• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

"Заңгер кеңесі". Полиция сіздің арызыңызға немқұрайлы қараса прокуратураға жүгінуге болады (сұрақ-жауап)

28 Ноябрь, 201714380


Құқықтың мемлекеттің басты шарттарының бірі заңнамалық нормалардың орындалуы. Сондықтан заң төңірегінде сұрақтар қашан да өзекті болмақ. Осы орайда, арнайы arasha.kz сайтымыздағы  «Заңгер кеңесі» атты айдарымызға келіп түскен сұрақтарға заңгер Олжас Мысыров жауап бермекші. 

Айша: Менің ұлымның велосипедің ұрлап кеткен еді. Полицияға арыз түсірсем де еш нәтиже болмады. Бірақ көршілерден күдіктеніп жүрмін. Дәл қазір мен не істей аламын?
Жауап: Алдын ала күдікті адамдардың қайсысы екенін өзіңізге білу қажет, одан кейін аумақ бойынша учаскелік полицияға жүгініп, онымен қоса сол күдікті адамға баруға тиіссіз. Полиция қызметкері сіздің арызыңызға немқұрайлы қараса прокуратураға арыз жазуыңызға болады. 

Айгүл: Кейде полиция қызметкерлері үйге келіп, біз жайлы ақпарат жазып кетеді. Сол кезде олардың үйге кіргізбей, тіпті есікті ашпауы ма болады ма? Яғни, қажетті ақпаратты есікті ашпай-ақ айтып берсем бола ма? Өйткені, үйде жалғыз болғандықтан қорқамын.
Жауап: Үйіңізге келген полиция қызметкерін  Конституцияның 6 бабында  мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады және Азаматтық кодекстің 188 бабының 6 тармағында Заң құжаттарында көзделген реттерде, жағдайлар мен шектерде меншiк иесi өз мүлкiн басқа адамдардың шектеулi түрде пайдалануына жол беруге мiндеттi делуіне байланысты нақты қандай мәселемен келгені жөнінде біліп алған жөн. Сонымен қатар,  «Учаскелік полиция пунктінің жұмысын ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторларының, учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1095 бұйрығында жеке тұлғалардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға күдіктілерді ізіне түсу кезінде, не сол жерде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасалды немесе жасалуда, жазатайым оқиға болды деп ұйғаруға жеткiлiктi деректер болған кезде, дүлей зілзалалар, апаттар, авариялар, эпидемиялар, эпизоотиялар және жаппай тәртiпсiздiктер кезiнде жеке тұлғалардың жеке басының қауiпсiздiгi мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн тұрғын және өзге де үй-жайларға, аумақтарға және жер учаскелерiне (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардан басқа) кедергiсiз кiреді, оларды қарап тексереді делінген осында көрсетілген жағдайлардың бір болған жағдайда олар сізден ақпарат алуға және кедергісіз кіргізуге міндеттісіз.    

Балауса: Өткенде сіңілімді жаяу адам жүретін жолда машина қағып кетті. Әрине, қатты зақым келмеді. Дегенмен абдырап қалдық. Осындай кездерге не істеуіміз керек? Алдыменен қандай іс-қимыл жауымыз керек еді? Жаман айтпақ жақсы жоқ дейді ғой, біліп жүрейік.
Жауап: Бұл Азаматтық кодекс моральдық зиянды өндіру бабы, яғни 951, 952 бабтар. Алдымен больницаға түскен болса медициналық сараптаманың қорытындысын күтіп, қандай дәрежедегі денсаулыққа зиян келтіргенін анықтау. Және де барлық дәрі дәрмектерге т.б. емделуге жұмсалған қаражаттардың чектерін сақтау қажет. Одан кейін адвокатқа жүгініп сотқа денсаулыққа келітірлген моральдық зиянды өндіру талап арызымен жүгіну, сол уақытта барлық жоғарыда айтылған құжаттарды тіркеп, өзіңізбен келтірілген зиянның сомасын көрсетесіз. 

Серік: Мен көп қабатты үйге тұрамын. Бірінші қабатта ремонт болып жатыр. Заң бойынша «тыныштық уақыты» қай кезде? Участковыйды шақырсам бірдеңе істей алады ма?
Жауап:  05.07.2014 жылғы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437 бабы бойынша сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн тыныштықты бұзған жағдайда жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Ал бір жыл ішінде қайталанған жағдайда  жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Учаскелік полиция қыметкерді немесе 102 хабарласып шақыруға құқығыңыз бар.

Жайна: Есіктің алдындағы балалар ойнайтын алаңда әлдебіреулер әрдайым балалардың әткеншектерін сындырып кетеді. КСК-ға айта-айта шаршадық. Полиция арызымды қабылдай ма?
Жауап: Өзіңіздің жергілікті учаскелік полицияңызға арыз жазыңыз. Арызыңызды қабылдайды. Соынмен қатар, тұрғын үй қатынастары туралы ҚР Заңына сәйкес тұрғын үй-құрылыс кооперативі (КСК) міндетіне техникалық жабдықтау, жылыту жүйелері, сумен жабдықтау, электр техникалық қолдау,үй аумағын тазалау, санитарлық жағдайды бақылау және әкімшілік қызметін жүргізеді.

Мақсат: Өткенде автобуста келе жатқанда біреудің қалтасынан әмияны жоғалып, келген полиция қызметкерлері бізді автобустан шығармай қойды. Сабақтан кешігіп қалдық. Ұрыс естідік. Мұғалімдер сенбеді. Сол полицияның дәл сондай құқығы бар ма жалпы?
Жауап. Бұл жерде әмиян ұрлау бойынша арыз түскен соң  Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы заңының 4,5,6 баптарына сәйкес полиция қызметкерінің автобустан шығармай қоюуға толықтай құқығы бар.

Қайрат: «Жол жүру ережесі» неге өзгере береді?
Жауап: Халық аралық стандарттарға, шарттарға байланысты және автожүргізушілердің түскен өтініштері бойынша өзгеріп отырады.

Ақмандай: Сот орындаушылары артық кетіп жатса не істеуге болады. Яғни, өзінің құқығын асырып жатса, қайда шағымдана аламыз? Алдын-ала рахмет.
Жауап: Егерде сот орындаушылары Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы ҚР заңдарында көрсетілген құзыртін асыра пайдаланған жағдайда 10 күн ішінде Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 8 бабына сәйкес сотқа арыз беруіңізге құқығыңыз бар. Сонымен қатар,  Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 240 быбы 7 тармағына сәйкес егер жауапкерден мерзімдік төлемдерді өндiріп алынатын шешiм заңды күшiне енгеннен кейiн төлемдердiң мөлшерiн анықтауға немесе олардың ұзақтығына ықпал ететiн мән-жайлар өзгерсе, тараптардың әрқайсысы жаңа талап қою арқылы мерзімді төлемдердiң мөлшерi мен мерзiмдерiн өзгертудi талап етуге құқылы.

Жандос. Мен үлкен дүкендерге барғанда қазақша сөйлеуін талап етемін. Кейбірлері талабымды орындайды. Бірақ кейбірлері орындауға бас тартады. Осы ретте заң тұрғысынан не істеуге болады?
Жауап. Конституция  14 бабы 2 тармағында  тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды және 7 баптың 2 тармағында Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады деп көрсетілген дей қай тілде сөлей ол адамның жеке құқығында. Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 жылғы 11 шiлдедегі заңының 11 бабында Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың азаматтардың өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары өтініш мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде берiледi деп көрсетілген. 

arasha.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>