• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Дала заңы ер мен әйелді бір-біріне қарама-қарсы қоймаған

22 Август, 20172460


 

Қазақстанда қазіргі кезде жүріп жатқан әлеуметтік – экономикалық, мәдени, саяси өзгерістер көптеген қоғамдық мәселелерді қайта қарауды қажет етеді. Солардың ішінде ең өзектісі гендер мәселесі. Қазақстанның нарықтық экономикалық қатынасқа өтуі еңбектің гендерлік бөлісіндегі қайшылықты шиеленістіріп жіберді.

Осыдан барып, қазіргі әлем бейнесіне әйел факторы белсенді кірісіп, қазіргі өркениет негіздерін қайта қарауды талап етуде. Қазақстанның Еуропа мен Азияның ортасындағы географиялық – саяси жағдайына байланысты осы екі жақтың да ықпалына басқа Орталық Азия елдерінен гөрі қаттырақ ұшырайтыны анық. Осындай жағдайда өзіндігіңді, өзгешелігіңді сақтау үшін де, көптеген мәселелерге, соның ішінде, гендер мсәселесіне байланысты қазақ халқының дәстүрлі құндылықтар жүйесін, еркек пен әйелдің қоғамдағы орны мен рөлі туралы түсініктер жүйесінің эволюциясын, гендерлік қатынастарға қатысты халықтың ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып зерттеу қажет.

Алдыменен, «гендер» дегеніміз не соны анықтап алайық.

Гендер («gender» ағылшын тілінен ауд. «род», «тек» деген мағ. білд.) – бұл, биологиялық емес, әлеуметтік жағдайларға (қоғамдық еңбектің бөлінуі, спецификалық әлеуметтік функциялар, мәдени стереотиптер) тәуелді әлеуметтік жыныс, әйелдер мен еркектер арасындағы айырмашылықтар.  Гендер ұғымымен тығыз байланысты 2 ұғымдар бар: гендерлік идентификация және гендерлік стереотиптер.

Гендерлік идентификация - өзінің әйел немесе еркек жынысына жатуын саналы түрде түсіну. Гендерлік идентификация өзіміздің жынысымыз туралы түсінігімізбен байланысты: шынымен де біз өзімізді әйел немесе еркек ретінде сезінеміз бе? Басқа сөздермен айтқанда, гендерлік идентификация – бұл адамның белгілі бір жыныс өкілі ретінде сезінуін бейнелейтін өзіндік сананың бір аспектісі, өзінің әлеуметтік контекстіндегі жынысқа (жыныстың нақты бейнелеріне немесе эталондарына)  жатуын сезіну.

Гендерлік стереотиптер – еркектер мен әйелдердің бейнелері жайлы қарапайымдалған, белгілі бір жүйеге келтірілген және нормативті түсініктер. Яғни әйел адам қандай қасиеттерге ие болуы керек және еркек адам қандай болуы керек деген сияқты түсініктерге негізделген.

Гендерлік зерттеулер дәстүрлі рөлдер мен мәдени нормаларды қалыптастыратын қоғамдық институттарды зерттеуге мүмкіндік береді. Осындай қоғамдық институттарға мыналар жатады: мемлекет, отбасы, білім беру жүйесі, еңбектің қоғамдық бөліну механизмі, бұқаралық ақпарат құралдары.

Қазақстан Республикасының Конституциясы жыныс мотиві бойынша дискриминацияға тиым салады. Қазақстан 1981 жылы ЮНЕСКО-ның «Әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық формаларына жол бермеу жайлы конвенциясына» қол қойды, ал 1998 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының әйелдерге қатысты дикриминацияның барлық формаларын тоқтату жайлы конвенциясына қосылған болатын.  

Дәл қазіргідей ашық қоғамда заман талабына сәйкес қоғамдағы ер азаматтар мен арулар әлемі гендерлік саяси көзқараспен қарасақ, теңескендей. Әйтсе де, қазақ қыздарының бүгінгі күнгі тәуелсіз қоғамымыздағы орны қандай?

«Қоғамдық прогрессті әйел жынысының қоғамда алатын орнымен дәл өлшеуге болады», - деп жазған екен Карл Маркс. Бұл сөзбен мен толықтай келісемін. Бұрынғы даналардың жазғандарына көз жүгіртсек, көбі әйел адамды тек «шаңырақтың сақтаушысы», «бала күтушісі» ретінде ғана қарап, қоғамдық жұмыстарға араластырмаған. Қазіргі заманда  әйел адам қоғамдық жұмыстардың барлық түрінде, билік басында да, жеке кәсіпкерлікке де, әскери іске де, ғылымға да араласып жүр. Дегенмен, мәселе әйел адамдардың осы іс-әрекет түрлеріне қандай дәрежеде араласып жүргенінде.

