• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Германия қазағы: Президент тапсырма бергенімен, қоластындағы азаматтар көбіне оларды аяқсыз қалдырады

04 Шілде, 201726100


- Өмірхан аға, жалпы дүниежүзі қазақтарының құрылтайы осы уақытқа дейін бірсыдырғы сценарий бойынша өтіп келгені белгілі. Мақтау, марапаттау т.б. Бұл жолы құрылтайға жиылған елдің де, Елбасының да назарын аудартқан сөз сіздің аузыңыздан естілді. Ол әрине, Қытайдағы қандас бауырлардың саяси қысымға ұшырауы...

- Бұл мәселені Елбасының тікелей өзіне жеткізуімізге жалғыз ғана себеп бар. Ол шетте шашырап жүрген қазақтың жанайқайы. Бауырларымыздың жиырма бірінші ғасырда, кешегі кеңестік жүйе кезіндегідей айдау, қуғын-сүргін көруі ақылға қонымсыз дүние. Сондықтан, сөздің реті келгенде айттым. Дүниежүзі қазақтары құрылтайдың мақсаты да сол емес пе?! Мәселені айту керек. Соның шешілу жолдарын талқылау керек. Шешім шығару керек.

Біз құрылтайға не үшін келдік? Қазақтың мәселесін, шеттегі бауырлардың проблемаларын ортаға салу үшін жиналады. Сондықтан, адами позициядан, Президенттің алдына келіп тұрғанда бір сөзді, бір қазақтың мәселесін айтып қалайын деп ойладым.

- Расында, шеттегі қазақтың ең үлкен бөлігі Қытайда тұрады. Оның үстіне біз Қытайды серіктес мемлекет ретінде танимыз. Өткенде, бір жиында мынадай қызық дерек айтылды. Қазақстан Қытайдың азаматтарды көшіруге тыйым салынған 26 елінің қатарында екен-мыс...

- Дұрыс айтасыз, басқа-басқа, Қытайда шеттегі қазақтың үлкен бір бөлігі тұрып жатыр. Олардың қазіргі күндегі  жағдайына құрылтай назар аудармаса, онда бұндай құрылтайдың не керегі бар деген де сұрақ туады. Біз қанша айтқанымызбен, Қытайды жоққа шығара алмаймыз. Тарихы бар, мәдениеті бар мемлекет. Географиялық жағынан да Қазақстанмен көршілес орналасқан. Сондықтан, екі елдің арасы тыныш болғаны жақсы. Біз өткен жолы «Жібек жолы» дейтін ортақ жобаны аштық. Қазақстан мен Қытай арасында үлкен сауда-саттық жүріп жатыр. Сондағысы, біздің сұрап отырғанымыз, Қытай жерінде жүрген қазақтың құқығын шектемей теңдік беру ғана. Ол кісі саясаткер ғой. Қытай мен Ресей сияқты державалардың ортасында отырғанда сақтық керек. Соның өзінде, құрылтайда қабылданған мәселелер, атқарылған шаралар көңілден шықты. Президентіміз көп нәрсені дұрыс ойлайды. Көбіне көп, қоластындағы азаматтардың ынтасы жетпей қала ма, көңілсіздік пе, оның жақсы бастамалары аяқсыз қалатын кездері болады.

- Өмірхан аға, сіз демократиялық принциптер сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де орындалып жүрген Германиядан келдіңіз. Жалпы, бізде бұндай мәселелер төтесінен қойылатын кездер сирек. Сіз кезектен тыс сөз алып, осы мәселені елдің де, Елбасының да назарына ұсындыңыз. Мына біз, экранның сыртында «әп, бәрекелді!» дегенімізбен, Ақ орданың айналасындағы кей кісілерге мұндай батырлық ұнай бермейді. Біреудің жолын кесіп кеттім деп ойламайсыз ба?

- Жоқ, біреудің жолын кесіп, ісіне кедергі келтірдім деп ойламаймын. Мен сөз сұрадым. Елбасының өзі сөйле деді. Сол құрылтайда Президент Нұрсұлтан Нзаарбаевтың өзі: «біз Тәуелсіздік алған жылдары санымыз 40 пайыз еді. Қазір қазақстандағы қазақтың саны 70 пайыздың үстіне шықты» деді. Өзі бастамашы болған латын әліпбиіне көшу туралы айтқанда да, «мен 2025 жылға дейін уақыт берген едім. Қазір көріп отырмын, біз латынға ертең-ақ көшуге даяр екенбіз» деді.

Демек, ол кісі де біліп отыр. Шартарапқа тарыдай шашылған қазақтың өсіп келе жатқанын  Елбасы біледі. Қазақстанның қазақиланып келе жатқанын біледі. Біз түбінде қазақи мемлекет боламыз.

- Негізі бұл Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының көтеретін мәселесі еді...

- Енді оны мен айтпасам, менің орнымда басқа бір қазақ көтерер еді. Мынаны айта кетейікші, қазіргі мемлекеттік саясат дұрыс. Еуропадағы қазақтарға 1 жылға виза берсе, Қытайдағы қазақтарға 3 жылға виза ашып отыр. Демек, ол жақтағы ағайынға көңіл бөлінген деген сөз. Енді ептеп жағдайларын жасау керек. Қазақстан миллиард халқы бар мемлекет емес қой. Әсте-әсте болады бәрі. Тек қана Елбасының төңірегіндегі азаматтар салғырт қарамаса болғаны.

abai.kz порталындағы Өмірхан Алтынмен жарияланған сұхбаттан үзінді. Сұхбатты толық оқу үшін

 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>