• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Хэллоуин сынды жынойнақты тойлау бізге керек пе?

29 Октябрь, 20173390


Жуырда Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде болғанымда, құбыжық кейпінде  киінген бір топ жас назарыма түсті.  Жаныма «Сіз Хэллоуин тойлауға дайынсыз ба?» деп өзіміздің қарагөз қыздар Хэллоуин кеші өтетін жарнамалық парақшаны  таратты. Тіпті бұған қатты қызығушылық танытып, бұл мейрамды қалай тойлайтындарын талқылап жатқан оқушыларды да байқадым. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» дегендей Батыстан ғылым мен техникадағы тәжірибелерін, жетістіктерін үйренсек құба құп қой. Мән-мағынасы жоқ, жастарға жат дүниені насихаттайтын  Батыстың бұл мейрамы мен дәстүрі бізге қажет пе?! Онсыз да Әулие Валентин күнін ұлттық мейрамға пара-пар тойлайтындар қатары азаяр емес.

Соңғы жылдары жастардың Батысқа еліктеуі белең алып бара жатыр. Қоғамның рухани жұтаңдап, ұлттық құндылықтардан қол үзіп бара жатқаны алаңдатады. «Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» демекші өзге елдің салты өз идеологиясын, өз құндылықтарын жастар санасына сіңіретінін есте ұстаған абзал. Ал елді дүрліктіріп, құбыжықтар бейнесінде киінген Хэллоуинді тойлау кімге керек болғанын саралап көрелік. Бүгінгі жас өрен ұлттық та, діни де мерекеге жатпайтын бұл ежелгі пұтқа табынушылық ырымның қалдығы екенін ұғынбайтыны қынжылтады. Неге дәл осылай  өзіміздің ұлттық киімді киіп, ұлттық ойындарды ойнап, салт-дәстүрді ұлықтап, ұлттық мейрам – Наурызды тойламасқа?!

Хэллоуин АҚШ-та Рождестводан кейінгі орында тұрған, халық жаппай тойлайтын мейрамдардың бірі. Бұл мерекенің тарихына үңілсек, ол сонау христиандық дәуірге дейінгі кезеңнен қазіргі Англия мен Ирландияның, сондай-ақ Францияның аумағында өмір сүрген кельт атты халықтың ескі жылмен қоштасып, жаңа күнді қарсы алу түні екен. Хэллоуин сөзінің мағынасы «мереке қарсаңындағы күн» дегенге саяды. Олай дейтін себебі, ІХ ғасырда ІІІ Папа Григорий барлық әулиелер күнін тойлауды 13 мамырдан-1 қарашағаауыстырады. Мереке қарсаңындағы күн (31 қазан) деп аталған. Яғни, бұл күн қайта тірілетін әулиелерді қарсы алуға дайындық күні. Уақыт өте келе Хэллоуин жынойнаққа айналды. Ішіне жанып тұрған шырағдандар орнату арқылы асқабақтан түрлі бейнедегі шамдар жасап, сөйтіп қайта тірілген өлілер кейпіне еніп, үй-үйді аралап тәттілер сұрайтын дәстүр болып кеткен. Ендеше,  тарихи, не тәрбиелік мәні жоқ бұл күн Батыс жұртшылығына қалай сіңісіп кетті деген сауал туындайды. Еуропадан АҚШ-қа көшкен эмигранттар осы мейрамды алып келіп,  1920 жылы Нью-Йорк пен Лос-Анджелес қалаларында алғаш рет ресми тойланды. 1950 жылдардан бастап Хэллоуин коммерциялық тұрғыдан пайда әкеле бастады. Халық арасында костюмдер, әшекейлер, ашық хаттар және басқа да заттар өте жоғары сұраныстарға ие болды. Содан бері Хэллоуин америкалық жеткіншектердің сүйікті мейрамдарына айналып кетті. Кешегі күнге дейін тек қана АҚШ пен Канадада тойланып келген Хэллоуин Еуропа мен басқа да құрлықтардың көптеген еліне қанат жая бастағаны анық. Бұл жерде әлбетте, коммерциялық бағыт басым болып отырғанын аңғару қиын емес.

