• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Ел боламыз десек, Ютубымызды түзеген жөн

02 Октябрь, 20173130


Еңбек демалысына шыға сала ауылға аттандым. Өзім үшін соншалық мамыражай күндердің бірінде болған оқиғаны баяндап берейін. Түскі асты ішіп болғанымыз сол еді, әкем ағама келіп: «Анау итті байлап қойыңдар. Көрші-қолаңды қауып алады» деді. Ағам болса, үйдегі Сырттан атты итіміздің нөмірі бірінші қорғаушысы. Жұмыстан келген күні мереке. Өйткені көптен бері босамаған ит аулада, алаңсыз асыр салады. «Қазір байлаймын» деп жауап қатты ағам. Осы әңгімені естіп отырған кішкентай сіңлім дереу ағамның жанына барып: «Әке, ата жаңа сізге ұрысқан кезде көңіл күйіңіз түсіп, жүрегіңіз ауырды ма?» демесі бар ма? Отырған жерімізде қыран-топан күлдік. Тілі тас жаратын сіңлімнің сезімталдығы өз алдына бөлек әңгіме. Мұншалық таза сөйлеуіне қазақша мультфильмдер мен балалар бағдарламасы әсер еткен. Өйткені күні бойы көретіні – «Балапан» арнасы. Сөз арасына сіңісіп кеткен «паразит-сөздерді» кейінгі кіші буын қолдана бермейді. Демек, балаларға арналған қазақ тіліндегі контент керек-ақ деген сөз. Осы жағдайдан кейін Youtube желісіндегі қазақша мультфильмдерге көз сүзіп шықтық. Сұраныс әлі қанағаттанарлық деңгейде емес. 
Таяқтың келесі ұшы балаларды интернетке байлап қоюға келіп тіреледі. Мұндайда не істемек 
керек?

Қажетсіз ақпараттан қорғану
2016 жылдың соңына қарай Әді­лет министрлігі «Баланың ден­сау­лығы мен дамуына зиян келтіретін ақпарат­тардан қорғау» туралы заң жобасын қарастырған болатын. Яғни, депутат­тар балалар алатын ақ­параттарды қашықтықтан ба­қы­лауға мүмкіндік беретін механизм­дер ойлап табу ке­рек­тігін басты на­зарға алды. Мәжіліс депутаты Артур Платонов бұған қатысты мынадай пікір білдірді: «Балалар үшін зиянды ақпараттар таратылмауы қажет. Бұл ретте біздің мақсатымыз – шектеу емес, қорғау. Яғни, баланы тәрбие­леу ісі іспеттес. Әдетте, ата-аналар ба­ла­сына қандай да бір тыйым жа­саған кезде оның құқығын шектеу үшін істемейді емес пе? Барлығы түптеп келгенде балалар үшін жа­салады. Ортақ механизм ойластыру арқылы келешек ұрпақты қорғағы­мыз келеді», – дейді ол.
Қауіпті сайттар мен канал­дарда­ғы ақпараттар осы ғасырдың дертіне айналды. Айталық, Ресейде ба­лалардың 58 пайызы өздерінің интернетте отыратындықтарын жа­сы­рады екен. Бұл статистиканы «Касперский зертханасы» жүргіз­ген. Осындай мәселе бізде де бар. Ата-аналардың көпшілігі балалары­ның қандай ақпарат ала­тынын, қай әлеуметтік желіде тір­келгенін біл­мейді.

