауыс бергенін айтып, «дауысымды Нұр Отанға бердім, нан ұрсын!» деп ақталуға тырысты.

Азаттық радиосының тілшісі бейнетаспаға жазып алған сайлау заңына өрескел қайшы іс-әрекетті учаскедегі сайлау комиссиясы мүшелерінің арасында жүрген әйелдердің бірі «дауыс беруге келгендердің көбі сауатсыз, кейбірінің көзі нашар көреді» деген «дәлел» келтірген болды.

Ал сол жерде отырған сайлау учаскесінің төрайымы әрі осы сайлау учаскесі орналасқан орта мектептің директоры болса, бұл жайтты байқамай, яғни көрмей қалғанын айтты. «Ол қыздарды дауыс беретін жәшік жанына тұрғызған ешкім де жоқ. Мүмкін біреулер көмектесіп жібер деп өтінген шығар» деп жауап берді ол Азаттық тілшісіне.

ЕСКІ ДӘСТҮР

Қазақстандағы сайлауды бақылауға АҚШ елінен келген Сергей Грецкий сайлау учаскесінде бір сайлаушының бірнеше адам үшін дауыс берген оқиғалардың көп екендігін айтты деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі.

– Мен әлгі отбасылық дауыс беру дейтін көп жайттарды бақыладым, – деп мәлімдеген ол жексенбі күні баспасөз брифингінде.

Бұны «советтік дәстүрден қалған ескі ән» деп атаған шетелдік бақылаушы: «бір қызығы, сайлау комиссиясының мүшелері осы процесті тоқтатуды қажет деп таппады» деп атап көрсеткен.

Кезектен тыс парламент және жергілікті мәслихат сайлауларының науқаны басталғаннан бері оның барысына мониторинг жүргізіп келген «Сайлау» қоғамдық бақылау коалициясы интернеттегі арнайы сайты жексенбі күні Астана уақытымен сағат 17-тен бастап ашылмай қалды деп хабарлады «Ар.Рух.Хақ» қоғамдық ұйымының жетекшісі Бақытжан Төреғожина.

– Әуелгіде сағат 11-ден бастап әлдекімдер осы сайттағы кез-келген деректерді жоққа шығарған жазулар жолдап, белсенді қимылдар бастады. Тіпті болмай үдеп кеткен соң олардың жазғанын жарияламай қойдық. Сол-ақ екен, көп ұзамай сайтымыз ашылмай қалды, – дейді Бақытжан Төреғожжина.

Оның айтуынша, сайттағы ең соңғы деректер бойынша, сайлау учаскелеріне «әткеншек» әдісі бойынша дауыс беруді ұйымдастыру, сайлау бюллетеньдерін топтап салу, бақылаушылардың жұмысына кедергі жасау немесе оларды дауыс беріп жатқан жерге жолатпау сияқты 300-ге жуық дерек, сондай-ақ сайлау заңын бұзуға қатысты «Туиттер» желісі бойынша 2 мыңға жуық хабаралама келіп түскен.

Жексенбі күнгі дауыс беру барысында сайлау заңнамасының бұзу әрекеттері көп жерлерде тіркелгені туралы Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы да хабарлама таратты.

ПРОКУРАТУРА ДӘЛЕЛ ТАППАДЫ

Қаңтардың 15-і парламент пен мәслихат депутаттарының сайлауына дауыс беру барысында сайлау заңының өрескел бұзылғаны туралы түрлі ақпараттар интернеттегі әлеуметтік желілер арқылы тарап жатыр. Бас прокуратура 18 арыз-шағымның ешқайсысы расталған жоқ деп мәлімдеді. Алматы маңындағы бір сайлау учаскесіне барған Азаттық тілшісі бюллетеньді жәшікке топтап салып жатқан оқиғаның үстінен шықты.

Қазақстан бас прокуратурасы қаңтардың 15-і күні сайлау заңнамасына қатысты түскен 18 арыз-өтініштің ешқайсысы расталған жоқ деп хабарлады.

«Сағат 15-тегі жағдай бойынша, прокуратура органдарына сайлау заңнамасының бұзылғаны 18 арыз-өтініш түскен. Заңдылықтың бұзылғаны туралы ақпарат расталған жоқ», – деп мәлімдеді Қазақстан бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков жексенбі күні Астанадағы брифингте.

Жексенбі күні Қазақстанда кезектен тыс парламент мәжілсі және мәслихат депутаттарының сайлауына дауыс беру жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 7-де басталды. Дауыс беру кешкі сағат 8-де ​​аяқталады.

Ресми дерек бойынша, 16 миллионнан аса тұрғыны бар Қазақстанда 9,3 миллион сайлаушы тіркелген.

Орталық сайлау комиссиясы Астана уақытымен сағат 14-ке дейін түскен мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда сайлаушылардың 55,5 пайызы, яғни 5 миллион 162 мың 922 адам дауыс бергені туралы хабарлады.

http://www.azattyq.org/content/kazakhstan_parliament_maslikhat_election_...

"Азаттық радиосы"


 

 

 

 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>