• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Қырғыз телеарнасы инаугурациядан кейін қазақ-қырғыз қатынасын талқылады

26 Ноябрь, 201712030


...Сонымен кеше Қырғыз Республикасында елдің бесінші президенті Сауранбай Жиенбековті ұлықтау рәсімі өтті. Сарапшылар және қырғыз тележурналистері "Қырғызстанда бірінші рет билік бейбіт түрде беріліп,  еркін әрі баламалы түрде өткен президент сайлауының  нәтижесі ел аумағында толық мойндалды" деді. Алайда, осыдан алты жыл бұрын өтпелі кезеңдегі саяси әрекеттер мен ел тағдырына жауапты болған Роза Отымбаева ханым да ың-шыңсыз билікті Алмасбек Атамбаевтың құзырына тапсырған еді. Сондықтан Отымбаевның миссиясы заманауи қырғыз елінің тарихында ұмытылмауы керек шығар...

Хош, делік. Сөйтіп, электораттың 54 пайыз дауысын алған Сауранбай Жинебеков қызметіне кірісті. Ол елдің саяси элитасы мен халық алдында тұрып ант берді. Сөзін "Құдай" деп бастаған Жиенбеков мекендестерінің алдында арқашан ақ-адал болуға, қасық қаны қалғанша аянбай қызмет етуге уәде қылды. Сосын өзінің ел басшысы ретіндегі шағын бағдарламалық сөзін айтып, бірінші кезекте білімге баса назар аударатынын білдірді. Коррупциямен аяусыз күрес жүргізілетініне де екпін бере сөйледі. Орыспен, қытаймен, Орта Азия елдерімен тығыз қарым-қатынаста боламыз деді. Геосаяси, геоэкономикалық тұрғыдан алғанда қырғыз президентінің бұл талабы өте орынды екені даусыз. Сондай-ақ ол Еуропа елдерімен де, араб елдерімен де байыпты байланысымызды үзбейміз дегенді айтты. Бәрекелде!

Ал, Атамбаев болса, алты жылдың тарих пен ұлы уақыт үшін аз ғана мерзімідік сәт болғанымен өзі үшін үлкен кезең болғанын айтып толқыды.

- Мен сіздердің алдарыңызда толқып тұрмын, - деп сөйлеген экс-президент: "Алты жылда атқара алмаған істерім болса, кешіріңіздер", -деп ағынан ақтарылды. Сосын Сауранбай досына арнап бата берді.

Инаугурация толықтай дерлік қырғыз тілінде өтті.

Бесінші президенттің инаугурациясы аяқтала салысымен қырғыз телеарналары салтанатты рәсімді талқылауға көшті. Төмендегі бейнежазбада инаугурация жайы, ежелгі хан сайлау дәстүрі...сонымен бірге қазақ-қырғыз шекарасындағы қазіргі ахуал жөнінде сөз болды.

Abai.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>