• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Алтынбек Сәрсенбайұлы – бірегей Тұлға еді...

07 Сентябрь, 20174860


Алтынбек Сәрсенбайұлы – өзі құрған саяси жүйенің шеңгелінен шыға білген (дер кезінде) бірегей Тұлға еді...

 Тұлға… Кейде, осы бір анықтаманы ретті, ретсіз пайдаланып, құнын түсіріп алдық-ау деп ойлаймын. Дегенмен, Тұлғаның кесек болмысы, биік адами-парасат пайымы өзгелерден ерек келетінін естен шығармаған абзал. Мүмкін, бұл - Жаратқанның аса бір шеберлігімен келген қасиет шығар.

Марқұм Алтынбек ағамен жүздесіп не дастархандас болған емеспін. Бұл енді тағдырдың жазғаны шығар.

Бізде Тұлға көп. Бірақ, олар белгілі-бір саланың майын ішіп, жілігін шаққандар ғана «Тұлға» санатында. (Өкінішті!) Оларды мен, кәсібіне шебер, жұмысын тастай етіп жасайтын -  «технарларға» ұқсатамын. Кәдімгі, «шаруагерлер». Мүмкін олар, қызметтік манбасы бойынша ақпараттық-идеологияның тетігін ұстап отырған не саяси жүйенің қыр-сырын меңгерген «көреген» шығар. Бірақ, олардың азамат ретіндегі стратегиялық, не тактикалық амалдарын қоғам көріп отырған жоқ. Әсілі, қоғамға сезілмейді.

Мықты саясаткер бар, бірақ, «бір қайнауы кем» екені көзге ұрып тұрады. Мүмкін, бұл - мінездің жоқтығынан не принциптің әлсіздігінен шығар… Ол жағы белгісіз. Қоғамның мүшесі ретінде мен де осы санатқа еніп бара жатқандай сезінемін (өзімді).

 Марқұм Алтекең туралы еңбектерді оқып, деректі фильмдердегі сұқбаттарын қарағанда, саяси қайраткердің шыншылдығы, тазалығы, сенгіштігі һәм білімпаздығы мен кемел мінезге бай екендігін бірден байқауға болады. Ең бастысы, қазақилығы! Сондықтан, қазақи орта үшін, қазақша ойлап, ұлттық дәстүрді ұстанатындар үшін тым қымбат Тұлға еді… Бүгінгі, әлеуметтік желідегі шағаладай шулаған әсіре ұлтшылдар, жалған Алашшылдар мен құлқынын ойлаған екі жүзді блогерсымақтардың ортасында мұндай Тұлғаның өмір сүруі мүмкін емес-ау деген ой еріксіз еске түседі… Мүмкін, солай да шығар…

Саяси оппоненттеріне қарата, ол - менің жауым. Бұлармен тек радикалды түрде күресу керек деген бірде-бір пікірін оқымаппын да, көрмеппін де. Міне, қазақи дүстүрлі дипломатия деген қасиеттің қанға сіңгендігін де осыдан байқауға болады.

2000 жылдардың ортасы, мен үшін бір қызық кезең болды. Оқуды бітіре сала, қаладағы (Қызылорда) Заң университетіне жұмысқа тұрып, оқытушылықпен айналысып жүрген кезім. Облыстық телеарнада («Ұлттық» арнаның филиалы) жобам бар. Сол жылдары Парламент, Президент сайлауларының басы-қасында жүрдік. Бірнеше рет Астанаға келдік. Мемлекеттік саясат, билік жүйесінің шешімдерін бұлжытпай орындап жүрген қатардағы «жауынгер» болдық.

Президент сайлауының үгіт-насихат жұмыстары болуы керек. Бірде, қаладағы темір жол маңына шықтық. Алтекең марқұмды онда көрмедім. Бірақ, Ж.Тұяқбай бастаған азаматтар сонда жиналды. Халықтың ыстық-ықыласы, қабылдауы ерекше болды. Әсіресе, жастар жағы қиқулап, "Біз қолдаймыз", «Ақ жол» алға!" деген сарындағы ұрандарын айтып жатты. Басшымыз (сол кездегі) «Ақ жолдың» принциптерін қолдайтындығын жеткізіп, ақпараттық материалдарымен бізді таныстырды (күштеп емес, әрине). Есімде жоқ, әлгі газетті оқи бастасаң, мақаланы аяқтамай, орныңнан қозғалу қиын еді… Әрі қарай, «Жас Алаштағы» саяси мәлімдемелері мен азаматтық өткір пікірлері арқылы марқұм Алтекеңмен таныса (сырттай) бастадық. 1 сағаттық үзілісте кітапханаға кіріп кетіп, рухтанып шығатын едік.

