• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Жалғызбасты жас ана: Бастысы баламның денсаулығы мен болашағы

18 Ноябрь, 20176360


Қазіргі уақытта қоғамда жалғыз басты жас аналар көбейіп кетті. Тағдырдың жазумен осындай күйге түсіп, жалғыз өзі перзентің бағып-қағып жүрген кешегі бойжеткендер, бүгінге өзіндік көзқарасы бар, өз қателіктерінен сабақ алып, өмірді жаңаша бастаған жандарға айнала білді. Сайтымызға арнайы сұхбат берген Айжан есімді жас ана осы сөзіміздің дәлелі. Сұхбат берушінің өтініші бойынша, оның фотосы мен толық аты жөнін жария алмаймыз.

- Қай жақтан боласыз?

- Батыс жақтанмын. Ауылда өстік, бой жеттік, мектеп оқыдық. Кейін оқығу жергілікті қалаға бармай, Астанаға келдік. Грантқа түсе алмай, әке-шешем «елдің баласынан кем болмасын» деп ақылы оқытты. Төрт жылымыз да былтыр бітірдік қой.

- Осындай жағдайға түспей тұрып, қай жерде жұмыс істедіңіз?

- Мамандығым бойынша жұмыс істеген жоқпын. Қонақүйде ресепшнда, «Керуен» сауда үйіндегі бір бутикте сатушы болдым. Сол уақытта аяғым ауыр болып қалды.

- Ыңғайсыз болса да, сұрауға рұқсат етіңіз. Баланың әкесімен кездесіп жүрдіңіздер ме, әлде кездейсоқ болған оқиға ма?

- Несі ыңғайсыз? Қыз-жігіт болып жарты жылдай жүрдік. Сатушы болғанда бутикке келіп зат алып тұратын. Бір рет келді, екі рет келді, үшіншісінде тағы келді. Кейін ақырындап қалжындай бастады, «сіздей сұлуды бұрын көрген емеспін» дегендей сөздерді айтатын. Сөйтіп сенімге кіріп алды ғой. Кино, «KFC», түнгі клуб... Айттым ғой, кәдімгі қыз бен жігіт болып жүрдік.

- Содан?

- Содан не болушы еді? Бір күні аяғым ауыр екенін білдім. Бір жағынан қуандым, бір жағынан қорықтым. Өйткені жігітім «үйленеміз, баламыз болады» дейтін сөздерді мүлдем айтпайтын. Мен де ол жайында сұрамайтынмын. Бір күндік қызықпен ғана жүргім келді. Болашақ туралы ойлағым, жоспарлағым келмеді.

- Бірақ айттыңыз ғой? Баланың әкесін айтамын.

- Әрине, үш күн ойланып, әйтеуір айтамын деп шештім. Бір күні хабарлаып кездесуіміз керек деп айттым. Демалыс күні болатын, «Хан Шатырда» кездестік. Тамақ, су алып отырдық.Төтесінен айта салмайын деп, ақырындап сұрай бастадым. «Болашағымыз жайлы ойланасың ба? Бір –екі жылдан кейін әлі бірге боламыз ба?» деген сияқты сұрақтар қойдым. Көзі бақырайып қарап қалды. Алдын ала интернеттен түрлі форумдарды оқып алып, дайындалып алған түрім ғой. Басын шайқады. Әзірге ондай ойлармен басын қатырғысы келмейтінін айтты. Маған да ойламай-ақ қой деді. Отызға жеткенде мүмкін үйленерміз деп мысқылдады. Өмірімде бірінші рет маған қараған түрінен жиіркеніп кеттім... Аздап түріне қарап тұрып, айта салдым. «Мен екі қабатпын, сенің балаң, аяғым ауыр» дедім.

- Ол ше?

- Басында күліп жіберді. Басын шайқап. Сенбегендей болды. Аздан соң, шынымды айтып тұрғанымды көріп, ойланып қалды. «Қанша ақша керек» деді. Түсінбедім. Баланы алдыртпақшы болған екен. «Жоқ» дедім. «Ойланшы, дәл қазір екеумізге де балалы болған тиімсіз. Үй алу керек, аяққа нық тұрып алу керек» деді. «Жоқ» деп отырып алдым. Көндіре алмайтынымды түсінген соң, өзгеше сөйлей бастады. «Бұл бала менікі емес болуы мүмкін. Түндерді кіммен өткізіп жүргеніңді кім білсін? Мен саған сенбеймін. Ертең біреудің баласын баққым келмейді» дегендей дауысын көтере бастады. Кеше ғана сүйенер қабырғам ретінде жүрген жігіттің түрі бірден өзгеріп кетті. Сол кезде екі түрлі сезімде болдым. Біресе өкініштен қатты жылағым келсе, екінші жақтан ашу-ызадан жарылғалы тұрдым. Қойшы, сол кезді айтпақ-ақ қояйыншы.

