• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Жамбылда 281 азамат радикалды діни көзқарасынан қайтарылды

03 Желтоқсан, 20173260


Әлемде лаңкестік оқиғаларынан жас-кәрісіне, діні мен ұлтына қарамай қаншама бейкүнә жандар жапа шегуде. Соңғы жылдары алыс-жақын шет елдерде болып жатқан лаңкестік оқиғалар бізге де қамсыз отыруға болмайтынын ескерткендей. Өткен жылдары Тараз, Ақтөбе, Алматы қалаларында орын алған қайғылы жағдайлар сақтық шараларды күшейте түсу қажет екенін көрсетті.

Жамбыл облысы әкімдігінің дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушы маманы, бөлім басшысы Ерзат Жақыпов елімізде соңғы он жылда 21діни ұйымға тыйым салынғанын, оның ішінде Әулиеата өңірінде «Таблиғи жамағат» секілді бірнеше ұйымның кездесетінін айтады.

– Негізінен, әлемде үш дәстүрлі дін бар. Олар – ислам, христиан, будда. Ал діни ағымдар осы дәстүрлі діндерден бөлініп шыққан діни ілім немесе түрлі әлеуметтік топтардан құралған ұйымдар. Оларды деструктивті немесе тоталитарлы секта деп екіге бөліп қарауға болады. Деструктивті секта өзі бөлініп шыққан дәстүрлі діндерді мойындамайды. Олар мемлекеттің ішкі тұрақтылығына кері әсерін тигізетін топтар. Тоталитарлы сектаның басшылары көбіне заңға қайшы келетін қылмыстық әрекеттерге барып, қарапайым топ мүшелерінің саналарын түрлі монипулияциялық амалдармен улап, тоталитарлық жолмен бағындыруға тырысады. Жалпы, елімізде соңғы он жылда 21діни ұйымға тыйым салынған. Соның ішінде біздің өңірде кездесетіні «Таблиғи жамағат» секілді бірнеше ұйым бар. Қазіргі таңда сәләфтар да қоғамға қауіп төндіре бастады. Олар әдетте Отан қорғаудан, медициналық екпе егуден бас тартып жатады, – дейді Е.Жақыпов.

Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров елімізде экстремистік деп танылған «Таблиғи жамағаты» діни ұйымының іс-әрекеті көрші Қырғызстан елінде тыйым салынбауы, соның нәтижесінде ұйымның қайта белсенділік танытуы алаңдатып отырғанын айтты. - Облысымызда діни экстремизм мен терроризм көріністеріне қарсы жұмыстар екі бағытта жүргізілуде. Бірінші бағытта, өткен жылы облыс басшысының бастамасымен діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған өңірдегі діни ахуалды тұрақтандыру бойынша облыстық іс-шаралардың желілік кестесі әзірленді. Құқық қорғау органдарымен бірлесіп, деструктивті діни ағымдардың ықпалына ұшыраған азаматтарды оңалту және

қоғамға бейімдеу жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті полиция қызметі тарапынан Тараз қаласы мен аудандарда аула кезу, жалдамалы пәтер пайдаланушы азаматтарды есепке алу шаралары барысында діни бағыты белгісіз, күдік тудыратын азаматтардың тізімі жасақталып, әкімдіктерге тұрақты ұсынылуда. Бүгінгі күнге дейін 672 азаматтың тізімі жасақталып, оның ішінде, 346 азаматтың әлеуметтік портреті қалыптастырылды. Оған сәйкес, азаматтар мен олардың отбасы мүшелеріне әлеуметтік, психологиялық көмектер мен діни-құқықтық тұрғыдан оңалту және кеңес берілуде. Бүгінде 12 азамат жұмысқа орналастырылып, Ханафи мазхабына қайтарылды. Ал деструктивті діни көзқарасы анық азаматтармен оңалту жұмыстарын жүргізу мақсатында, өткен жылдың қазан айында басқарманың жанынан «Оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ашылып, кадрлық құрамы дінтанушы, теолог, психолог және заңгер мамандарымен жасақталды. Жүргізілген оңалту жұмыстарының нәтижесінде 281 азамат радикалды діни көзқарастарынан қайтарылды. Интернет сайттар мен әлеуметтік желілерде де жұмыстар тұрақты жүргізіліп, оған мешіт имамдары тартылуда. Өткен жылы 201 күдікті сілтеме анықталып, оның 74-іне тосқауыл қойылған болатын. Биыл 948 күдікті сілтеме анықталып, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетіне дінтану сараптамасына жолданды,- дейді Ж.Омаров.

Алдияр Барысхан,

Тараз қаласы

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>