Айтайын дегенім бұл емес. Марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлы саяси жүйені құрушылардің ішіндегі ең белсендісі һәм «жауаптысы» болды. Белсенділігін марқұм өзі сұқбаттарында айтады. Пікірлерінен оның елге адалдығы мен Елбасыға жанашырлығын анық байқауға болады. Бірақ, «жауапкершілік» жағынан келгенде, өзіне «көп алғысы» келмеді. Мұны, 2000 жылдардың басындағы енді басталып келе жатқан «жемқорлық» дәуірдің саяси жүйеге дендеп еніп кетпеуі жолындағы күресте «құрбан» болып кеткенінен байқауға болады (Әйтпесе, «сары қарын» «ақ жағалылар» сапында қазір де жүрер еді). Айтпақшы, кейде ойлаймын, егер марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлы билік эшелонында әлі де жүрсе, «Майлыбаевшылар» шықпас па еді? (!) Кім білсін? Қазір, М.Тәжинді (Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары) көрсем, Алтекеңнің дәуірі көз алдыма елестейді…

Менің бір таңқалатыным, принципі айқын адам – қызметтің қандай биік сатысында, мансабында болмасын, ойын ашық айтып, бұқпанталамай турасын жеткізеді. Марқұм Алтекең кесек-кесек пікірлерін Қауіпсіздік кеңесінің Хатшысы, не Ақпарат министрі бола тұрып, ешкімге жалтақтамай жеткізе білді. Қазіргілерді елестетіп көріңіз, камерадан қашады, не диктафоныңызды өшіріңіз деп қарап тұрады. Ал, көшеде үйіне жаяу қайтады (көз бояшылықпен). Мұндай саяси «екі жүзділіктің» не керегі бар? Кімге керегі бар?

Алтынбек Сәрсенбайұлының "…Билік күшейіп, қоғам төмендей берсе, оның арты мемлекеттік жүйенің күйреуіне» алып келуі мүмкін" деген пікірі, расында, жанашырлықтан туған ойлы тұжырым еді. Былтырғы, «жер» дауы, биылғы «26 бапты» ешкім ұмыта қойған жоқ шығар. Сонда байқағаным, 19 мыңға жуық үкіметтік емес ұйымның бірде-бірі нақты ұсыныс әзірлеп, сауалнама жасап, мәселенің қауіптілігі жөнінде жақ ашпады (Айтса, ақпараттың бел ортасында жүріп, еститін едік). Керісінше, қоғамның бет-бейнесі, азаматтардың пікірі әлеуметтік желіні «алаңсыз» жаулап алды. Желінің «қызуы» көтерілді. Қалай болғанда да, Назарбаев келе жатқан қауіптің бетін қайтарды! Аурудың алдын-алды…

12 қыркүйек, қазақтың бір туар Азаматы, қоғам қайраткері һәм саяси қайраткер марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлының туған күні. Осы күні, Алтекеңнің абзал рухы үшін азаматтық пікірімізді білдіріп, тіпті, оқу орындарында саяси қайраткердің еңбектерін талқылап, саяси ғылыми айналымға енгізіп, сауапты һәм сауатты іс жасасақ, ел алдындағы пенделік борышымыз өтелер еді…

Жылда өтетін дәстүрлі шаралардан хабарымыз бар. Бірақ, басқаша түрде, өзгеше формада БАҚ өкілдері арасында жаппай спорттық-мәдени немесе танымдық шаралар өткізілсе деген азаматтық ұсынысымды жеткізгім келеді. Айтпақшы, рухани жаңғыру аясында – елдің ертеңі үшін құрбан болған Алтекеңдей тұлғалар үшін кешенді жоба жасасақ, артық болмас! Нұр үстіне, нұр болар еді… Міне, «нұр» деген сөзді осындайда қолдану керек!

Құрманәлі Қалмахан, ҚР Журналистер Одағының мүшесі

Abai.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>