• warning: Declaration of views_handler_filter::options_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter::options_submit(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler::options_submit($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_boolean_operator::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_filter_boolean_operator.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_filter_term_node_tid::value_validate(&$form, &$form_state) should be compatible with views_handler_filter::value_validate($form, &$form_state) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/modules/taxonomy/views_handler_filter_term_node_tid.inc on line 0.
  • warning: Declaration of views_handler_argument::init(&$view, &$options) should be compatible with views_handler::init(&$view, $options) in /home/arashakz/old.arasha.kz/sites/all/modules/views/handlers/views_handler_argument.inc on line 0.

Жамбылдық сексен отбасы солтүстікке қоныс аудармақшы

03 Желтоқсан, 20172810


Елімізде оңтүстіктегі облыстар тұрғындардың тығыздығы жағынан көш басында тұр. Халық көп орналасқан жерде жұмыс табу, баспана алудың да машақаты аз болмасы анық. Осыған орай, еңбек нарығын жаңғырту мақсатында еңбеккерлерді артық жұмыс күші бар өңірлерден жұмыс күші жетіспейтін облыстарға ұтымдылықпен тартуға қолдау көрсету мақсатында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына арнайы тармақ енгiзiліп, бұл мәселенi шешудiң оңтайлы жолдары қарастырылған болатын. Міне, осы бастама негізінде бүгінде Жамбыл облысынан солтүстікке қоныс аударып, тұрмыстарын тіктеп отырған отбасылар аз емес.

Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы берген мәліметке сүйенсек, 2014 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен Жамбыл облысы әкімдігінің арасында меморандумға қол қойылған екен. Нәтижесінде, 2014 жылы 2 отбасы, 2015 жылы 5 отбасы шығысқа қарай бет алып, Риддер қаласына қоныстанған. Олар мемлекеттік қолдау шараларымен толық қамтылып, жұмысқа орналастырылған. Ал, өткен жылы осы бағдарлама аясында өңірімізден Солтүстік Қазақстан облысына 3 отбасы көш түзеген. Олар да тұрғын үй және жұмыспен қамтылып, балалары мектеп пен балабақшаларға алынған. Сонымен қатар, барлық отбасыға субсидия төленген. Осылайша, 2014-2016 жылдар аралығында барлығы 10 отбасыдан құралған 41 адам өзге өңірлерден өріс тапқан.

Ал, биылғы жылы қолға алынған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» 3-ші бағыты бойынша жоба одан әрі жалғасын тауып отырған жайы бар. Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Сейдахмет Сейітбековтың айтуынша, есепті кезеңде 31 отбасынан құралған 128 адам Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударған екен.

-Жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарының арқасында бағдарламаға қатысушылардың саны биыл айтарлықтай өсті. Атап айтсақ, Қордай ауданынан 17 отбасы бірдей көшсе, Шу ауданынан – 6, Тараз қаласынан – 4 және Жамбыл мен Т.Рысқұлов аудандарынан 2 жанұядан қоныс аудару туралы өтініш түсті. Қазір жерлестеріміз Солтүстік Қазақстан облысының

Мамлют, Аққайың, Есіл, Тайынша, Айыртау, Тимирязев, Шал ақын және Ш.Уәлиханов аудандарында тұрып жатыр. Көшіп барған жамбылдықтардың басым бөлігі шаруашылықпен айналысып жатса, тағы бір тобы жеке серіктестіктерде, аудандық емханада, балабақша, мектеп, әуежайда еңбек етуде. Сондай-ақ, тігін цехын ашып, жеке кәсіпкерлікпен айналысып жатқандары да бар. Бүгінде Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарына қоныс аудару бойынша тұрғындардың арасында кең көлемде насихат жұмыстары жүргізілуде. Қала және ауыл халқы арасында бағдарламаны жан-жақты түсіндіруге арналған 6000-ға жуық парақшалар таратылды. Бұдан бөлек, шілде айында Солтүстік Қазақстан облысынан екі топ делегация келіп, ерікті қоныс аударушылармен еркін форматта әңгімелесті. Ал, қыркүйек айының басында Тараз қаласында солтүстік өңірлердің өкілдерінің қатысуымен «Өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» ұйымдастырылып, оған 1000-нан аса адам қатысса, қазір 80 отбасы қоныс аударуға ниет білдіріп отыр. Міне, осы азаматтармен біз жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз,- дейді басқарма басшысының орынбасары.

Иә, бұл жанға жылу беретін жаңалық екені сөзсіз. Бір жылдары «Серпін» бағдарламасы бойынша жастар өзге өңірлерге арман арқалап, білім қуып барған болатын. Алайда, өткен жылдан бастап бұл бағдарлама тек Астана мен Алматы қалаларында жүзеге асатын болып шешіліп, солтүстіктегі облыстармен байланысымыз үзілгендей көрінген. Дегенмен, биыл жаңаша түрленіп жанданған жоба осылайша тың мүмкіндіктерге жол ашып отыр.

Алдияр Барысхан,

Тараз қаласы

<a href="http://shynyrau.kz/"><img class="aligncenter size-full wp-image-21146" alt="Оян, НАМЫС" src="http://shynyrau.kz/wp-content/uploads/2016/10/158439b9b38296a975e34e92e247d9dc.gif" width="702" height="134" /></a>