- Әрине.

- Сөйтіп, баламның әкесін бетінен шапалақпен ұрып, кетіп қалдым. Содан кейін көрген жоқпын. Ол да іздемеді. Әйтпесе баяғы телефонмен жүрмін ғой. Райынан қайтып, баласына келгісі келсе бір рет болсын хабарласушы еді ғой. Менікі дұрыс емес пе?

- Нақты бірдеңе айту қиын. Өзің сол жағдайда болмағаннан кейін не айта аласың? «Бұйырған кетпес, қуған жетпес» дегеннен басқа ештеңе де айта алмаймын... Әңгімеңізді ары қарай жалғастырсаңыз.

- Осылайша сүйгенім оңбаған болып шықты. Бір апта ойландым. Шынымен де алып тастайын ба деп ойладым. Құдай түртті ме, періште сыбырлады ма, әйтеуір телефонды ашып, ватсапқа кіргім. Университетте тобымызда бір намаз оқитын жігіт бар еді, сол ватсаптағы группаластар тобымыздаға бір видео жіберіпті. «Өмірдең түңілсең, осыны қара» деп. 2-3 минуттық уағыз екен. Бір имамның мешіттегі уағызынан үзінді. Көрдім, кейін тағы басқа видеосын көрдім. 5-6 видеодан кейін «Исламда аборт жасауға бола ма?» деген видео шықты. Шошып кеттім, Құдай әдейі әкеп тұрған секілді болды алдыма. Оны да көрдім. Одан бетер қорықтым. Өте әсерлі уағыз еді.

- Себепкер сол уағыз болды дейсіз ғой. Видеодағы имамның аты кім еді?

- Есімде жоқ. Шынымды айтсам ондай видеоларды көп көрмейтінмін. Айтып тұрмын ғой, Құдайдың ісі шығар мені үлкен күнәдән, баламды үлкен қатерден сақтап қалған. Сол кезде алдырып тастасам, бүгін мына періштем болмас еді ғой. (алдында тамақ жеп отырған балақайының маңдайынан иіскеді)

- Әке-шешеңізге айттыңыз ба?

- Басында жаман қорықтым. Жиырма жастан асып кетсем де әлі баламыз ғой олар үшін. Байсыз бала табамын десем, әкем кешірмейтін, анам да өте қатал еді. Ақырындап ағама айттым. Үйде төртеуміз. Ағамнан бөлек, бауырым мен сіңілім бар. Бәрі де ел жақта, мен ғана Астанада оқимын деп тұрып алғанымда қарашы кезінде.

- Дегенмен ағаңыз ашуланған жоқ па? Қарындасының осындай хәлін көру кімге болса да оңай емес қой.

- Дұрыс айтасыз. Басында бұлқан-талқан болды. «Астанаға келемін, ана жігітпен сөйлесемін» деді. Телефон нөмірін бермек түгілі, атын да айтпадым. Менің жағдайымды түсініп, біраздан соң мәселенің шешу жолдарын іздедік. Бір аптадан кейін, үй ішілерге айтты. Сол кезде қайдан айқай-шу болғанын білсеңіз ғой (күледі). Әйтеуір, ағамның арқасында соңында бәрі де тынышталып, маған «үйге қайт» деп айта бастады. Келіспедім, қыздарыңыз қателігі үшін әке-шешем қарабет болып, ауылдың өсегіне қалмасын деп шештім. Оларға да мында келмей-ақ қойыңдар, өзім бірдеңе қылармын дедім де байланысты үздім.

- Жалғыз қалудан қорықпадыңыз ба?

- Қорықтым. Басқа амалым болмады.

- Туған туысқандарыңыз тастап кетпеген шығар.

- Әрине, ағама бәрін түсіндіріп айттым. Ол Астанада сыныптасын тауып, маған бас-көз болшы деп қолқа салды. Сыныптасы маған екінші аға, әйелі жеңгем сияқты болып кетті ғой осы уақыт ішінде. Ай сайын ақша салып отыратын. Әлі де салып тұрады. Сөйтіп, уақыт жылжып кете барды. Ағамның досы тыныш жерден жұмыс тауып берді. Ай-күнім жақындағанша сол жерде жүрдім. Әйтеуір аман-есен, айтарлықтай қиыншылық болмай босандық қой. Мына ұлым дүниеге келді (баласының маңдайынан тағы да иіскеді).

