• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Оппозиция неге жеңіліске ұшырады?

17 Қаңтар, 2012250020


Тәуелсіздіктің жиырма жылында Қазақстанда төрт рет президенттік және бес дүркін парламенттік сайлаулар өтті. Осы жылдардағы экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайлар да елдің есінен шыға қойған жоқ. Советтік одақтың қамытынан шыққан жас мемлекет халықаралық қауымдастықтың тең мүшесі ретінде өзін мойындатып үлгерді. Елде айтулы өзгерістер болып жатыр.

Бірақ осы уақыт ішінде саяси оппозиция сапалық жағынан өсе алмады. Өкінішке қарай, тәуелсіздік жылдары сауатты, салмақты оппозициялық күштер қалыптаспады. Биліктегі партиямен тең күш сынасатын пара-пар саяси партия құрылмады. Ал біраз жылдан бері ел ішінде өзін-өзі «оппозицияға» жатқызатын, ел ішінде саяси құрылым ретінде жұмыс істеп жатқан саяси партиялардың бүгінгі билікті сынағаннан басқа бітірген, тындырған істері көрінбеді.
Сайлауалды насихаттың соңғы күнінде өткізілген саяси партиялар теледебатында оппозиция өкілдері өздерін оң қырынан көрсете алмағандары өкінішті. Бір айға жауық үгіт-насихат жұмыстарының негізгі түйін сөзі, қорытындысы іспетті ұйымдастырылған саяси пікір додасына ЖСДП өкілдері дайындықсыз келгендей әсер қалдырды. Өйткені бірінші және екінші турда экономиканы және адам капиталын дамыту мәселелеріне қатысты өз партияларының сайлау бағдарламасын, болашақ жоспарын таныстырудың орнына Жармахан Тұяқбай мырза жаттанды әдетімен, өзгеге кінә артудан аса алмады. Оппозиция өкілдері өздеріне берілген шектеулі санаулы минуттарды Қазақстан азаматтарын алдағы іс-жоспарларын таныстыру үшін тиімді пайдалануы керек-ақ еді. Оның орнына олар «қарсыласты жұдырықтау» әдісін таңдапты. Бір жағынан, осы жиырма жылда қалыптасқан әдеттен сайлауалды науқан кезінде арылу қиын-ақ. Екінші жағынан, егер шешуші сәттерде жүйелі сөз таба алмаған оппозиция іс басына келген жағдайда, жаңашылдық, іскерлік таныта қояды дегенге енді кім сенеді? Дәл саяси партиялар үшін сын сағатта саяси қайраткерлерге тән мінез-құлық көрсете алмаған оппозициядағы мырзалар билікке қол жеткізген жағдайда, дұрыс шешім қабылдауға қабілетті деуге бола ма?
Бүгінгі оппозицияның өзіндік миссиясы - билікті жоққа шығару ғана сияқты. Мұны ЖСДП төрағасы Жармахан Тұяқбай саяси пікірдода кезінде аңдаусыз аңғартты. Ол «Сіздер экономиканы көтеру үшін қандай іс-әрекет, жоспар ұсынасыздар?» деген нақты сауалға жауап беру кезінде 120 секунд бойы «Нұр Отан» партиясының, бүгінгі Үкіметтің саясатына шәк келтіріп, сыни пікір айтумен ғана шектелді.
Мұндай мінез көрсетудің екі себебі бар.
Біріншіден, «біткен іске сыншы көп». Ұлт болашағына игілік әкелер әлдебір қиын істі бастап, оны үнсіз орындаудан гөрі, «бізде бәрі қиын, дұрыс нәрсе жоқ» деп байбалам салған оңай, әрине. Оның үстіне, Батыстың кейбір «әсіредемократтарына» мұндай айқай майдай жағатыны да белгілі. «Қазақстанда адам құқығы тапталып жатыр, оппозиция өкілдері қуғынға түсіп жатыр» деген кейбір «қайраткерлердің» шетелдерге қыдырып, түрлі «гранттар» мен сыйлықтар алып, материалдық марапаттауларға ие болып жататыны жасырын емес.
Екіншіден, «қорыққан бірінші жұдырықтайды». «Не істеу керек?» деген нақты сұраққа жауап беру кезінде Жармахан Тұяқбайдың өз партиясының іс-жоспарын айтудың орнына билік партиясына сын айтуының сыры басқада. ЖСДП «ғайыптан тайып», билік басына келе қалған жағдайда қандай жаңа жоспар ұсынып, тың жобаларды жүзеге асыратынын өзге түгілі, өзі де білмейтін сияқты. Оппозиция өкілдерінің аузына түсетін алғашқы сөзі «бізде бәрі қиын, жағдай нашар». Бәрін қаралау, сыпыра жамандау. Ал «Бұдан жақсы болу үшін не істеу керек?» деген сұраққа жауап айтуды керек қылмайды.
