• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Жамбылдың ауыл шаруашылығында жағымды жаңалық көп

03 Желтоқсан, 20172960


Жер астындағы қазба байлықтар түбі бір таусылатыны, сарқылатыны анық. Ал жердің бетінен алынатын өнім қай заманда болсын халықты асырап келеді. Ауыл шаруашылығын асыраушы сала деп атайтыны да сондықтан. Соңғы жылдары үкімет тарапынан ауыл шаруашылығы саласына көрсетіліп жатқан қолдаулардың арқасында агроқұрылымдар жақсы жетістіктерге қол жеткізе бастағандай.

Жалпы, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бүкіл еліміздегі сияқты облысымыз да өтпелі кезеңнің өткелектерін бастан кешіріп, көптеген қиындықтарға тап болғаны белгілі. Дегенмен, жылдар өте келе түйінді мәселелер оң шешімін тауып, ел еңсесін тіктеу мақсатында жүргізілген жүйелі жұмыстар өз нәтижесін бере бастады. Әр салаға байланысты түрлі бағдарламалар қабылданып, жобалар жүзеге асырылып, ширек ғасыр ішінде орасан жетістіктерге қол жеткіздік. Мәселен, бір ғана ауыл шаруашылығы саласының кешегісі мен бүгініне көз жүгіртсек, айырмашылықтың жер мен көктей екенін аңғарарымыз анық. Әлбетте, мұның барлығы сол бір қиын-қыстау шақтарда «елім» деп езіліп», «жұртым» деп жұмылып, күндіз-түні дамыл көрмей еңбек ете білген сала мамандарының қажырлы еңбегінің жемісі екендігі сөзсіз.

Саланың бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігі жайлы облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұржан Нұржігітовтен сұраған едік

–Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан орасан қолдаулардың нәтижесінде асыраушы сала алшаң басып, облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлесін қосуда. Биылғы жылы саланы дамытуға республикалық және жергілікті бюджеттен барлығы 15,8 миллиард теңге бөлінді. Жыл басынан бері өндірілген өнімнің жалпы көлемі 182,2 миллиард теңгені немесе нақты индекс көлемі 103,6 пайызды құрады. Сондай-ақ, биыл қант қызылшасы алқабын 9,5 мың гектарға жеткіздік. Кеңес дәуірінде облыста 43 мың гектар қант қызылшасы егіліп, 946 мың тонна өнім алынған. Өткен жылы 5 мың гектар жерден 116 мың тонна қызылша жиналып, орташа өнімділігі 232 центнерді құрады. Биыл 180 мың тонна өнім жинап, одан 18 мың тонна қант шығару жоспарлануда.

Облыста үдемелі алма бақтардың аумағы өткен жылы 235 гектар құраса, биылғы жылы 325 гектарға жетті. Жалпы, 2020 жылға дейін үдемелі алма бақ алқаптарын 1 600 гектарға жеткізу жоспарлануда.

Қазіргі кезде блысымызда «Агропарк Тараз» индустриалдық аймағын құру инвестициялық жобасын іске асырылуда. Бұл жобаның басты мақсаты - облысымызда 1 500 гектар алқапқа үдемелі алма, жеміс, жидек бақтарын отырғызу. Жобаның жалпы құны 50 миллион АҚШ долларын құрайды.

2016 жылы су үнемдеу технологиясы 11 973 гектарға енгізілсе, ағымдағы жылы оның көлемі 15 мың гектарға жетіп, 25,5 пайызға артты. Ал, 2018 жылы су үнемдеу технологияларын 18 мың гектарға қолдану жоспарлануда.

Жыл сайын ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі де артуда. Биыл өндірілген өнімнің жалпы көлемі 83 миллиард теңгені немесе нақты индекс көлемі 104,4 пайызды құрады.

Облыста мал шаруашылығын дамыту бойынша да бірқатар ілгерінді жұмыстар атқарылуда. «Сыбаға» бағдарламасы арқылы биыл 2033 аналық бас сатып алынып, жоспар 90,4 пайызға орындалды.

Облыста 26 мың бас ірі қараны бордақылауға арналған 26 бордақылау алаңы жұмыс істеуде.

Өткен жылы бұл алаңдар 451 тонна сиыр етін экспортқа шығарды. Ағымдағы жылы сиыр етін экспорттау көлемін 500,0 тоннаға жеткізу міндеті белгіленген болса, бүгінгі күнде таза және қайта өңделген түрде 38,4 тонна сиыр еті және 221,0 тонна қой еті экспортталды.

«Алтын асық» бағдарламасы арқылы 18 413 бас қой сатып алынып, меже 123 пайызға орындалуда. «Құлан» бағдарламасы бойынша 925 бас жылқы сатып алынды және жылдық жоспар 185 пайызға орындалды

Ет кластерін одан әрі дамыту мақсатында облыста «Агрофирма Түрікпен» және малайзиялық «Агростан Фермс» серіктестіктері әрқайсысы 3 мыңнан 5 мың басқа дейінгі ірі қара мал бордақылайтын кешендерін соғу жұмыстарын қолға алып отыр.

Одан бөлек, Қордай ауданында жылына 732 тонна ет өндіретін «Первомайские деликатесы» кәсіпорны ашылды. Осылайша, келешекте ет өнімдерін экспорттау көлемі бірнеше есеге артады деп күтілуде.

Жыл басынан бері «ҚазАгро» ұлттық басқарушылық холдингі арқылы барлығы 1 776 несие алушыға 9,9 миллиард теңге қаржы берілді. Оның ішінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы 1 022 тұлғаға 5 001 307,0 мың теңге, «ҚазАгроқаржы» АҚ арқылы 98 тұлғаға 786 819 мың теңге, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы

293 тұлғаға 2 565 625 мың теңге несие қаражаты берілсе, 363 жобаға 1 554 484,0 мың теңге инвестициялық субсидия төленді.

Жалпы алғанда, атқарылып жатқан жұмыстарымыз аз емес. Алдағы міндеттердің де жүгі ауыр. Сондықтан, жан аямай еңбек етіп, табыс тайқазанын тасыта түсу мақсатында нәтижелі жұмыстарымызды жалғастыра беретін боламыз,– дейді Нұржан Молдиярұлы.

Алдияр Барысхан,

Жамбыл облысы

arasha.kz

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>