Өткен жылы Ұлыбритания бұл мейрамды тойлауға 300 миллион фунт қаржы жұмсаған. Сол сияқты бізде де бұл мейрам кәсіпкерлер үшін жаңа табыс көзіне айналғаны жасырын емес. Мәселен, ашық хаттар құны 150 теңгеден басталады. Осы мейрам күніне арналған кештерге тек кіру құны 2000 теңгеден басталады. Арнайы костюмнің жалға алу бағасы 8 мыңнан басталады. Сұлулық салондары да бұл мүмкіндікті қалт жібермей, құбыжық не вампир бейнесінде бет әрлеуді де жарнамалауда. Оның бағасы 8000 теңгеден басталады. Бұған арнайы маскалары мен қолдан жасалған шырағдандарын қосыңыз. Байқап қарасақ, кәсіпкерлер үшін бұл таптырмайтын мереке.

Жастар арасында бұл бүгінгі заманның жаңа мейрамы деп, жынойнақ күнді дәріптеушілер де аз емес.  Біріншіден, психолог мамандар вампир, құбыжық бейнелерінде киініп жынойнақ күнді тойлау  бүлдіршіндеріміздің психикасына кері әсер ететінін еске салып, дабыл қағуда. Баланы аруақ бейнесімен қорқытудың түбі жақсылыққа апармайтыны анық. Екіншіден, әлі толық қалыптаса қоймаған жас бала санасына  зұлымдық пен қатыгездікті сіңіретінін аңғармаймыз. Үшіншіден, Хэллоуин  күні қылмыс саны көбейеді. Мысалы, 2013 жылы Мексикада аруақ бейнесінде киінген бір топ  қылмыскерлер зергерлік дүкенді тонап кеткен. Бүкіл халық думанды тойлап жатқанда бұл мүмкіндікті ұрылар да жақсы пайдалануда. Төртіншіден,  бұл мейрамға тән балалардың үй-үйді аралап,  тәтті сұрау дәстүрінің салдарынан Батыс елдерде бала ұрлау қылмысының саны артқан. Міне, осыдан-ақ бұл қылмыскерлер мен кәсіпкерлер үшін нағыз мейрам екенін аңғару қиын емес.

Көптеген елдер жас ұрпаққа бұл мерекенің зияны жайында айтуда. Мәселен, жапондықтар бұл күнді тойламайды. Ал көрші Ресейдің Мәскеу патриархаты мен Ресей мүфтилерінің кеңесі «Хэллоуин – Ресейге жат мейрам» деген ұстаныммен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Күні кеше ғана Ресей мемлекеттік Думасының депутаты В.Милонов бүкіл ел болып бұл мейрамды тойлаудан бас тарту керектігін алға тартып, білім ордаларындағы ұстаздарға рухани тәрбиеге көңіл бөлуді тапсырған болатын.  Депутаттың айтуынша, баланың психикасы мен мінез-құлқына кері әсер ететін мұндай жайттарға жол беру – ұрпақ үшін үлкен қастандық. Расында халық қалаулысының сөзімен келіспеске болмас. Әлбетте, костюмдер, мерекелік кештер бастапқыда ешкімге зияны жоқ ұсақ-түйек болып көрінуі мүмкін. Шынтуайтына келгенде, осындай ұсақ жайттар ұлттық тәрбиенің солғындауына әкеледі. Ел ертеңі – жастар десек, өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтарға, адамгершілікке баулып, отансүйгіштікке, мейірімділікке  тәрбиелеуді басты назарға алған жөн.

Ақбота ИСЛӘМБЕК

Дереккөз: Айқын

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>