• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Құпияның кілті: Нартай Дүтбаев па?

14 Сентябрь, 20173250


Қазақстан биліктің ауысу кезеңіне жақындаған сайын кланаралық «соғыс» алаңындағы «шайқастар» қыза түскендей. Сырт көзге тұтқындалып, әлдебір қылмысы үшін сотталғандай болып көрінетін бұрынғы лауазым иелерінің ісінде тәуелсіздіктің ширек ғасырындағы небір құпия жағдайлар бар делінеді. Делінетіні, ондай қылмыстық істердің тергеуі де, соты да жабық өтеді. Өткенде сондай өте жабық істің қорытындысы қоғамға араға екі апта салып әрең жетті. Ол – ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың ісі.
Ақмола әскери соты Дүтбаевты «мемлекеттік құпияны жариялады, қызметін асыра пайдаланды» деген айыппен 7,5 жылға соттап, мемлекеттік марапаттары мен «генерал-лейтанат» атағынан айырып, лауазымды мемлекеттік қызметке тағайындалуына тыйым салу туралы үкім етті.
Нартай Нұртайұлы 26 жасында қызыл өкіметтің мемлекеттік қауіпсіздік жоғарғы курсын бітіріп шығып, содан осы саладан қия баспай жұмыс істепті. Сөйткен Дүтбаев ҰҚК төрағасы болып тұрғанда, 2006 жылы біздің заманымыздағы ең қанқұйлы қасақана қылмысы – екі бірдей саясаткер – Алтынбек Сәрсенбайұлы және Заманбек Нұрқаділовтің қазасынан кейін қызметінен кеткен еді.
Дүтбаев ҰҚК-ні басқарып тұрғанда елде ең шулы саяси оқиғалар болды: «Қазақгейт» ісі, М.Әблязов пен Ғ.Жақияновтың ісі болып түрмеге түсуі, саясаткерлер А.Сәрсенбайұлы және З.Нұрқаділовтің кісі қолынан қаза табуы. Қарап тұрсақ, мұндай ірі әрі әлі күнге құпиясы ашылмаған істерді іштен білетін, қолынан өткізген адамның бостандықта жүруі әлдекімдер үшін төтенше қауіпті сияқты. Ат ауыстырар кезеңге келген сәтте жоғарғы жақтағылар тазарғысы келіп, өткен шақтың құпиясы мол қаралы беттерінен хабары мол адамдарды тазартып жатқандай.
Дүтбаев ісі жабық өткен соң, неше түрлі болжамдар айтылды. Мәселен, кейбір сарапшылар Дүтбаевты Алтынбек Сәрсенбайұлы қазасының құпиясын жария етіп жібереді деген қорқыныштан соттады десе, енді бірі оның ісі кланаралық қақтығыстың өршіп тұрғанын көрсетеді дейді.
Былтыр желтоқсан айының соңында Дүтбаев тұтқындалды деген хабар шыққанда Әблязов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: «Дүтбаев ҰҚК-ні басқарып тұрғанда Қазақстанда саяси тұлғалар – Алтынбек Сәрсенбайұлы мен Заманбек Нұрқаділов кісі қолынан қаза тапты. Сондықтан Дүтбаев қызмет бабына сәйкес, саяси кісі өлімінің бар құпиясын егжей-тегжейлі біледі» деп жазды. Бәрі мүмкін. Сәрсенбайұлы қазасының құпиясынан бөлек, Дүтбаевтың Әблязовтің ісінде де «күнәсі» бар деп айтылады. «Азаттықтың» жазуынша, биыл көктемде 14 жылға сотталған «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевті Дүтбаевтың ісі бойынша тергеуге алып, Алматы облысынан Астанаға апарған. Тергеуден соң Жәкішевті кері қайтармай, Қарағанды маңындағы Долинка түрмесіне қамаған. Демек, Дүтбаевтың ісінде Әблязов төңірегіндегі атышулы істер де қаралған деуге болады. Ал Жәкішев – Әблязовтің жақын досы деп сипатталатын тұлға.
Нартай Дүтбаевтың ісіндегі Әблязов беті мұнымен бітпейді. 2013 жылы Мұхтар Әблязовтің әйелі Алма Шалабаева мен оның алты жасар қызын Италиядан Қазақстанға жасырын жолмен ұрлап әкелген топтың ішінде Дүтбаевтың күйеубаласы Нұрлан Хасен де болған көрінеді. Мұны тағы сол Әблязов жазады. Ал Нұрлан Хасен болса Дүтбаевпен бірге тұтқындалып, «мемлекеттік құпияны жариялады, қызметін асыра пайдаланды» деген айыппен бес жылға сотталды.
Мінекей, Дүтбаев ісіндегі болжамдарды қарап отырсақ, саяси тұтқындаулар, саяси кісі өлімі, адам ұрлау сынды ауыр қылмыстар ғана аталады. Ал Дүтбаевқа тағылған айып мынау: «мемлекеттік құпияны ашты, қызметін асыра пайдаланды». Сонда бұл істің қай жерінде мемлекеттік құпия бар?..

Таңатар ТАҒАН

дереккөз: Жас алаш

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>