Тіл дамуына Youtube-тың үлесі зор
Дегенмен бәрінен түңіліп, тас қа­раңғыда қалғаны да жөн емес. Балаларға арналған контентті да­мыту керек. Бұл – Қазақстандағы көш­басшы Youtube канал санала­тын Jaidarman Official аккаунтын жүргізетін Жанасыл Болатбектің пікірі. «Қазір кез келген баланың қолына смартфон берсеңіз, өзі бір­ден ютубты қосып алады да, қажетті дүниелерін лезде тауып ала қояды. Қолынан алып қоймасаң, сағаттап отыра беруге бар. Көретіндері – негізінен орыстілді дүниелер. Неге? Өйткені бізде балаларға арналған сапалы контент әлі қалыптасып үл­герген жоқ. Алғашқы негіздері енді қалыптасып келе жатыр. Контент қалыптасу үшін ол дүние контент жасаушыға пайда әкелуі керек. Яғни, шығыны мен уақытын ақтауы керек. Ютуб Қазақстан аумағында жарнама табуға ресми мүмкіндік бер­геніне бірнеше жыл болды. Осының ар­қасын­да жарнамамен айналысатын серіктес компа­ниялар сырттан кіре бастады. Сәйкесінше, елімізде ютубта контент жасаушылардың бел­сенділігі арта түсті. Әри­не, бірінші орыстілді каналдар жақсы пайда тапты, әлі де тауып жатыр. Себебі, орыстілді дүние ТМД аумағына тарайды. Сәй­кесінше, қаралымы жо­ғары болады.
Қазақтілді өнімдердің қаралмау себебін айта ке­тейік:
• Таралу аумағы тар;
• Қазақтілді кө­рермен бұл дүниені орыс тілінде қарап қоюы мүмкін немесе оған орысша қараған ыңғайлы.
• Қаралымы аз болған­дықтан, жарнама берушілерге қызық емес. Сәйкесінше, «пай­да да жоқ» деп кете береді.
• Ең бастысы – ютубқа көңіл бөлмеу.
Болашағы жоқ деп түңілуге де бол­майды. Қаралымы жақсы дүние­лер бар. Мысалы, «Қошқар мен теке» мультфильмінің қаралымдары өте жоғары. Тек өкініштісі – видео сапасыз, пираттық жолмен жүктел­ген. Авторлық құқық сақталмаған. Жүйе дұрыс жүрмеген. Дұрысы бы­лай болуы керек еді: Мультфильмнің иесі (тв немесе авторлар) ресми ка­налдарынан видеоны HD сапада жүктеп, авторлық құқығын қорғап отыруы керек. Сол кезде сапалы дүние пайда болады. Сапалы дүние әрдайым көрерменін табады. Кө­рер­мені көп дүние иесіне пайда әке­леді. Бұл – кез келген видео өнім­ге қатысты дүние. Серіктес ком­па­ниялар елімізде офистерін ашып, тв-каналдармен келісімге отыра бастады. Осының нәти­же­сінде, видео өнімдер ютубқа жүк­теле бастады.
Мысалы, balapan арнасы соңғы кездері өздері дайындаған көптеген дүниелерді каналдарына жүктеп жүр. Бірнеше жылдан бері «Ел боламын десең, ютубыңды түзе» деп айтып келе жатырмыз. Себебі, ба­лалардың тілі осы ютубпен бірге шығады. Мәселен, үйде бәріміз қа­зақ тілінде сөйлесек те, баламыз орыс тіліне бейім. Осыны реттеу үшін қа­зақ балабақшасына апарып жүр­міз. Ол жерде біз се­кілділер аз емес екен. Демек, қазақша контенттің артуы қазақ тілінің дамуына да зор үлес қосады» дейді Жанасыл Бо­латбек.

Баланы қалай бақылаймыз?
Балаңыз Youtube желісін қарай­тын болса, қауіпсіздік жағын қарастыруды ұмытпаған жөн. Мұн­да арнайы «қауіпсіздік режимі» бар. Ол үшін басты бетін ашқан соң, ең соңына түсіңіз. «Қауіпсіздік» деген батырманы іске қосуды таңдаңыз. Аз да болсын, арашалайтын күші бар. Мұның өзі жүз пайыз қорғалады деуге келмейді. Мәселен, балаңыз «Қызыл телпек» деп теріп, мульт­фильм қара­ғысы келді делік. Youtube желісінде осы атпен мульт­фильм де, кино да, тіпті ересектерге арналған видеолар да жүруі мүмкін. Сондықтан күн сайын архивті тек­серіп, қандай каналдарды қара­ғанын өзіңіз бағалағаныңыз дұрыс. Сонымен бірге, психологтар­дың айтуынша, балаңызбен жақсы қа­рым-қатынаста болыңыз. Онымен үнемі сөйлесіп, пікір алмасыңыз. Ненің жаман, ненің жақсы екендігін ұғындыруға тырысыңыз. Жасына сай емес контентті қарамауын түсін­дірудің жолын іздеген жөн. Яғни, барлық дүние тәрбиеге келіп тіреледі. Көңіл бөлмей, қолды бір сілтеп, не болмаса жұмыстан қатты шаршап, балаңызға қарауға мұр­шаңыз болмаса, зардабын тартуы­ңыз ықтимал. Соны­мен бірге, ден­саулығына зиян кел­меуін де қада­ғалаңыз. Компьютер ал­дында қи­сық отырмауын, смартфонға тым жақын үңілмеуін де назарға ал­ғай­сыз. Теледидардан тамашалағандай арақашықтық болуы тиіс екендігін ескертіңіз. 2,5-3 метр қашықтық­тан қарағаны көз көруінің қалыпта болуы­на септігін тигізеді. Бүгінде көзілдірік тағатындардың саны тым артып кеткенін ескерсек, бала кез­ден көз жанарын сақтаудың маңы­зын түсіндіру – әр ата-ананың міндеті.