- Жиенін көруге нағашы ата-апасы келді ме?

- Ия, босанды деген хабар естігенде бірден ұшып келді. Перзентханадан шығарып алды. «Үйге қайтайық, бөтен сияқты болма, бір шаңырақтың астында бәрімізге де орын бар» деді. Тағы да бас тарттым. Ауылымыз кішкентай, ел-жұрт баласының әкесі қайда деп сұрамай ма? Туыстарым не деп жауап береді? Артымнан ерген бауырым мен сіңілім мектепте ұялып жүреді ғой. Қазіргі жастарды білесіз ғой.

- Жалғыз қалудан қорықпадыңыз ба деп тағы сұрағым келіп отыр.

- Енді қорықтым. Еркін мен Гүлжанның үйіне тағы да барамын ба деп ойладым? (Еркін мен Гүлжан - ағамның досы мен оның әйелі) Оларға ренішім жоқ, қайта-қайта шақырды. Алайда оларға баруға ұялдым. Екеуі де жұмыс басты. Кішкентайым түнде жылап маза бермесе не істеймін? Ойланып-ойланып сіңілімді Астанада алып қалдым. Мектепте жазғы демалыс, үш ай бойы жанымда бол деп көндірдім. Жақындарым көмектесіп, бір бөлмелі пәтерді бірнеше айға ақшасын төлеп жалға алып берді. Не болса да, өзім көрейін деп, сіңілім мен жаңа туған нәрестемді алып сол жаққа бардым. Міне, тура бір жарым жыл өтті сол кезден.

- Балаңыздың әкесі соныменен жоқ болып кетті.

- Бағана айттым ғой, «Хан Шатырдағы» сол соңғы кездесуден кейін, мүлдем хабарсызбын одан. Мүмкін үйленген шығар, мүмкін басқа қыздардың басын айналдырып жүрген шығар. Маған қазір бәрібір. Бастысы баламның денсаулығы мен болашағы.

- Дұрыс-ақ. Тағы сұрағаныма айып етпеңіз. Нақтылап алайын дегенім ғой. Сіңіліңіз жаныңызда қалды. Ал жаз өтіп, күз басталғанда оны ауылға жібердіңіз бе?

- Әрине. Мектепке бару керек, оқу керек. Дәл сол кезде қатты қиналдым. Жалғыз басты ана деп жүреді ғой, осы сөздің мағынасын сол кезде ғана түсіндім. Туғандардан ай сайын ақша келіп тұрғанымен, өзім қол қусырып отыруға намыстандым. Жұмысқа шыға алмаймын. Бір амалды таптым. «Али экспресс» деген қытайлық компанияны естіген шығарсыз, интернет арқылы содан заттарға заказ беремін. Бірнеше аптада келеді. Соны алып Қазақстанда арнайы жарнамалық сайттарға салып қоямын. Бірнеше есе бағасын қойып сатамын. Мысалы, спиннерді 500 теңгеге тапсырыс беріп аламын. Осы жақта 3000-4000 теңгеге оп-оңай сатып жіберуге болады. Осы күнде дейін осылай алып-сатарлықпен айналысып, табыс тауып жүрген жайым бар. (күледі)

- Қызық екен.

- Енді не істеймін? Мемлекеттің жәрдемақысы бала бір жасқа толғанда тоқтап қалды. Үйдегілер жіберген ақша квартираға кетеді.

- Ия, шыныменде мемлекеттің көмегі тек бір жылмен ғана шектеледі ғой.

- Солай, дегенмен мемлекетке ешбір ренішім жоқ. Осындағы (Астанадағы) перзентхананы көріңіз бе? Күшті, аппараттары жаңа, УЗИ дейсіз бе, басқасы дейсіз бе, бәрі де бар. Босанғанда өздері бәрін де реттеп берді, құжаттарым дұрыс. Қалғаны өзімнің қателігімнен ғой...

- Болашақты ойлап, өзіңізше жоспарыңыз бар шығар.

