• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

АЙТМАТОВТЫ ІЗДЕЙМІЗ...

21 Ноябрь, 20172950


Әбубәкір Кердерінің мынандай толғамы бар: «Дос болмас сыртта жүріп мақтамаса, бірін-бірі жамаңдықтан сақтамаса».

Тәуелсіздіктің 25-26 жылында қазақ-қырғыздың достығына сызат түскен жоқ еді. Қандай қиындықта да бір-бірін сыйлап, өнеге тұтып, тіпті елбасшылары аға-ініндей бата мен ізетке мейірленіп жүретін.

Біз сонда ойлаушы едік: «Арғы аталарымыз қандай данышпан? Бізге достық пен туыстықтың алтын көпірін аманаттап кеткен» деп.

Бішкектен жеткен соңғы айғай-шу, арсы-гүрсі қимыл сол аманатқа қиянат жасап тұр. Мұның себеп-салдарын қырғыз халқы да, қазақ халқы да жақсы біледі.

Биліктен кеткен А.Атамбаев бұрын Қазақстан мен біздің Елбасы туралы не айтушы еді? «Гүлденген, берекелі ел... Біздің тұңғыш басшы Нұрсұлтан ағамдай болғанда ғой... Дамыған Қазақстан – біз үшін қашанда үлгі...» т.б. Кетерінде не деді? Айтуға, жазуға адам ұялады. Басқа-басқа, екі халық та аруақ десе тік тұрады, А.Атамбаев біздің аруақтарды күңірентті. Орыс тамыр мұны «кощунства» дейді.

Рас, «іріген ауыздан шіріген сөз шығады». Мұны бабалар мың жыл бұрын айтқан. Біз А.Атамбаев деңгейіне түспейміз. «Құдай тапсын!» дейміз...

Бәрімізді ойлантатыны: «Егер адамзаттың Айтматовы тірі болса, осы жағдайға қандай баға берер еді?» деген сұрақ.

Сөз жоқ, Шыңғыс ағамыз А.Атамбаев мысалында бүгінгі әлемдегі құтырынған ел басшылары туралы пәлсапалық эссе жазар еді. Бәлкім, оның атын «Басшың басшы ма?» деп қояр ма еді. Мүмкін «Батыс пен Шығыстағы көшбасшы портреті» деген атпен Ыстықкөл форумын өткізер ме еді?..

Осылай деп ойланамыз, осылай деп толғанамыз.

Қырғыз ағайын, қазақ туыс, біз неге Шыңғыс Айтматовты ұмыттық? Неге оның романдарын қайта оқымаймыз? А.Атамбаев оны оқыды ма екен? Оқыса, тоқыды ма екен? Тоқса, бекітті ме екен?.. Санаға, парасатқа!

Өткенде Ресейден шығатын бір газетті оқып қалдым. «Бішкек Айтматовты ұмытты» деген мақаланы. Мәселе бейіті мен оның күтімі туралы екен... Бірақ соны оқып қамықтым: «Шыңғыс Айтматов аруағы не күйде?» деп...

Жәкеңнің – Ж.Жабаевтың «Алатауды айналсам, Алғадайды табам ба?» дегеніндей, Алатауды айналсақ та, Ыстықкөлді шарласақ та, Айтматовты табамыз ба?

Дәл Атамбаевтар атойлаған заманда осы феномен көз алдымызға келеді.

Біз Айтматовты іздейміз. Біз Айтматовты табуымыз керек.

Бәрі Айтматов мұрасында тұр. Мәселенің түйіні де, шешімі де!

Айтматов аруағы бәрімізді жебесін, қиындықта демесін.

 

Жамбыл ТІЛЕП,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университеті

«Шаңырақ» студенттік театрының жетекшісі,

мәдениеттану магистрі

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>