• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Қазақ аз халық болғаннан кейін басқа елдің мәдениеті бізді басып бара жатыр

14 Сентябрь, 20176710


Меніңше, қазақ тілінің тағдыры, болашағы қалай болады деген мәселе еліміздегі саналы азаматтың бәрін ойландырады. Тіліміз жоғарыда аталған бағытта дамитын болса, онда біздің ана тіліміз еш уақытта ғылымның, техниканың және үлкен мәдениеттің тілі бола алмайды. Орынсыз балама сөздерді пайдаланудың арқасында қазір қазақ тілі өзінің нақтылығынан айырылып, түсініксіз тілге айналып барады. Әрине, қарапайым тіршілікте жобалап, ымдап ойды жеткізуге болатын шығар, бірақ ғылым саласында нақтылық қажет. Біз Мұхтар Әуезов өз романында 150 мың сөз, Шекспир 15 мың сөз ғана пайдаланыпты деп мақтанышпен айтамыз. Бұл көңілге демеу болатын жақсы жағдай, бірақ бұл ағылшын тілінің сорлылығын дәлелдемейді. Қазір ағылшын тілі бүкіл дүниежүзінің ортақ тіліне айналып отыр. Себебі осыдан 500 жылдай бұрын ағылшындар өз тілдерін бір стандартқа келтіріп, қолданысқа ыңғайлаған. Бізге де осындай жүйелі жұмыстар атқарып, тілді заман талабына бейімдеу керек. Ол үшін ғылыми категориялық аппараттардың қалыптасу жолын реттеп, тілді бір стандартқа келтіруге тырысу керек. Тіл ғылым тілі болу үшін тұспалдап сөйлеуді қою керек. Сосын бүкіл дүниежүзі халқы пайдаланатын белгілі саясат пен экономика, ғылым мен техника саласында айналымда жүрген халықаралық терминдерді сол қалпында өзгертпей, ана тілімізге бейімдеп, кең көлемде пайдалануға жол ашу керек. Сонымен қатар ғылым мен техниканың дамыған заманында санамызға орныға бастаған ғылыми категорияларды орнымен, ұқыпты пайдалануды жолға қойғанымыз жөн. Сонда ғана біз ана тілімізді заманның қатаң талаптарына бейімдейміз.

Біз аз халық болғаннан кейін басқа елдің мәдениеті бізді басып бара жатыр. Жастар интернетті ақтарғанда нақты ақпаратты орыс, ағылшын тілдерінен табады. Аэропортқа барсаң, есіктерге «өзіңнен ары», «өзіңе қарай» деп жазып қойған. Орысшадан тікелей аударып не керек, қысқаша «итер», «тарт» деп жаза салса болды емес пе? «Итер» мен «тартты» қазақ шатастырмайды.

Тағы бір мәселе – қазір кітап дүкендеріне баратын болсаңыз, жақсы өрнектелген қазақша ертегі кітаптар өте аз. Әрине, басқа тілдерден аударылған ертегілер жетерлік. Өкінішке қарай, біздің халық ертегілері көркемделіп әлі баспадан шықпай жатыр, сондықтан балаларымыз басқа халықтардың жақсы өрнектелген ертегі кітаптарын көбірек оқиды. Осы жағдайды да естен шығармаған жөн. Егер біздің балаларымыз өз халқымыздың ертегілерімен сусындап өспесе, онда олар қалай қазақ болады?!. Біздегі негізгі проблемалар – ол осы уақытқа дейін біздің ертегілеріміздегі негізгі кейіпкерлеріміздің бейнелері мен образдарының қалыптаспауы. Дәл осындай жағдай орыс халқында да болған, бірақ осыдан 100 жылдай бұрын орыс халқының атақты суретшісі Виктор Михайлович Васнецов орыс халқының ертегілеріндегі негізгі кейіпкерлердің образдарын суретке салып кеткен. Сол азаматтың арқасында орыстың киім үлгісі, ою-өрнегі, «Три богатыря», «Аленушка», «Иванушка дурачок», «Избушка на курьих ножках», «Иван Царьевич» секілді ертегілерінің кейіпкерлері халыққа кеңінен танымал болды. Одан кейін Ресейдің жоғары өнер оқу орындарында кітаптарды суретпен безендіруді оқытатын арнайы факультеттер ашылып, көптеген мамандар балаларға арналған кітаптарды безендіруге даярланған. Ал бізде бұл салада әлі де жақсы мамандар жетіспейді. Қазақ суретшілерінің ішінен біздің ертегілеріміздегі кейіпкерлердің образын шығарған әлі ешкім жоқ, сондықтан бұл жағдай көп нәрсеге тосқауыл болып отыр. Осы мәселені де мемлекеттік тапсырыспен іске асырса, онда жаңа үлгідегі көптеген кітаптар шығар еді.

Тағы бір мәселе – қазақтың кейбір ертегілерінің тәрбиелік мәні жоқтың қасы. Сосын көп ертегілер кеңес заманында қайта өңделіп, таптық күреске бейімделіп жазылды. Соның салдарынан байларды ақымақ қылып, кедейлерді ақылды етіп көрсету кең жолға қойылды. Байларды алдап, дүниесін алған дұрыс, оларға қызмет етпеу керек деген ұғымды балалардың санасына сіңіруге тырыстық. Соның бірі – Алдаркөсе. Жыртық шапанымен айдалада кездескен байды «Жел шапанымның мына тесігінен кіріп, мына тесігінен шығып кетеді» деп алдап кетеді. Ал осы Алдаркөсе қазіргі заманның талабына сай келе ме? Келмейді. Қазір байларды алдай аласың ба? Байларды ақымақ, кедейлерді ақылды деп жастарды тәрбиелей берсек, оның соңы жақсы болмасы анық. Сондықтан қазіргі заманда біздің балалар не оқиды, не оқу керек, қалай тәрбиелейміз деген мәселе ең басты назарда тұруы керек. Осы тұрғыда арнайы зерттеулер жүргізіліп, жаңа заман талабына сай кітаптар, мультфильмдер мемлекет тапсырысымен дайындалуы тиіс.

Жақсыбек Құлекеев

"Жас Алашқа" жарияланған сұхбатынан үзінді

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>