• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Гендерлік сала бойынша екі жоғарғы оқу орнының жанында зерттеу орталықтары жұмыс істеуде

20 Сентябрь, 20172410


Ана мен баланы қорғау- әлеуметтік саясаттың аса маңызды құрамдас бөлігі ретінде белгілі. 
Мемлекеттің дамуы, халықтың әл-ауқатының артуы тікелей отбасына байланысты десек, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартудағы, отбасын нығайтудағы басым бағыттардың бірі - ана мен балаға әлеуметтік қолдау жасау болып табылады. Осы бағытта мемлекет отбасы мен балаға әлеуметтік қолдау жұмыстарын жетілдіруде. Қазақстан Республикасының 2012 жылы 14 ақпанда Ананы қорғау туралы конвенция ратификацияланып еңбек саласында барлық әйелдердiң теңдiгiне, сондай-ақ ана мен баланың денсаулығы мен қауiпсiздiгiне одан әрi жәрдемдесу үшiн ананы қорғау, оның ішінде жүктілігі мен бала тууы бойынша демалыстың ұзақтығы және сақтандырылған табыс мөлшеріне байланысты анаға ақшалай төлемақы мөлшері белгіленген. 

Қазақстан - 2030 стратегиялық бағдарламасында отбасын жоспарлау мәселесі енгізіліп, туу мен көп балалы болуды ынталандыру бағытында 2010 жылдан бастап көпбалалы аналардың туған және тәрбиелеген балаларының саны азайтылды, яғни «Алтын алқа» белгісімен марапаттау үшін 10-нан 7 балаға дейін, «Күміс алқа» үшін 8-ден 6 балаға дейін төмендеді.
Сондай-ақ әйелдің қоғамдағы рөлін арттыру да бүгінгі күннің өзекті мәселесі десек, осы мақсатта Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы бекітіліп, гендерлiк саясаттың негiзгi бағыттарын - ерлер мен әйелдердiң билiк құрылымдарына теңгерiмдi қатысуына қол жеткiзудi, әйелдердiң экономикалық тәуелсiздiгi, өз бизнесiн дамытуы мен мансап жолында iлгерiлеуi үшiн тең мүмкiндiктердi қамтамасыз етудi, отбасындағы құқықтар мен мiндеттердiң тең жүзеге асырылуы үшiн жағдайлар жасауды, жыныс нышаны бойынша зорлық-зомбылықтан азат болуды айқындады. 

Отбасы маңызды әлеуметтік бірлік ретінде заңның қорғауында болады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында: «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады»- деп атап көрсетілген. Мемлекет отбасын нығайтумен қатар ұлттық салт- дәстүрлерді сақтауға және қалыптастыруға ерекше назар аударуда.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ Қазақстан әлемдік стандартқа сәйкес гендерлік теңдік принциптеріне назарын аудара бастады.

Гендерлік саясатқа байланысты кейбір деректерге сүйенсек, 2012 жылы әлем мемле­кет­тері арасындағы жыныстардың теңдігі мә­селесі бойынша Бүкіләлемдік эконо­ми­ка­лық форумының сараптамалық тобы жа­риялаған рейтингісіне сәйкес еліміз әлем­­нің 135 мемлекеті ішінен 32-орынға ие болған еді. Әрине, оған мемлекетіміздің са­­­­­ли­қа­лы саясатының арқасында жеттік. Өйт­кені Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­тауы­мен елімізде 2006 жылы Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер іс­тері және отбасылық-демографиялық сая­­сат жөнiндегi ұлттық комиссия құры­лып, табысты жұмыстар атқарып келеді. Ко­миссияның құрамына Парламент де­пу­таттары, мемлекеттік құры­лым­дардың, жо­ғары оқу орындары мен үкіметтік емес сая­си ұйымдар жетек­ші­­лері енген. Қазіргі таң­да комиссия мү­ше­лері мемлекетімізде қо­ғамдық-саяси ба­ғытта қыруар жұмыстар ат­қаруда.

