• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

ТҮРКИЯ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАЛАЙ САҚТАП ОТЫР?

18 Сентябрь, 20173350


Түркияда талай рет болсақ та, бұл сапарымыз бауырлас елді басқа қырынан тануға септескен сияқты. 2016 жылдың шілде айындағы текетірес Түрік елі мен жалпы әлем мемлекеттерін дүр сілкіндіргені анық. Бұл оқиға әлі де ұмытыла қойған жоқ. Есесіне журналистердің қалыпты қызметі мен тыныс-тіршілігіне біршама әсер еткен сияқты. Әрине, бүгінде Түркия қалыпты өмірге оралған. Тек жаңалықтардан дүмпуге қатысқандарды ұстау мен соттау процестері әлі де көрсетіліп жатыр. Түркия мен Ресей арасындағы атып түсірілген әскери ұшаққа байланысты дипломатиялық текетірес елдің туристік кластерінің дамуына ешқандай кері әсер етпеген сыңайлы. Қазақстанның арағайындық қызметінің арқасында қалыпқа келген екі елдің дипломатиялық байланысы нығая түсуде. Бірақ тарихи мекендер мен мұражайлар ресейлік емес, батысеуропалық және шығысазиялық туристерге лық толы. Бірақ бізді сүйсіндірген басқа нәрсе. Бүгінде Түрік елі – өзінің ақпараттық қауіпсіздігін сақтап отырған бірден-бір мемлекет. Газет-журналдары да өз күнін өзі көріп, нарық заңдары мен жаңа технологиялардың дамуына қарай ілесіп-ақ келеді.

 Ескішахар мен Йалова несімен қызық?

Нәзия Жоямергенқызы бас­қа­ра­тын Түркі тілдес журналистер қо­­рының бастамасымен Ыстамбұл – Йалова – Ескішахар қалалары бағытында болған жетікүндік сапар Қазақстанның түкпір-түкпірінен жи­налған журналистерге түрік елі­нің медиа саласына есікті айқара ашу­мен қатар, телевизия мен баспа са­ласындағы жаңа трендтерді тану­ға септігін тигізді. Алматы, Астана, Ақтөбе, Талдықорған, Қостанай, т.б. қалалардан барған журналис­тер­ді жергілікті билік өкілдері мен ме­диа менеджерлер жылы шырай­мен қарсы алды.
Ескішахар губернаторы Өзде­мир Чакаджак «Қазақстандай бауыр­лас елден бір топ журналистер ке­леді» деген хабарды естіген бойда қо­нақтарға арнайы мәдени бағ­дарламаны ұйымдастырғанын әкім­дікте өткен кездесуде баса айтты. Бұл кездесуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Түрік президенті Реджеп Тайып Ердоғанның түркі ынтымақтастығы мен бірлігіне ерекше мән берумен қатар, бұл ба­ғытта Түркі кеңесі, «ТүркСой» түркі мәдениетінің халықаралық ұйымы, Түркітілдес елдердің парламенттік ассамблеясы, т.б. ұйымдар мен қор­лардың нәтижелі жұмыс атқарып отырғандығы айтылды. Ескішахар губернаторы қазақ журналистеріне бұл тарихи өлкенің есігі қашан да ашық екенін жеткізді. Ескішахар – Ыстамбұл сияқты ығы-жығы хал­қы жоқ, тыныш та жайлы қала. Түр­киядағы атақты 10 мұнараның бірі – Галата мұнарасы (Қыз мұна­ра­сы) Ескішахар қаласында орна­лас­қан. Бұл қаланың атауын қазақ оқыр­мандары мен көрермендері осы­дан бірнеше жыл бұрын дәл осы жер­де өткен Turkvizion байқауынан есте сақтаған болар.
Йалова қаласы Алтынова ауда­нының әкімі Др.Метин Орал мырза да қазақ журналистерімен арнайы кез­десіп, өз ілтипатын білдірді. Оның айтуынша, Ыстамбұлдан кемемен бір сағаттық жолды алатын тарихи мекенде небір көне мешіттер мен табиғаттың саф мекендері сақталған. 623 жылдан астам уақыт би­лік құрып, әлемнің біраз бөлігіне үстемдік еткен Осман империя­сының негізін қалаушы Осман Ғази пашаның ескерткіші мен көне дәуірлерден қалған мешіттер Йа­лова қаласында орналасқан екен. Сон­дай-ақ, әлем бойынша ұзынды­ғы жағынан 4-орынды алып отыр­ған Мәрмәр теңізінің үстінен бой кө­терген Ғази Паша көпірі де осы қа­ланың сәулетті жерлеріне жа­та­ды.
Бүгінде Түркияда теңіз туриз­мі­нен бөлек, сәулет туризмі, діни ту­ризм, тіпті, ивент-туризмге дейін қа­рыштап даму үстінде. Жергілікті би­лік өкілдері халық көп баратын Ан­талия, Ыстамбұл сияқты мекен­дерден бөлек, Ескішахар, Йалова сияқты тарихи қалаларға да әлем назарын аудартқысы келеді. Бұл тұрғыдан Йалованың өзінде қызу құрылыс жүргізіліп, бұрынғы әс­кери аймақтарды ел демалатын жа­ға­жайларға айналдыру жұмыс­тары жандана түскен. Мұның өзі­нен-ақ туризм кластерін дамыту үшін түрік билігінің әскери аймақ­тардан бас тартуға дайындығын, ерік-жігерінің мықтылығын көруге бо­лады.