- Мына баламды ойлап, күні-түні уайымдаймын. Қазір әлі кішкентай ғой, ертең есейе келе әкесін іздейді ғой. Не деймін? Әрине, кейде жоғарыда айтқан қытайдан келген тауарды сатып алған кейбір жігіттер қайта телефон соғып, кездесейік деп ұсыныс айтады. Оларға күлемін де қоямын. Қайта-қайта маза бермей жатса «бір балам бар, кездесіп, қыз-жігіт болып жүруге уақыт жоқ, шын ниетті болсаң бірден үйленейік» деп төтесінен айта саламын. Сол мезеттен ол да ғайып болады. Соны ойласам, күлкім келеді. Шынына келсек, мен де бақытты болғым келеді. Жанымда сүйген жарым, төрт-бес балам болса екен деп армандаймын. Құдайдың көзі түзу ғой. Тағдырымда маңдайыма маған тиесілі бір жігіт тұрған шығар. Соны күтумен жүрмін. Көреміз ғой.

- Біздің сайтымыздың оқырмандары түрлі жастағы адамдар. Ішінде жас қыздар да бар. Солар үшін айтар бір кеңесіңіз болса...

- Қыздарға да, жігіттерге де айтарым бар. Алдыменен қыздарға айтатын болсам, «сүйдім-күйдім» дегенге сене бермеңіздер. Әрине, шын махаббат бар. Мысалы, менің құрбым бар. Жігітпен жүрген, қыдырған. Аяғы ауыр болып қалғанда жігітіне айтқан ғой. Жігіті біраз ойланып, қашқалақтап, бірақ ақыр соңында үйленген. Қазір тату-тәтті тұрып жатыр. Аракідік телефонмен сөйлесіп тұрамыз. Жазда Астанаға келген. Бәріміз бірге Экспоға барып, бір демалып қайтқанбыз. Бірақ осындай мысалдар өте аз. Сондықтан қыз-жігіт болып жүрсең, алды-артынды бағамдап жүріңдер демекпін. Бүгінгі сүйгеніңді, ертең-ақ жек көріп кетуің мүмкін. Орыстардың бір керемет сөзі бар «От любви до ненависти только один шаг» дейді емес пе? Ал жігіттерге айтарым, қыздарды босқа қорламай-ақ қойыңдар. Бөтеннің қызыңа жасаған ісің, ертең өзіңнің қарындасына басқа біреу істесе қалай екен? Соны ойлап көріңіздерші.

- Ия, дұрыс айтасыз.

- Кейде бірақ бұндай кеңестер бекер ме деп қаламын. Адам өз басына келгеннен кейін ғана бәрін түсінеді екен. «Адам өз қателігінде ғана үйренеді» дейді ғой. Кезінде маған да айтты ғой, маған да талай ескертті ғой. Әлгімен басында жүріп жүргенде жұмыстағы қыздар «байқашы осыдан, түрі сенімсіз екен» деп ескерткен. Ол кезде кімді тыңдағанбыз. «Өзім білемдікке» салынып, енді осылай отырмыз.

- Айтпақшы, кезіндегі қызметтес әріптестеріңізбен хабарласып тұрасыз ба?

- Жоқ. Сол кезде қатты ұялдым. Жұмыстан шығып кеттім. Көптеген таныстарыммен байланысты үздім. Тек үш-төрт құрбым ғана қалды. Неге екенін түсіндіргім келмейді, сол істеу керек болды.

- Тағы айтарыңыз бар ма?

- Ия, ұмытып барады екенмін. Ешкім де алданып қалмасына кепіл емес. Егер аяқты шалыс басып, жігіттері айналып кетсе, қыздардың басар тауы, бара жері бар. Бүгінде көптеген ұйымдар бар, көптеген мекемелердің арнайы жобалары бар. Жалғыз басты жас аналарға көмектесетін арнайы орталықтар ашылған. Өзіңіздің және болашақ балаңыздың алдағы өміріне балта шаппаса екен деймін жас қыздар. Өмір осыменен бітіп қалмайды. Сәл шыдап, қиыншылықтарға бой бермесінші. Үйде отырып, интернеттен көптеген мәлімет таптым. «Дом мамы» деп алаталын үйлер барлық қалаларда бар. Соларға барып, кеңес сұрап, болашаққа үмітпен қарасын деп тілейміз. Бәрі де өтер кетер, барлық дүниенің байлығы өз балаңның бір күлгеліне, тіпті бір жымиғанына жетпейді. Осы уақытқа дейін осыны түсіндім.

- Әңгімеңізге рахмет. Алдағы уақытта тек жолыңыз болсын.

 

Әңгімелескен Рүстем Шахымұранұлы
arasha.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>