• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Сегізінші премьер кім?

19 Қаңтар, 2012371776


Жұма күні жаңа үкімет басшысының есімі анықталуы тиіс. Қазақстан саяси тарихында ең ұзақ отырған премьер ақыры отставкаға кетеді деп болжайды саясаттанушылар.

Жаңа Парламент жаңа үкіметті қалайды. Ал қазіргі үкімет мемлекет басшысы олардың алдына қойған міндеттерді толық жүзеге асыра алмады деп есептейді саясаттанушы Санжар Боқаев. Қазақстанда инфляция, бағаның көтерілуі үнемі байқалып отырған. Оған қоса, саясаттанушының пікірінше, мемлекет басшысы кезектен тыс парламент сайлауын өткізу арқылы саяси «тақтаны» тазартты, енді «оған қажетті фигураларды өз қалауынша қоя алады». Боқаевтың айтуынша, 2007 жылдан бері премьерлік орынтағынан тапжылмаған  Кәрім Мәсімовтің енді үкімет басында қалу ықтималдығы – 50 пайыз ғана. Оның ойынша, премьер-министр болуға Нұрлан Нығматулин, Иманғали Тасмағамбетов, Өмірзақ Шүкеев, Қайрат Келімбетов сияқты саясаткерлер де лайықты.

Министрлер кабинетінің тең жартысының жаңартылып, Кәрім Мәсімовтің отставкаға кететіндігін болжайды Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының директоры Есенжол Алияров. Ол келешек премьерді экономистер арасынан іздейді. Ол Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов, Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко, вице премьер Әсет Исекешевтің үкімет тізгінін алуы ықтимал деп есептейді.

Бұған дейін парламент сайлауынан кейін үкімет бірден отставкаға кетеді деп мәлімдеген мемлекет басшысының саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев премьер-министр қызметіне Өмірзақ Шүкеев пен Тимур Құлыбаевтың баруы мүмкін деген. Сонымен бірге ол Мәсімовтің өз лауазымын сақтап қалуын жоққа шығармаған.

«Араша-ақпарат» 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>