• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Марат Қабанбай. Ұлтымыз иесіз қалды

19 Сентябрь, 20177660


... Біз ең жаман деген болжамдарымыз қолма-қол расқа айналып жатқан қысыр да қыңыр уақта өмір сүріп жатқан халықпыз. Ең сорақысы - кеңес тұсында системаның сценарийімен алдымен ұлтымыз, қалды зиялымыз бұл дүниеде басы қосылуы екіталай екі топқа дай-дай бөлініп кетіппіз. Енді бұл екі қазақ сыңсып, баяғы қазақ пен ноғай қоштасқандағы «Ел айырылысқанда» - ны қайталап айтуы ғана қалды. Бір шаңырақ астында екі жерден от жағып, қазан асып, бір-бірін менсінбей, тоңторыс теріс қарап, жауласуға шақ қалған, сөз тыңдаудан қалған бұл марқасқалар. Сырттан не үйреншікті ақылгөй Ресей ағайды, не өзбек, қырғыз бауырды арашаға шақыруға жуықпыз. Сөйтіп, ұлтқа бас болатын, жөн сілтейтін мынау қысылтаяң тұста екі тілде сөйлейтін қазақ зиялылары бір-біріне қас. Ұлтымыз иесіз қалды.

Алғашқы топқа қала қазақтарының орысша оқып, жетілген қандастарымыз жатады. Әлем, орыс мәдениеті десе, бізді шеніне келтірмейді. Әттең, табаны топырақ иіскеп, балтырын күс басып көрмеген бұл жүйріктер дәстүрлі қазақ өмірі дегенде екі аттап, бір сүрінгіш. Алыстағы Америка: «Әй, осы қазақ тілі түбінде бір керек болар» деп шұғыл үйреніп жатса, бұлар менсінбейді. Өйткені, күні кешеге дейін тұғыры кеңістік идеология болып табылатын славяндық кеңістікте еркін қалықтап, биік ұшамыз деген мутант, шата будан ұрпақ. Дұрысы, империялық саясаттың құлы. Оны өздері білмейді. Кеңес күл болды да, оның орнына қазақы ағаш табақ, кәрлен кесе аяқ астынан дөңгелеп келе қалды. Шанышқы, пышақ, салфеткаға үйреніп қалған олар әлгі табақ құрғырға білек сыбанып, бес саусақты еркін салып жіберуге жоқ - жиренеді. Өмірге өкпелегеннің орнына бізге ренжулі. Біздің бүгінгі топалаң өмірге ынта-шынтамен кірісіп кетейін десе, қазақы дүниені екінші, үшінші сорт деп ұғатын эго желкеден тартып жібермейді. Өз-өздерін қайта жасауға кеш. Ондай қоршауды бұзып-жарып шыға бастағандары әзірше аз. Онда да жержүзі даналығы шығыста басталғанын, «өз жерінде ұлтан бол» дегенді ұға бастағандары ғана.

Біз ол бауырларымыздың бәріне күйе жағудан аулақпыз. Гуманитария, оқыту-тоқыту төңірегіндегілер бұл күнде ауыр ой үстінде. Жас ұрпақты оқыту үшін ең алдымен өздері қазақ аясында қайтадан оқып-тоқуы керек екен. Жатқан бір бейнет, мол михнат.

Орыс тілінің сойылын ары қарай соға беруге ұяты барларының намыстары жібермейді. Сонымен күнделікті қызмет, пәтер деген шағын ғана жылы ұяларында бұғып-бұғып отыр. Яғни, апатия, әрекетсіздік, үнсіз жиырылу... Оның үстіне оларды қазақ тілінен «қамал» жасап алған төл шикілі-пісілі зиялысымақтарымыздың ожарлығы мен қодарлығы қатты шошытады. Сонау Геродот, Стабон айтып кеткен апалас-төпелес, каннибалдық «далалық күрестерімізді» көргенде төбе шаштары тік тұрып, ұйқыларынан шошып оянады. Әйткенмен қазақ тілді мансапқор мен надандарды жек көреміз деп, оның арғы жағындағы бүкіл халықты тәрік етіп отыр. Ұлттың мынау тар жол, тайғақ кешуі тұсында үнсіз қалу - оған қарсы күресудің бір тәсілі.

....

Олар бізді орыс тілі, тіні, мәдениеті мен өнері арқылы ұшпаққа шығармақ. Өскен елдің өнегесі біз үшін тәлім екені рас. Одан қашып отырған жоқпыз. Бірақ бұл - ұлттың ішкі дауы, өз ықтияры, дүмпуінің дегенімен біртіндеп, күндердің күнінде, замандардың заманында барып іске асатын шаруа. Орыс тіліне мемлекеттік мәртебені зорлықпен беріп,  күшпен «екінші ана тілі» жасау арқылы ұлт тағдырын жойдасыз жолға салу онсыз да резервациядағы қазақтарды ашындырады - бір; екіншіден, бұл әдіс - кешегі коммунистік системаның қайғылы эксперименттерінің тікелей заңды жалғасы. Мұндай «миссияның» зардабы бәрімізге белгілі.