Сондай-ақ елімізде келесі халықаралық актілер ратификацияланды. БҰҰ-ның «Әйел­дерге қатысты кемсiтудiң барлық түр­лерiн жою туралы», «Әйелдердің саяси құ­қықтары туралы», «Тұрмыс құрған әйел­дің азаматтығы туралы» конвенциялар және 60-тан астам адам құқықтары, эко­но­ми­калық, әлеуметтік, мәдени құқықтарға қатысты халықаралық деңгейдегі құжаттар және бар. Әйелдер мен ерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін Қа­зақстан Республикасының 2006 – 2016 жыл­дарға арналған «Гендерлік теңдік стра­те­гиясы» қабылданды. Стратегияның не­гіз­­гі мақсаты – мемлекеттік деңгейде ше­шім қабылдауда әйелдердің үлес салмағын 30%-ға жеткізу болып табылады.

Сонымен қатар «Әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүм­кін­дік­тері туралы» және «Тұрмыстық зорлық-зом­былық профилактикасы туралы» екі заң жобасы қабылданды. Гендерлік құры­лым­дарда, әлеуметтік және саяси қаты­нас­тарда айтарлықтай өзгерістер орын алуы үшін жаңа психология, өзіндік сана, ген­дер­лік бірегейлік ауадай қажет болса, әлеу­мет­тік және гендерлік сала бойынша рес­пуб­ликамыздың екі ЖОО-сы жанында зерт­теу орталықтары тұрақты түрде ғылыми зерт­теулерді жүзеге асыруда.

Қазақ мемлекеттік Қыздар педагоги­ка­лық университеті жанындағы Әлеуметтік жә­не гендерлік ғылыми зерттеулер инс­титу­ты 2000 жылдың 16 қыркүйегінде Қа­зақ­стан Республикасы Білім және ғылым ми­нистрлігінің №913 бұйрығымен құрыл­ды. ӘГҒЗИ-дың негізгі мақсаты – гендерлік проб­­­­лемаларды кешенді түрде зерттеу. Елі­міздегі білім жүйесіне гендерлік тәсілдерді енгізуге икемделген білікті педагогикалық маман­дар­ды даярлауға ықпал ету. Оқу үдерісі мен бағ­дарламаларына инно­вация­лық білімді ен­гізу.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ген­дерлік білім беру орталығы 2005 жылдың ақ­пан айында құрылды. Гендерлік мәсе­ле­лермен шұғылданатын әлеуметтік-гума­ни­тар­лық мамандық саласының қызмет­кер­лері, соның ішінде философия және сая­­саттану факультеті, саясаттану кафед­расы, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы, жалпы және этникалық психология кафедрасының оқытушылары орталық мүшелері болып табылады. Ор­талықтың штаттық кестесі бекітілмеген, зерт­теушілер инициативалық негізде жұ­мыс істейді. Гендерлік білім беру орталығын құру­дың мақсаты – жоғары мектептегі ген­дерлік білім беру мен гендерлік зерт­теулерді институционализациялау ісінде же­текші университеттің оқытушылары мен зерттеушілері, студенттерінің күштерін біріктіру.

Қоғамдағы гендерлік сая­сатты іске асыру барысында гендерлік жә­не әлеуметтік зерттеулердің қосар үлесі зор екендігі белгілі. Жоғарғы оқу орындарындағы зерттеу орталықтарының атқарған жұ­мыстары Қазақстанның қоғамдық ұйым­да­ры, гендерлік орталықтар және халықаралық және шетелдік ұйымдардың қатысуымен Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жө­нін­дегі Ұлттық комиссияның қолдауы ар­қылы мүмкін болып отыр.. Осының бәрі қоғам­дағы гендерлік қатынастардың дамуына кө­мектесіп, адамдардың рухани мәдениетін кө­теруге септігін тигізетіндігі анық.

arasha.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>