• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Мұхтар Құл-Мұхаммед: Репрессия болмаса Алаш арыстары қазақ халқын әлемдік өркениет биігіне шығарар еді

02 Желтоқсан, 20173720


Мұхтар Құл-Мұхаммед: "Жиырмасыншы ғасыр басында патшалық Ресейді мекендеген түркі халықтары ішінде қазақ ұлтының өкілдері білімдарлық, қайраткерлік қабілеттерімен айрықша көзге түсті. Алашорда үкіметінің төрағасы болған Әлихан Бөкейхан Мәскеу мен Петербордағы орыс оқымыстылары мен демократиялық бағыттағы қайраткерлер арасында ерекше беделге ие болды.

Орталық Азия тарихында жарияланған тұңғыш демократиялық мемлекеттік құрылым – Түркістан автономиясын да Мұхамеджан Тынышпаев пен Мұстафа Шоқай сияқты Алаш арыстары кезектесе басқарды. Тіпті бұл автономия күшпен таратылып, оның орнына дүниеге келген Түркістан Кеңестік Республикасының басшылығында да Тұрар Рысқұлов пен Нәзір Төреқұлов сияқты қазақ қайраткерлері болды. Үркердей жарқыраған дәл осындай таланттар шоғырын сол кездегі Орта Азияның бірде бір ұлты шығара алған жоқ.

Әттең, репрессия зұлматы болмаса Алаш арыстары осыдан бір ғасыр бұрын-ақ қазақ халқын әлемдік өркениет биігіне шығарар еді. Бүгінгі ұрпақ осыны ұмытпауы керек. Қазақтың өткен тарихта кеткен есесін жаңа заманның талантты жастары толықтырады деп сенемін"

Дарынды жастарды партия қатарына қабылдау кезіндегі сөйлеген сөзінен 

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>