Сынның да сыны бар. Саяси қарсыласты әріптеске айналдырар конструктивті сын бар да, өзін-өзі жарнамалауды мақсат еткен құр даңғаза сын бар. Өкінішке қарай, бүгінгі оппозиция өкілдерінің сынының сипаты екіншіге көбірек ұқсайды. Алайда мұндай арзанқол сын саяси партияға ұпай да, абырой да әпермейді.
Оның үстіне Жаңаөзен оқиғасын оппозиция өкілдері өздеріне халықтың көңілін аудару үшін пайдалануға тырысты. Әлеуметтік кикілжіңнен туған оқиғадан соң халықты тыныштандырудың орнына, жағдайды одан әрі ушықтыруға үндеген ұрандар айтылды. Мұның бәрі мемлекет билігіне ұмтылған салиқалы саясаткерлерге тән қасиет дей алмаймыз.
Қайраткер ең әуелі өзінің имиджін емес, халқының жағдайын ойласа керек.
Оның үстіне бұл партияның басшылығындағы кейбір азаматтардың бұрын билік құрамында болғанын ұмытпау керек. Ендеше, олардың өзін мемлекет қайраткері ретінде көрсетер мүмкіндігі болған. Бірақ дер шағында билікті халық қамы үшін тиімді пайдалана алмаған, өзін іс басында көрсете алмаған азаматтар «екінші мүмкіндік» сұрай ма? Өкінішке қарай, екінші мүмкіндік әр адамның басында сирек болатын құбылыс. Оның үстіне өз мүмкіндігін бұдан әлдеқайда жастау кезінде көрсете алмаған саясаткер он жылдан астам уақыт нақты істен шет жүргенде, оны қабілет-қарымы ұштала түсті дегенге кім сенер?
Ал Жармахан Тұяқбайдың Жаңаөзенде төтенше жағдай мерзімінің ұзартылуына байланысты сайлауды кейінге қалдыра тұруға қатысты мәлімдемесі уақыт ұтуға талпыныс сияқты әсер қалдырды. Оппозицияның сайлауға дайындығының деңгейі - осы ойдың дұрыстығының дәлелі.
ЖСДП бұл жолы елуден астам үміткерлерден тұратын партиялық тізім ұсынды. Кандидаттардың дені - партияның белсенді мүшелері, қоғам қайраткерлері, журналистер, құқық қорғаушылар.
Бұл жолы тісқаққан саясаткерлер Петр Своик пен Оразалы Сәбдендердің өздері сайлау науқаны кезінде жарқырап көзге түсе алмады. Шамасы, оппозицияның «қартая» бастағанының бір белгісі болар. Оның үстіне билікті сынағанда түрлі айып тағуға шебер оппозицияның өзінде «мұрагерлер» дайындауда ісі ақсап жатыр. Оппозиция серкелерінің көпшілігі саясат сахнасына осыдан он бес, жиырма жыл бұрын шыққан азаматтар. Олардың қатарында білімді, іскер жастар байқалмайды.
Сондықтан да соңғы үш-төрт жылда ЖСДП-ның ел ішінде беделі күрт төмендеді. Халық оппозицияның бойынан өрелі істі көре алмай, оның аузынан шыққан жүйелі сөзді ести алмай діңкесі құрыды.
Қарапайым халықты қараңғы көрудің қажеті жоқ. Бүгінде алыс аймақтағы ауылдардың жасы да, қарты да әлемде не болып, не қойып жатқанын теледидардан көріп-естіп қана отырған жоқ, олар ел ішінде не өзгеріс болып жатқанын, енді не боларын алдын ала болжап, іші сезіп отыр.
Бүгінгі тұрмыстық түйткілдерді, аздаған әлеуметтік қиыншылықтарды халық оппозициясыз-ақ өзі біліп отыр. Өйткені бар ауыртпашылық та, бар қиындық та қай кезде де қара халықтың басында. Сондықтан халыққа керегі «сенің жағдайың нашар» деген байбалам емес, «Не істеу керек?» деген сұрақтың жауабы.
ЖСДП-ның осы сайлау кезіндегі үгіт-насихаты тек электораттың билікке наразы тобына арналғандай сыңай байқатты. Демократияға бет алған қоғамда пікір алуандығы, көзқарас қайшылығы болуы заңды. Алайда бүгінгі ақпараттық заманда елдегі, әлемдегі жағдайдың түгел көріп-бақылап отырған, көзі де, көкірегі де ашық азаматтар құр наразылықтың алысқа апармасын біледі. Оның үстіне ЖСДП өзіне басты «қарсылас» ретінде санайтын «Нұр Отан» партиясы нақты іс-жоспарын «соқырға таяқ ұстатқандай» көрсетіп отырғанда, Қазақстанның сыртқы және ішкі тіршілігіндегі оң өзгерістерді көрмей-білмеу қалу да мүмкін емес. Ендеше, нақты іске ұмтылмаған оппозиция осы жолы өзінің табанының бүрінің жоқтығынан таяқ жеді.
Халық үміті ақталмады. Оппозиция өкілдері бұл сұраққа жауап айтпады. Тіпті сайлау кезінде айтарға жүйелі сөз таппады.
Дауыс беруге құқылы көзі ашық азаматтардың осы сайлау тұсында оппозиция өкілдерінен сырт айналғанының түп себебі - осы.

Темірбек АСАН

  «Айқын»

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>