 

Қазақша контенттің кемшілігі
Іздеу желілеріне «қазақ мульт­фильмдері» деп терсеңіз, 173 мың нәти­же шығарады. Мұның ішінде
ви­деодан бөлек, түрлі мақалалар, суреттер де бар. Одан тек видео-кон­тентті іріктеп алар болсақ, шамамен 53 мыңдай нәтижені кө­реміз. «Қош­қар мен теке», «Ер Төс­тік пен Айда­һар» мульт­фильмдерін 2 миллионнан астам, «Алдар көсе мен шайтандарды» – 1,8 миллион, «Қазақ елін» – жарты мил­лионға жуық адам тамашалаған. Әлбетте, бұлар – есімізге ең алдымен, түсетін туындылар. Бұдан бөлек «Балапан» арнасынан берілетін, қазақшаға аударылған туындыларды сүйіп қарайтындар да бар. Мәселен, «Тобот», «Әнуар мен Мұса», «Алан мен Қозықа», «Еріншектер елі», «Рубидің ғажайып әлемі», «Саяхат­шы Дара» және т.б. мультфильм­дердің де қаралымы миллионнан асқан. Тек көпшілігінің сапасы сын көтермейді. Сонымен бірге, тек қана қазақша мультфильмдер жариялап отыратын каналдар кемде-кем.
Бір кездері ресейлік «Маша мен аю» мультфильміне тыйым салу тура­лы бастама көтерілгені белгілі. Он­дағысы бас кейіпкер тентек қыздың бала психологиясына кері әсер береді деген алаңдаушылық. Бірақ сол Машаның не сиқыры барын қайдам, сөзін түсінбесе де тырқ-тырқ күлген балалар. Әлбетте, мультфильмдерді өндіріске шығармас бұрын, қазақ тіліне аудармас бұрын оның мента­литетпен сәйкес келуін, тәрбиелік мәнін тереңінен қарастырған жөн. Олай болмаған жағдайда, кейін балаңызға өкпелей алмасыңыз анық. Бүгінгі балаларға не қызық? Олар қандай кейіпкерлерді көргісі келеді? Мұны да бір сәт ой елегінен өткізу қажет. Техникалық жағынан тартымды жасау – басты шарт. Өйткені кеңес кезінде «өліп» көрген «Қап, бәлем, тоқтай тұр!» сияқты туындыларды бүгінгінің баласына көрсетсеңіз, теріс бұрылып кете салады. Демек, талғам өзгерген. Одан гөрі «Монстер Хай» қарағанды құп көреді. Бұл ретте тәрбиелік мәні жоғары, қазақылықты қанына сіңіретін туындыларға қажет­тілік туындап отырғаны айтпаса да белгілі.

Тақырыптың тоқетері:

«Бүгінгінің баласы бесіктен бәрін біліп шығады» дейміз әзіл-қалжыңы аралас. Бірақ бұл – шындық. Тыйым салып, желіні жауып тастаған да жөн емес. Аттың басын жіберіп, «өз еркің, балам» деуге де болмайды. Заманның ағымы жылдам, ілеспеске шара жоқ. Бастысы, ұлттық құндылықты құртып жібермей, көштен қалмасақ болғаны. Қазақша дүниелердің көбейгеніне қуанамыз. Соған сай сапасы да артса дейміз. Әр ата-ана тәрбиені қолына алар болса, бұл жерде бәлкім, қауіп туралы сөз қозғалмас па еді? Ешкімді жазғырудан аулақпыз. Бірақ балаға бей-жай қарағанның салдары тым ауыр. Қоғамдағы түрлі жағдайлардан-ақ көпшілік құлағдар. Расымен, ел боламын десек, ютубымызды түзеген жөн.

Жадыра АҚҚАЙЫР

Егемен Қазақстан газеті

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>