«Сары карта» жүйесінен неге үлгі алмасқа?
Түркиядағы ең беделді оқу орын­дарының бірі – Ыстамбұл уни­верситетінің журналистика фа­культетінде болғанымызда, оқыту­шылар соңғы жылдары маман даяр­лауда сападан гөрі, сан қуып кеткен білім ордаларының барын өкінішпен жеткізді. Содан болар, оқу бітірген жас мамандарға жұмыс табу қиынның қиыны. 80 миллион халқы бар елде 5000-ға жуық те­леарна мен жүздеген беделді басы­лым жұмыс істейді. Біз табан тіре­ген «Доған медиа» холдингінің қол астында әлемге әйгілі CNN Turk, Доған ТВ сияқты негізгі арналар мен 67 қосалқы арна жұмыс істеп, са­лалық бағыттардың бәрін қам­тиды. Спорттық, мәдени, әлеу­мет­тік арналардан бөлек, балаларға ар­налған жеке-дара телеарналар же­терлік. Сондай-ақ бұл жерде ки­но және сериалдар өндірісімен ай­налысатын D yapim студиясы да бар. Түркиядан шетелге шығары­ла­тын телесериалдардың біраз бөлігі осы медиахолдингтің төл өнімдері екен. «Доған медиа» холдингінің бас үйлестірушісі М.Алпай мырза да қазақ журналистерімен жеке кез­десіп, ортақ жобалар мен ынты­мақ­тастыққа ерекше ықыласы барын аңғартты.
Сондай-ақ қазақ журналистері Ес­кішахардан шығатын Kanal 26 арнасында қонақта болып, тікелей эфирде сұхбат берді. Жергілікті жур­налистердің Қазақстанның ла­тын әліпбиіне өтуіне үлкен қы­зығушылықпен қарап отырғаны бай­қалады. Мамандардың айтуын­ша, бұл қадам екі елдің бұрыннан да жақындай түсуіне оң ықпал етеді. Себебі қазақ елі латын әліпбиіне көшсе, Түркия мен Қазақстанда шығарылатын баспа өнімдерін, газет-журналдарын, тіпті, әлеу­меттік желілер мен ғаламтордағы мәліметтерді бауырлас халықтар еш кедергісіз оқуға мүмкіндік алады. Бір-бірін бұрынғыдан да терең түсіне бастайды. Содан болар, бұл қадамды түрік елі барынша қолдап отыр. Түркия журналистер одағы­ның төрағасы Йылмаз Қараджа мыр­за да бұл бастамаға зор ілтипат­пен қарайтынын білдірді.
Ең қызығы, Түркияда әкесі етік­ші болса, баласы мен немересі де сол жолды таңдайды екен. Бұл тұс­та әкесі журналистикаға бет ал­ған соң, үрім-бұтағымен осы салада аян­бай еңбек етіп жүрген жандар да бар­шылық. 1925 жылы негізі қалан­ған «Сакария» газетін бүгінгі таңда Рүстем бейдің отбасы, бала-шағасы шығарады. Басылым 4000 данамен шығады, негізгі қаржы көзі – жар­нама мен хабарландырулар. Құрыл­тайшылардың айтуынша, бүгінгі таң­да өзін-өзі ақтап отырған бір­ден-бір басылым. Сондай-ақ сайт­тары да үздіксіз жұмыс істейді. Әлеу­меттік желілерде де тараты­ла­ды. Түркияда шығатын газеттердің бір ерекшелігі, олардың көбінің қол астында жеке баспалары болады екен. Жоғары технологиялар мың­да­ған газеттің 1-2 сағатта басылып шығуы­на, жылдам таратылуына мүм­кіндік береді. Жалпы түрік елін­де газет оқу мәдениеті таңертең ко­фе ішумен пара-пар дүние сияқ­ты. Жасы үлкен азаматтар газет-журналдарды қағаз нұсқасында оқыса, жастар көбіне-көп әлеумет­тік желі арқылы соңғы жаңалық­тар­ды біліп отырады. Мамандардың ай­туынша, дәстүрлі газеттердің саны интернет журналистиканың да­муымен қатты кеміп кетпеді. Дәс­түрлі басылымдарға деген сұра­ныс әлі де жоғары. Бұл тұрғыдан қазақ журналистерінің сапарын тү­рік­тің бірқатар беделді басылым­дары жарыса жазып, ерекше ілтипат көрсетті. Алғашқылардың бірі боп бұл сапарды сүйіншілеген Milli Irade газеті ұжымына алғысымыз шексіз.