....

Санға жүгінсек, ырғынбыз. Сапа жағын қойдық, Социология зиялылық үшіншіұрпақтан басталады дейді. Қайнар бұлағы тұнық, тәлім-тәрбиесі түзу болса... Біз болсақ, қанында ханзадалық пен бектік бар Мұхтар, Қаныш, Әлкей сынды біраз тұлғалардан асқаны - төңкеріске дейін оқыған-тоқығанымызды тып-типыл қырып салған бейбақпыз. А. Д. Лихачев, Л. Н. Гумилев жоқ бізде. Қалғанымыз - құл-құтанның балалары. Кеңестің көрінбейтін түрмесінде өскен көргенсіз, жарымаған ұрпақпыз. Біздің арамызда Патша лицейінде өскен дворян Пушкин де, князь Чаадаев та, ақсүйек Тургеневтің баламалары жоқ. Немесе кітапханаларынан Маркс, Энгельстің толық шығармаларын алып оқуға болатын патшалық Соғыс академиясынан білім алған сері де ізгі офицерлер қауымы маңдайға жазылмапты. Пәлсафшыларымыз шетінен коммунизмді кезінде «тыныш жатқан ұйқысынан түртіп оятып жіберген» гегель, кантшылдар. Әдебиетте күні кешеге дейін бай, феодал Едігемен алыстық. Ілкі сәт ояна бастағанымыз - осы соңғы қарын аша бастаған төрт-бесжылдың жүзі ғана. Бұл Аңдрей Платоновтың терең шұңқырынан («Котлован»-ды оқыңыз - авт.) тырмысып шыға бастағандар тек нақты ғылымның (точная наука) өкілдері ғана. Ал, әлгі кеңес тұсыңда өсіп-өрбіген гуманитаторларымыз өздері ғана ол қырсық шұңқырда отырып қалса бір сәрі, қолма-қол инкубатор жасап, дәл өздеріндей мыңдаған түк білместерді дайындап үлгірді. «Бахтин кім?» десең, быттиған мұрнын басып көрсететін дәлдүріштер «егемен ел болып», Жоғарғы аттестация комиссиясының тізгіні өз қолымызға тигесін құмырысқадай қаптады. Түп-түгел ғалым болып кете жаздадық. Қазір Ұлттық Академияға кірсеңіз, амандасуға аспирант таба алмай (бәрі де қорғап кеткен! - авт.) тек кандидат, докторлардың мәлике жүзін көріп, мүбәрәк қолын аласыз. Кеше хатшы-машинкеші еді, бүгін - кандидат! Ертең - мүйізі қарағайдай доктор! Бәрінің бастауында әйгілі «блат», тамыр-таныстық тұр. Жоғары Білім министрлігі көрші елдер әлдеқашан меңгерген тест әдісін биыл кіргізіп еді, қазекем оны да айналып өтудің жолын тауыпты. Тестің сұрақтары биыл кейбір абитуриенттердің қолынан емтиханнан бұрын табылып жүрді. Әйтпесе қабылдау комиссиясының қақпасын  күзетіп тұрған адамның қолына «ұлттық банкнотты» қыстырады да, надан абитуриенттің орнына жетілген студент кіреді. Енді тек Шерлок Холмсті Англиядағы көрінен тұрғызып әкеп, күзеттіріп қоймасақ,  басқа амал жоқ. Әй, ол Холмсыңыз да күні ертең теңге тілеп тұратын шығар - оны да үйретіп аламыз ғой! «Сырттай оқу» деген өтірік оқуды ойлап тауып, сессия сайын жебір оқытушылардың қалтасын қампайтып жүргеніміз анау. Ит жылы басталған осы «блаттың» бүгінгі нәтижесі көз алдымызда - шынымен надан ұлт болуға айналдық! Әдеби зерттеуде баяғы Мұхтар Мағауин ағамыздай жаңалық ашқан ғалымның атын соңғы кезде естісек құлағымыз керең болсын. Әдеби көкжиегімізден жаңа Мұқағали, Бердібек, Төлеген, Оралхан, Сағат, Асқарлар жоғалды. Баспасөзде бүгінгі күннің суретін салудың орнына, қайдағы бір емші, әулие, бақсы, кұшынаштардың ұпайын түгендеп, орыс журналистерінің мазағына қалып жүрміз. Ал, той-томалақ десе, елдің алдымен ентігіп жетеміз, ертеңінде ішкен-жегенімізді ертегі ғып жазамыз. Халық болса, аштықтың алдында. Қысқасы, рухани дүниеміз теңге сықылды жаппай инфляцияға ұшырады. Егер ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаға айналмаса... Тәуелсіздігімізді де сата бастаған сияқтымыз. Басы бүтінімен сатып жібермесек...

2010 жылы «Қазақ альманағы» журналында жарияланған «Бұл зиялы – қай зиялы? (Қазақ интеллигенциясы бар ма өзі?)» атты мақаласынан үзінді

arasha.kz 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>