Статистикаға зер салсақ, саяси лауазымда отырған мемлекеттік қызметкерлердің 9,5%, парламентте 11,2%, 3 министр және 3 әйел елші бар екен. Облыс және аймақ әкімдері арасында әйел жоқ. Бұл өте төмен көрсеткіш және бұның себебі стереотиптер мен қатып қалған ұстанымдарда деп ойлаймын. Біздің елде және басқа да Шығыс елдерінде бұндай стереотиптер кең тараған және оларды бұзу өте қиын. Мысалы, олардың ең көп тараған түрлері: әйел адамның негізгі жаратылысы – үй және жанұя; әйелдер жақсы басшы бола алмайды; әйелдің жұмыс істеуі балаларына жағымсыз әсер етеді, қоғамда қылмыстың өсуіне ықпал етеді; әйелдер сәттілікке ұмтылмайды; саясат - әйелдің ісі емес деген сияқты түрде болады. Бұндай көзқарасты ер адамдардың көпшілігі ұстанады десем қателеспеймін.

Әйелдер еңбек нарығында сұранысқа ие емес, 2008 жылы жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша барған әйелдердің алтыдан бірі ғана жұмысқа тұрған. Әйел адамдардың алатын жалақылары да ер адамдардыкіне қарағанда төмен, әйелдердің еңбекақысы ер адамдардың еңбекақысының 61%  құрайды екен және кедейлік пен жұмыссыздық әйелдер арасында өте көп. Осының барлығы мемлекеттік органдардың гендерлік теңдік саясаттын нашар жүзеге асырып отырғандығының көрсеткіші. Заңшығарушылық базаның жетілмегендігі, гендерге бағытталған заңдардың жоқтығы, әйелдер мен еркектердің формалды теңдігі осының барлығы қазіргі проблемалардың бір бөлігі ғана. Дегенмен көш жүре түзеледі дейді ғой. Осы кемшіліктер уақыт өте келе жойылады деген сенімдемін.    

Кейде гендерлік теңдік саясатының жүзеге асуына әйелдердің өздері жол бермей жатады. Бұл қазақ әйелдерінің, қыздарының табиғи және ұлттық ерекшеліктеріне және отбасында берілетін тәрбиеге де байланысты. Олардың басым бөлігі жұмыстарын тастап, үйде бала бағып отырып қалады. 5 жыл өткеннен кейін жұмысқа шықса, барлық дағдыларын жоғалтады. Содан жалақысы төмен жұмысқа орналасады немесе мүлдем жұмыс істемей қалады.

Дала демократиясы ұл мен қызды бір-біріне қарама-қарсы қоймай, таразы басын тең ұстауға тырысқан, іргелес отырған кейбір отырықшы Шығыс елдеріндегі әйел затын бет тұмшалап, тіпті ер кісілер отырған дастархан басына әйелдерді маңайлатпай, оңаша «құлып» астында қамау секілді дағдылап қазақтарда атымен кездеспеген. Қазақ қоғамында қыздарда нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру – басты борыш болған. Сонда бұл қасиеттер келешекте жарасымды жар, аяулы ана, қоғамымыздың белсенді мүшесі болатын қазақ қызының бойынан әрқашан нұр төгіледі. Сондықтан әрбір қазақ қызына ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз

Дегенмен егемен Қазақстанның тәуелсіз қыздары әлемдік деңгейде дамып, өркениеттік мәдениеттен тиесілі өз орындарын тауып, саясатты да, бизнесті де ғылымды да жан-жақты меңгеріп қоғамның барлық саласына ер ер азаматтардан қалыспай, белгілі дәрежеде ірі қайраткерлер есебінде қызметтер атқаруда. Нарық заманы тек қыздарымызға ғана емес, жалпы қоғамымызға қиыншылық әкелді. Бірақ өмірдегі келеңсіздіктердің бәріне осы өтпелі кезеңді айыптай бермей бір сәт сана мен сезімге рухани сілкініс қажет екендігін ескерген жөн болар. Табиғатынан сергек, сезімтал қазақ қыздары көп ізденушіліктің нәтижесінде тез меңгергендей.

Осыдай күрделі заманда қазақ қыздары өздерінің ұлттық ерекшеліктерін, табиғи нәзіктіктерін, ибалылықтарын сақтай отырып, адам іс- әрекеттерінің барлық түрлеріне араласып жетістікке жетсе екен.

arasha.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>