Қазақ журналистеріне ерекше ұна­ғаны – Түркиядағы 15 жылдық ең­бек өтілі бар кәсіби журналис­тер­дің қолына берілетін «сары карта» жүйесі. Қолында мұндай құжаты бар азамат әлеуметтік тұрғыда ба­рын­ша қорғалады. Зейнетке бел­гіленген мерзімнен 7 жыл бұрын ер­те шығуға мүмкіндік беріледі, ви­заны жеңілдікпен алады, қоғам­дық көлікте тегін жүреді, кез келген тарихи орындар мен мұражайларға ақысыз кіреді. Мұның өзі үлкен жеңіл­дік. Себебі Түркияда араб турис­терінің көбеюінің арқасында тари­хи орындар мен мұражайларға кіру бағасы екі есеге дейін өскен. Қоғамдық көліктердің де мет­родан бастап таксиге дейін ба­ғасы шарықтап тұр. Жалпы әлем бойын­ша түрік елі такси мен қо­ғамдық көлік бағасы ең қымбат ел­дердің санатына жатады.
Ең өкініштісі, өткен жылдың шіл­де айында болған қақтығыстар жур­налистердің қалыпты тыныс-тір­шілігіне әсер етпей қоймаған. 1500 журналистке «гүленші» деп айып тағылып, кезінде үлкен ең­бек­пен алынған «сары карталары» ке­рі қайтарылған. Бірақ журна­лис­тердің құқын қорғайтын ұйымдар мен қарапайым оқырмандардың өздері табанды түрде әділеттің ор­науын талап етіп, қудаланған 1500 журналистің 90 пайызы өздерінің гүлен­шілерге еш қатысы жоқтығын дә­лелдеп шыққан. Мұнда сот әділ­дігінде шүбә жоқ екен. Сот аза­мат­тарды алаламай, әрбір істі әділдік тұр­ғысынан қарайды. Келтірілген дә­лелдер мен дәйектерге сене оты­рып, әділдікті ту етіп шешім шығару дәстүріне бекем.
Түркияда тағы бір таң қаларлық жәйт – сүрбойдақтар мен тұрмыс құр­маған бойжеткендердің көптігі. Еуропаның мәдени ықпалы мен фе­министік ой-көзқарастар тамы­рын тереңге салып жатыр ма, кім біл­сін, әйтеуір, жасы 30-дың ар жақ-бер жағындағы бойдақтар мен бойжеткендердің молдығы бірден байқалады. Түрік қыздарынан мұ­ның себебін сұрасақ, білім алған­да­ры жұмыс істеп, өз-өзін қамтып, аяқ­қа нық тұрғанды қалайды екен. Ке­рісінше, ауыл-аймақтарда тұра­тын қыздар жас кезінен-ақ тұр­мыс­қа шығып үлгерсе, ірі мегапо­лис­тер­де бойжеткендер тұрмыс құруға мүл­дем асықпайтын көрінеді.
Түрік елінде қашанда өзгер­мей­тін бір-ақ нәрсе бар. Ол – пат­рио­тизм, мемлекетшілдік пен ата­түрік­шілдікке бекемдік, дәстүр мен салт­қа құрмет. Түрік елі ешқашан да өзінің ақпараттық кеңістігін бас­қа елдің ығына жығып бермейді. Керісінше, тоқсан-жүз пайызға дейін көрермендері мен тыңдарман­дарын, оқырмандарын төл өнім­дері­мен қамтып отырған мемлекет өз жобаларын сыртқа шығарып, жер­гілікті БАҚ-тардың таралу ай­ма­ғын кеңейтіп жатыр. Барлық те­леарналар тек қана түрік тілінде ха­бар таратады. Медиаменед­жер­лердің айтуынша, Германияда түрік диаспорасының саны басым болған соң, бірінші кезекте неміс еліне тү­рікше ақпараттарды тарату жұ­мысы жандана түскен. Ақпараттық қауіп­сіздікті сақтау тұрғысынан үйрене­рі­міз көп-ақ. «Сары карта» сияқты журналистерге берілетін құжаттың да әлеуметтік тұрғыдан маңызы жо­ғары. Бұл тұста оны беруде де әділ­дік барына көзіміз жетті.
Тілшілер қауымын елдің құр­меттейтіні соншалықты, тіпті ел қа­мы үшін еңбек етіп, ащы шын­дық­ты ту етіп дүниеден өткен жур­налистерге арнайы ескерткіштер де қойылған. Мұражайларында да та­нымал саяси қайраткерлерінен бө­лек, телевизия мен газет журна­лис­теріне бөлек-бөлек ескерткіш­тер қойып, олардың айтқан, жазған сөз­дерінен үзінді келтіріп қояды екен. «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деген осы шығар, сірә.

Кәмшат ТАСБОЛАТ

aikyn.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>