• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Мұхтардың әйелі В. Николаевнаның естелігі: Әлихан Бөкейханов үнемі біздің үйге келетін

04 Октябрь, 20175500


"Біздің некеміз заңды түрде 1936 жылы 5 шілде күні, сол кездегі Алматыдағы жалғыз қалалык ЗАГС-те тіркелді, содан бастап өсіп қалған Ләйлә: «Неге папам екеуміздің фамилиямыз бірдей, ал мамамдікі басқа» – деп сұраумен болды. Ал некеміздің нақты қиылған күніне келетін болсақ, оны өзіміз де білмейміз, сондықтан да менің туған күнімді – 1927 жылдың ақпанның 25 жұлдызын «той күніміз» деп белгіледік. 1927 жылы мамыр айында Декабристер көшесіндегі № 14 үйдің № 1 пәтеріндегі бір бөлмені жалға алдық. Біздің қожайынымыз теміржолшы еді. Зады бұл бұрын байдың үйі болса керек, дәліздегі бір бөлмеге кіретін екі есігі бар, онда бізбен бірге көшіп келген Әлкей Марғұланнан басқа да адамдар тұратын, залы сондай әсем безендірілген, терезелердің ортасындағы кернезіне алтын жалатқан таушасы болатын. Мұнда үш ұшқыш, оқып. біреуінің әйелі және бес өзбек тұрды.

Айтпақшы, 1928 жылы жаз айында мен осы пәтерде Сәбит Мұқановты тұңғыш рет көрдім. Бұл кезде біз ол үйден кетіп қалғанбыз, үй иесі әйеліне сәлемдесе шығайын дегем. Ол маған: бір қазақ Әлкей Марғұланның тілек хатын әкелгенін, оның қазір осында тұрып жатқанын айтты. Сол кезде жиегі жалпақ қара қалпақ киген Сәбит те кіріп келді, біз таныстық. Кейін Сәбит өзінің бір кітабында біздің үй иесінің әйелі туралы сондай әдепсіз пікір білдіріпті. Әлкей маған: сондай жақсы адамдар еді ғой, Сәбит оларды тоғышар етіп көрсетіпті – деп ренішпен айтты. Жасау-жиһазды кең үйде Сәбит жалғыз өзі тұрды, демек, үй иесі әйелінің оның қалтасын қағуы түсінікті. I Думада бірге істеген әріптестерімен (фамилиясын ұмыттым) жолығу үшін Мәскеуден арнайы келген сайын Әлихан Бөкейханов үнемі осы үйге түсетін. Ол өзін Александр Николаевич деп атайтын, қолыңды сүйіп амандасатыны мені таңдандырды. Мұндай әдет ол кезде ұмытылып кетіп еді...

1927 жылы маусым айында біз осы тұңғыш пәтерімізге тіркелдік, бірақ та мен ата-анамның қолында тұра бердім де, Мұхтар Омарханұлы жаз бойы елде болды. 1927 жылы 4 қыркүйекте Мұхтар Омарханұлының 5 күні Ленинградта болатыны туралы Мәскеуден соққан жеделхаты келді. Оны «өзіміздің бөлмеде» қарсы алу үшін таңертең ерте сонда бардым, жолай Мальцев базарына соғып табақ пен май және тағы бірдеңелерді сатып алдым – бұл біздің үйіміздің алғашқы бұйымдары еді... Содан кейін, әуелі 1927 жылы 31 желтоқсан күні дүниеге келген тұла бойы тұңғышымыз – Елдостың жарыққа келуін күтумен, кейін оны мәпелеумен күн кештік».

 

Тұрсын Жұртбайдың «Бесігіңді түзе!..» кітабынан

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>