• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Әнес Сарай: Тарих бір не бірнеше жылда жазыла салмайды

16 Ноябрь, 20172840


Шығысы Сарытеңіз, батысы Қаратеңіз, түстігі Хуанхэ, Әмудария, терістігі Мұзды мұхитқа тірелген, «алыс-жақынды қамыстай қалтыратқан» Ашина (аспан) түркілері 552 жылы төбелеріне әңгір-таяқ ойнатқан жужандарды талқандап, көшпелі дала билігіне қатысты жаңа тарих бетін ашып, ұлы түрік қауымдастығын құрды. Ашина түріктерінің билігі 150 жылға созылды. Аталмыш әулет салып берген сара жол, өз ұрпағының қаны мен жанына суарылған өршіл рухани қуат 700 жылға сарқылмай жетіп, моңғол дәуіріне иек артты. Осы күні мерзімді басылымдарда болсын, ғылыми еңбектерде болсын «көк түріктер» деп жазады. «Күлтегін», «Білге қаған» бітіктас жазуында түріктер өздерін «Көк түріктері» деп атаған. Мұндағы «көк» түсті емес, космостық – аспан мағынасын білдіреді. Сондықтан «көк түріктер» деп емес, «көк түріктері» деп жазып, «аспан түріктері» деп ұққанымыз мақұл. Осы жеті жүз жылда әр тілде сөйлейтін түркі қауымдарының тілі ортақтанды. Осы кезеңде Хинған жотасынан батыстағы Бұлғар тауына дейінгі құс қанаты талар ұлан-байтақ жалпақ өңір жұрты түркілену процесін бастан өткерді. Хотан-сақ тілді Шығыс Түркістанның қамал қалаларының тұрғындары парсы тілді сармат, албан, абар, суар, соғдақтар, қидан тілді қай, татар, татабылар, угар тілді мажар, зирян, сібір, шоран, шортан тайпалары түгел түркіленді. Түркі тілі әлемнің белді тілінің біріне айналды. Қыпшақ-латын, қыпшақ-араб, қыпшақ-армян сөздіктерінің дүниеге келуінің астарында осындай сыр жатыр.

Бабаларымыз төл әліппе ойлап тауып, өздерінің бастан кешкен тарихы мен кейінгі ұрпаққа арналған өсиет сөздерін тас бетіне қашап жазды. «Тізеліні бүктірдік, бастыны жүгіндірдік…», «Бек ұл ұрпағың құл болды, сүлік қыз ұрпағың күң болды…», «Түрік халқы үшін түн ұйықтамадым, күндіз отырмадым…», «Өлімші халықты тірілттім. Жалаңаш халықты тонды қылдым. Аз халықты көп қылдым…» Білге қаған, Күлтегін ескерткішіндегі әрбір түркінің жүрегін толғанысқа бөлейтін осынау жолдарды бүгінде бәріміз жақсы білеміз, бәріміз жатқа білеміз. Жартасқа қашап салынған суреттер – өзге жұрттарда кездеспейтін, баламасы жоқ, түркі әлеміне ғана тән қолтума өнер. Суретпен шежіреленген түркі өмірінің ғажайып айнасы.

Әлемдік ғылым өркениет шарттары деп, төл жазуы болуды, қала салу мен монументті мүсін өнерін айтады. Түркілерде мұның бәрі болды, оның сыртында тәңірлік дін, жартас графикасы қағидаларын қалыптап, ХІ ғасырда төл грамматикасын негіздеп, «Түрік сөздігі», «Құдатғу білік» сынды философиялық-әдеп трактатын жазды. Міне, осы жоралар аясында «Көшпелілер өркениеті» ғылыми термині қалыптасып, әлемге мойындалды. «Көшпелілер өркениетін» әкелген жұрт қазір жеке-жеке мемлекет, жиырмаға жуық ұлыс боп отыр. Жалпы әлемдік өлшеммен келгенде түркі дүниесі – бөліп-жаруға келмейтін біртұтас дүние. Л.Гумилевтің «Байырғы түркілердің әдет-ғұрып, салт-дәстүрі, киім киісі ХІХ ғасырдағы қазақтардан айнымайды», П.Мелиоранскийдің «Ежелгі түріктердің тілін таза сақтап қалған тіл – қазіргі қазақ тілі» дегендері көңілге жылы ұшырағанымен, Көшпелілер өркениеті – алалап-бөлелейтіні жоқ, түркі ұлыстарының бәріне ортақ өркениет.

Түркі жұртына тікелей байланысты тарихи шындық кейде көзбе-көз бұрмаланып жатады. Тасқа басылып, қолға ұстайтындай ақиқаттың өзі бұра тартылады, біреулер өз жұртының көбірек ауызға ілінгендігін қалайды. Міне, содан келеді де, айдалада отырған сенің қаның қайнайды, жүйкең жұқарады. Әрине, романдарымды жалғастырып, бір бағытта шығармашылықпен айналысуға маған кедергі келтіретін кім бар?! Және өзің білетіндей, әдеби кітаптарым да оқылмай, шаң қауып қалған емес. Сізге ашығын айтайын, тарих деген шіркіннің шартағынан «ішке секіріп түстің» екен, енді одан жуық маңда оңай сытылып шыға алмайсың, магнитіне тұтқындаласың да қаласың. «Көк түріктерін» жазарда қаншама мұрағатты ақтарғанымды білсеңіз, қаншама кітап оқығанымды білсеңіз. Алғашында көк түріктерінің ата-баба шежіресімен шектелермін деп болжағам. Мұның өзі сан тарау, қым-қиғаш дүние. Көк түріктерінің тұрмыс-салты, түркілердің басқару жүйесі, әскері, діни жоралары, жазу-сызуы… Алғашқы қағандар, түркінің шырқау кезеңі, алауыздық және оның салдары, азаттық жолындағы арпалыс, елдік пен ездік… Қытай басқыншылығы және Батыс түркі, Елтеріс құтылық қаған, Білге қаған, Күлтегін (716-734 жылдар)… Солай бауырым, біраз уақытым да, біраз денсаулығым да осы кітапқа шығындалды. Мұның ішінде көшпелі қазақ тарихы да тұнып тұр. Бір шүкіршілік айтатыным, «Көк түріктері» қолға түсе бермейтін сирек кітаптар тізіміне кірді.

Тарих деген жарықтық бір не бірнеше жылда жазыла салмайды ғой. Оған ғалымдарымыз бен тарихшыларымыздың табанды әрі жанкешті ізденімпаз еңбектері қажет-ақ. Оны айтасыз, алдымен «Қазақ» сөзінің түп-төркін мағынасы айқындалды ма, «қазақ» сөзінің әу бастағы түп-төркіні туралы әлі күнге дейін талас-тартыс туындап жатады. Мұндай ахуал тек қазақ қауымының басында емес, көршілес өзбекте, тарихы хатталған дейтін орыста да бар. ХVIII-XIX ғасырдағы орыс тарихы «русь» этнонимінің мәнін анықтау жолындағы ізденістерге толы. Әр саққа жүгірткен алшақ пікірлер де аз болмаған. Осындай бір қызу пікірталастың тұсында орыс ғалымы Ломоносов қиянатқа шыдамай, қыруар жұмысын жиып қойып, тарихпен түбегейлі шұғылданғаны бар. «Неге бұлай істедің?» деген әріптестерінің сауалына: «Ұлттық сананы қалыптастыруда тарихтың атқарар міндетін өзге бірде-бір ғылым атқара алмайды» деп жауап қайтарғаны есте… Арғы жағы түсінікті болар.

"Түркістан" газетінде жарияланған сұхбатынан үзінді

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>